daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Усть-Каменогорске қаласындағы Candifix Капсулалары 150 Мг №1 | АРАФАРМА ГРУП С.А.

Усть-Каменогорске қаласындағы Candifix Капсулалары 150 Мг №1 | АРАФАРМА ГРУП С.А.
Сипаттама:

Ақ түсті мөлдір емес қақпағы және ақ түсті мөлдір емес корпусы бар, № 0, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі ақ түсті гомогенді ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

АРАФАРМА ГРУП С.А.

Өндіруші ел:

Испания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, бұрынғы иленген крахмал, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин.

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Дәрілік түрі:

150 мг капсулалар

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат - 150 мг флуконазол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, бұрынғы иленген крахмал, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты

қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин.

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде мыналарды емдеу мақсатында қолданылады:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазивті кандидоз

- шырышты кандидоз, оның ішінде ауыз жұтқыншақ, өңеш кандидозы; кандидурия, созылмалы тері-шырыш кандидозы

- ауыз қуысының жеткіліксіз гигиенасында немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғандағы тіс протезін пайдалануға байланысты ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы

- жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз, жергілікті емдеу мүмкін болмағанда

- кандидоздық баланит, жергілікті ем қолданылмайтын болғанда

- дерматомикоздар, табан, аяқ, дене микоздарын қоса, түрлі-түсті теміреткі және тері кандидоздары, жүйелі емдеу көрсетілген кезде

- тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттарды қолдануға болмайтын кезде

Ересек пациенттерде профилактика мақсатында қолданылады:

- қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары

- олардың қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекцияланған пациенттерде ауыз жұтқыншақ және өңеш кандидозының қайталанулары

- қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар) азайту

- ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялар профилактикасы (мысалы, химиялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік діңді жасушалар трансплантациясы жасалған пациенттерде).

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер:

− шырышты қабықтың кандидозы (ауыз және жұтқыншақ, өңеш шырышты қабықтары), инвазивті кандидоз, криптокококкты менингит

- иммунитет тапшылығы бар пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасы

- қайталану қаупі жоғары балалардағы криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде

Емдеу бактериологиялық және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін тағайындалуы мүмкін, алайда, бұл нәтижелер белгілі бола салысымен, инфекцияға қарсы емді алынған нәтижелерге сәйкес түзету керек.

Қарсы көрсеткіштер

- флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне, құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық

- тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозада ұзақ қолдану аясында терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын немесе Р450 цитохромының (CYP3A4 изоферменті) қатысуымен метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, амиодарон, хинин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Арнайы нұсқаулар

Бүйрек

Кандификсті бүйрек функциясы бұзылған пациенттер абайлап қабылдауы керек.

Қант диабеті

Қант диабеті бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолданған жөн.

Гепатобилиарлық жүйе

Кандификс, әдетте, қатар жүретін күрделі ауруы бар пациенттерде, өліммен аяқталатын жағдайды қоса, гепатоуыттылықтың ауыр жағдайлары дамуының сирек жайттарымен байланысты. Флуконазолдың әсер етуімен байланысты гепатоуыттылық дамыған жағдайда тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттің жынысымен немесе жасымен айқын байланысы болған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылық әсері әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды.

Флуконазолмен емдеу үдерісінде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері қалып шегінен шығып кететін пациенттер бауырдың өте күрделі зақымдануының дамуы тұрғысында мұқият тексерілуі керек.

Пациентке бауырға ауыр әсердің дамығанын көрсететін симптомдар (астенияның күрделі түрлері, анорексия, жүректің үнемі айнуы, құсу және сарғаю) жөнінде мәлімдеген жөн. Флуконазолмен емдеуді дереу тоқтату керек. Пациент дәрігерге тексерілуі тиіс.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Флуконазолды қоса, кейбір азольді заттарды қолдану электрокардиограммада QT аралығының ұзаруына әкелді. Постмаркетингтік бақылау үдерісінде Кандификс қабылдаған пациенттерде QT аралығы ұзаруының және екі бағыттық ұршық тәріздес қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары байқалды. Мұндай жағдайлар жүректің құрылымдық ауруы, электролиттер теңгерімінің бұзылуы және бейімдегіш фактор болуы мүмкін бір мезгілде емдеу сияқты көптеген күшейтетін факторлары бар пациенттерде орын алды.

Кандификсті осындай проаритмогендік бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен енгізген жөн. QT аралығын ұзартатын және P450 (CYP) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Галофантрин

Галофантринді емдік дозаларда енгізген кезде QTc аралығын ұзартатыны және CYP3A4 үшін субстрат болып табылатыны байқалды. Флуконазолды және галофантринді бір мезгілде енгізу ұсынылмайды.

Кандификс капсуласының құрамында лактоза бар, сондықтан оларды сирек туа біткен галактоза жақпаушылығының, лактоза жеткіліксіздігінің немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының проблемалары бар науқастарға оларды тағайындамау керек.

Дерматологиялық реакциялар: флуконазолды қолданған кезде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакцияларының дамығаны жөнінде сирек мәлімделді. ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер көптеген дәрілік заттарды қабылдаған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына көбірек бейім келеді. Егер беткейлік зеңдік инфекциясы бар пациентте, сірә, флуконазолды қолданумен астасқан бөртпелер пайда болса, препаратты әрі қарай қабылдауды тоқтатқан жөн. Егер инвазивті/жүйелік зеңдік инфекциялары бар пациенттің терісінде бөртпелер пайда болса, оның жағдайын мұқият бақылау керек, ал буллездік бөртпелер немесе мультиформалы эритема дамыған жағдайда флуконазол қолдануды тоқтатқан жөн.

Аса жоғары сезімталдық: сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны жөнінде мәлімделді.

Р450 цитохромы: флуконазол СYР2С9 ферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің тежегіші болып табылады. Флуконазолды және СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 қатысуымен метаболизденетін, емдік ауқымы үлкен емес препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын бақылап отырған жөн.

Терфенадин: терфенадиннің және флуконазолдың тәулігіне 400 мг-ден азырақ дозаларын бір мезгілде қабылдағанда пациенттің жағдайын мұқият бақылау керек.

Ұрпақ өрбіту функциясы, жүктілік және лактация:

Алғашқы триместр ішінде бір рет немесе көп рет енгізілген флуконазолдың стандартты дозасымен (тәулігіне <200 мг) емделуден өткен бірнеше жүздеген жүкті әйелдерден алынған деректерге талдау жүргізгенде флуконазолдың шаранаға жағымсыз ықпалы байқалған жоқ. Анасы кокцидиоидоздан 3 және одан көбірек ай бойы флуконазолдың жоғары дозаларымен (тәулігіне 400-800 мг) емделген, жаңа туған балаларда туа біткен көптеген даму кемістіктері (брадифренияны, құлақтың дисплазиясын, үлкен еңбектің ұлғаюына, ұршық буындарының қисаюын және кәрі жілік пен иықтың тұтасып кетуін қоса) жөнінде мәлімделді. Флуконазолды қабылдау мен осы құбылыстар арасында өзара байланыс нақты емес.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде тұқым өрбіту функциясына уытты әсері байқалды.

Жүктілік кезеңінде флуконазолдың стандартты дозаларын және қысқа мерзімдік емін тек айқын қажеттілік жағдайларында ғана қабылдаған жөн.

Жүктілік кезеңінде флуконазолдың стандартты дозаларын және ұзақ мерзімдік ем жүргізуді өмірге қатер төндіретін инфекцияларды емдеген жағдайда ғана қолданған жөн.

Лактация кезеңі

Флуконазол емшек сүтіне өтеді және плазмадағы концентрациялар деңгейіне қарағанда төмен деңгейге жетеді. Флуконазолдың бір реттік стандартты 200 мг деңгейіндегі дозасын немесе аз дозасын қабылдағаннан кейін емшек емізуді жалғастыруға болады. Екінші қабылдаудан кейін немесе флуконазолдың жоғары дозасын қабылдағаннан кейін емшек емізуді жалғастыру ұсынылмайды.

Фертильділік

Флуконазол фертильділікке ықпалын тигізген жоқ.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне Кандификс препаратының ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Алайда бас айналу немесе құрысулар туындайтын болғандықтан, автомобильді басқару және механизмдерді пайдалану ұсынылмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Флуконазолдың тәуліктік дозалары зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына байланысты. Препаратты қайталап қолдануды қажет ететін инфекцияларда, емдеуді белсенді зеңдік инфекцияның клиникалық немесе зертханалық белгілері жоғалғанға дейін жалғастыру керек. Емді мезгілінен бұрын тоқтату инфекцияның қайталануына әкеліп соғуы мүмкін.

Препаратты тамақ ішуге байланыссыз тағайындайды, капсулаларды бүтін күйінде жұту керек.

Ересектер

Артық дозалану

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі (елестеулер, параноидальді мінез-құлық).

Емі: симптоматикалық: асқазанды шаю, жеделдетілген диурез. Гемодиализ 3 сағат ішінде плазмадағы концентрацияны шамамен 50%-ға төмендетеді.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 1 капсуладан.

Пішінді 1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыCandifix капсулалары 150 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube