Показания к применению
кальций тапшылығымен қатар жүретін жай-күйлерде
остеопороз емінде қосымша дәрі ретінде
кальций тапшылығымен қатар жүретін жай-күйлерде
остеопороз емінде қосымша дәрі ретінде
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия
- несеп-тас ауруы
- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі
- тромбоздарға бейімділік
- саркоидоз
- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау (аритмияның пайда болу қаупі)
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
- дегидратация
- электролиттік бұзылулар (гиперкальциемия даму қаупі)
- диарея
- мальабсорбция синдромы
- кальцийлік нефроуролитиаз (анамнезде)
- елеусіз гиперкальциурия
- орташа созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- кең таралған атеросклероз
- гиперкоагуляция
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Холестираминнің ықпал етуімен кальцийдің асқазан-ішек жолынан сіңуі төмендейді. Хинидинмен бір мезгілде қолданған кезде қарыншаішілік өткізгіштік бәсеңдеуі және хинидиннің уыттылығы жоғарылауы мүмкін. Кальций глюконатын және тетрациклиндерді бір мезгілде қолданғанда соңғысының әсері олардың сіңуінің азаюына байланысты төмендеуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болғанда дәрігердің бақылауы қажет.
Арнайы ескертулер
Кальций препараттарын жүрек аурулары бар пациенттерге абайлап тағайындау керек. Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе, балаларда тағайындағанда қандағы кальций мөлшерін, кальцийдің несеппен экскрециясын мұқият бақылау керек. Егер қандағы кальций деңгейі 2,625–2,75 ммоль/л мөлшерінен асып кетсе немесе егер несеппен кальций экскрециясы 5 мг/кг-ден артық болса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Кальций емі кезінде D дәруменін көп тұтынбау керек.
Анамнезінде мардымсыз гиперкальциурия, шумақтық сүзіліс төмендеуі немесе нефролитиаз бар науқастарға тағайындау сақтықпен және несептегі кальций мөлшерінің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Нефролитиаз даму қаупін төмендету үшін мол сұйықтық ішуге кеңес беріледі.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде кальций глюконатын болжамдалған емдік әсері шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана сақтықпен тағайындауға болады. Лактация кезеңінде қолдану өте қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетін дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Кальций глюконаты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

10 таблеткадан полимерлі жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен пішінді ұяшықсыз қаптаманы картоннан жасалған топтық қорапқа салынады.
Құрғақ жерде, +15 ºС-ден +25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.