daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Усть-Каменогорске қаласындағы Флоксимед Көз Тамшылары 0,3% 5 Мл | Е.И.П.И.Ко.

Усть-Каменогорске қаласындағы Флоксимед Көз Тамшылары 0,3% 5 Мл | Е.И.П.И.Ко.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Е.И.П.И.Ко.

Өндіруші ел:

Египет

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, маннитол, мұзды сірке қышқылы, натрий ацетаты тригидраты, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,3%

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Микроорганизмдердің ципрофлоксацинге сезімтал штамдарынан туындаған мөлдір қабықтың ойық жараларын, көздің және оның қосалқыларының беткейлік инфекцияларын емдеу үшін.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға назар аудару қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- ципрофлоксацинге және хинолондық қатардың басқа да препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препарат тек көзге қолдануға арналған. Инъекция үшін қолдануға немесе жұтуға болмайды.

Анамнезінде құрамында хинолондар немесе фторхинолондар бар препараттарды қабылдаумен байланысты ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы байқалған пациенттерде Флоксимед препаратын қолданудан аулақ болу керек. Мұндай пациенттерді Флоксимед препаратпен емдеудң емнің баламалы нұсқалары болмағанда ғана және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін бастау керек.

Хинолондармен жүйелі ем қабылдайтын пациенттерде күрделі және кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар) байқалатыны хабарланған, кейбіреулері бірінші дозаны қабылдаған соң болған. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр коллапсымен, естен танумен, шаншумен, көмей немесе беттің ісінуімен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрген. Пациенттердің аздаған бөлігінде ғана анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған.

Ципрофлоксацинге аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары клиникалық көрсетілімдерге сәйкес оттегілік емді, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуді қоса, дереу шұғыл емдеуді қажет етуі мүмкін.

Препаратты қолдануды тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа да белгілері алғаш пайда бола салысымен тоқтату керек.

Ципрофлоксацинді ұзақ уақыт қолдану, бактерияға қарсы кез келген басқа да препараттар сияқты, оған сезімтал емес бактерия штаммдарының немесе зеңдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Асқын инфекция пайда болған кезде тиісті емдеуді жүргізу керек.

Ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондармен жүйелі ем кезінде, әсіресе егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда сіңірлердің қабынуы және үзілуі мүмкін. Осылайша, сіңір қабынуының алғашқы белгілерінде препаратпен емді тоқтату керек.

Тендинит пен сіңірдің үзілуін, алдымен ахиллес сіңірін, кейде екі жақты болатындығын, хинолондармен және фторхинолондармен ем басталғаннан кейін 48 сағат ішінде, сондай-ақ оны тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде байқауға болады. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, паренхиматозды ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі пациенттерде және кортикостероидтармен ем қабылдаған пациенттерде тендинит пен сіңірдің үзілу қаупі артады. Сондықтан кортикостероидтарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Тендиниттің алғашқы белгілері пайда болған кезде (мысалы, ауырсынатын ісіну, қабыну), Флоксимед препаратын пайдалануды тоқтату және баламалы емдеу туралы мәселені қарастыру керек. Аяқ-қол зақымданған кезде, тиісті емдеуді жүргізу (мысалы, иммобилизация) қажет. Тендинопатия белгілері дамыған кезде, кортикостероидтарды пайдаланбаған жөн.

Флоксимед препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттерге ауырсыну, күйдіріп-ашу сезімі, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары дамыған кезде, емді жалғастыру мүмкіндігі және потенциалды қайтымсыз зақымданудың дамуының алдын алу туралы мәселені шешу мақсатында дәрігермен кеңесу керектігі туралы хабарлануы тиіс.

Көзге тамызатын дәріні қолданғанда, препараттың мұрын-жұтқыншаққа түсу қаупін ескеру керек, бұл бактериялық резистенттіліктің пайда болуына және таралуына ықпал етуі мүмкін.

Мөлдір қабықтың ойық жарасы бар пациенттерде ципрофлоксацин көзге тамызатын дәрісін жиі қолданған кезде ақ преципитат (препарат қалдықтар) байқалды, бұл препаратты одан әрі қолданған кезде жоғалып кетті. Преципитаттың пайда болуы препаратты тоқтатуды қажет етпейді, сонымен қатар жазылу үдерісіне теріс әсер етпейді.

Көз инфекцияларын емдеу кезеңінде жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды. Сондықтан пациенттерге препаратты қолдану кезінде жанаспалы линзаларды (қатты немесе жұмсақ) тақпауды ұсыну керек.

Флоксимед препаратының құрамында бензалконий хлориді бар, ол көздің тітіркенуін және жұмсақ жанаспалы линзалардың түссізденуін туындатуы мүмкін.

Жанаспалы линзаларды пайдаланған кезде оларды көзге тамызатын дәріні қолданғанға дейін шешу және инстилляциядан кейін 15 минут өткен соң тағу керек.

Көзге тамызатын дәрінің инстилляциясынан кейін жүйелі абсорбцияны азайту үшін қабақты 2 минут бойы жабық күйінде ұстап тұру және жас арнасының аймағын саусақпен 2 минут бойы басу ұсынылады.

Ирит дамуы мүмкін.

Әр пайдаланғаннан кейін препараты бар құтыны жабу қажет. Тамызғыштың ұштығын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттардың көзге тамызатын дәрі түріндегі ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесуіне спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Ципрофлоксациннің жергілікті қолданған кезде жүйелі концентрациясы төмен болатындықтан, басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Егер көзге бір мезгілде бірнеше препаратты тамызса, оларды қолдану арасында кемінде 5 минут күте тұру керек. Көз жақпамайларын соңында қолдану керек.

Көзге тамызатын дәрі түріндегі ципрофлоксацин сілтілік ерітінділермен үйлесімсіз.

Сілтілік ерітінділермен үйлесімсіз.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрия

Флоксимед көзге тамызатын дәрі препаратының құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, оны 8 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер шектеулі. Ципрофлоксациннің жүйелі экспозициясы жергілікті қолданғаннан кейін елеусіз болады деп күтілуде.

Емдік артықшылығы шарана үшін потенциалды қауіптен жоғары жағдайларды қоспағанда, сақтық шарасы ретінде препаратты жүктілік кезінде қолданудан аулақ болған жөн.

Лактация кезеңі

Пероральді қабылдаған кезде ципрофлоксацин емшек сүтіне бөлінеді. Көзге тамызатын дәрі түрінде жергілікті қолданған кезде ципрофлоксациннің емшек сүтіне бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Емшек еметін бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе емді тоқтату туралы шешім қабылдағанда, емшек емізудің бала үшін пайдасы және ана үшін емнің пайдасын ескеру керек.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді немесе елеусіз ықпал етеді.

Көрудің уақытша бұлыңғырлануы немесе басқа көру бұзылулары автокөлікті жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Егер инстилляция кезінде көрудің уақытша бұлыңғырлануы пайда болса, пациент автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарудың алдында көру қалпына келгенше күте тұруы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.

Препараттың сипаттамаларын ескере отырып, жергілікті қолданған кезде артық дозаланғанда немесе құтының ішіндегісін кездейсоқ жұтып қойған кезде, уытты әсерлер күтілмейді.

Жергілікті қолдану кезінде артық дозаланғанда препаратты жылы ағын сумен көзден шығаруға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Препаратты қолдану дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы керек.

Шығарылу түрі

Сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған, бұрандалы қорғаныс қалпақшасы бар тығын-тамшылатқышы бар пластик құтыға 5 мл препарат құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препаратты қолдану кезеңі 28 күннен аспайды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФлоксимед көз тамшылары 0,3% 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.82/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
1
4
star
0
5
star
10
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
30 Апреля 2024
Комментарий: Без лишних слов, быстро и качественно! Молодцы!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 Марта 2024
Комментарий: Хорошие капли, маме помогли.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
5 Марта 2024
Комментарий: Раньше всегда брали эти капли, но сейчас они как-будто некачественные, нет эффекта от лечения.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Сентября 2023
Комментарий: Отлично помогает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
14 Августа 2023
Недостатки: Было бы хорошо, если бы была возможность забрать через постомат
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Января 2023
Достоинства: Использовали комплексно для лечения отита. Эффект отличный.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
21 Декабря 2022
Комментарий: У ребёнка гноились глаза, капли справились за один день.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Ноября 2022
Комментарий: Хороший препарат. Нам прописал врач отоларинголог, был гнойный отит. На второй день гноя стало меньше.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Сентября 2022
Комментарий: При конъюнктивите помогает хорошо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Августа 2022
Комментарий: Плюсы: Недорогая стоимость.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Июля 2022
Достоинства: Очень хорошо помогает при конъюнктивитах

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube