Показания к применению
- инсульт және оның салдары;
- бассүйек-ми жарақаты және оның салдары;
- мидың дегенеративті және тамырлық бұзылыстарынан туындаған когнитивті, сезімтал және қимыл-қозғалыс неврологиялық бұзылулары
- инсульт және оның салдары;
- бассүйек-ми жарақаты және оның салдары;
- мидың дегенеративті және тамырлық бұзылыстарынан туындаған когнитивті, сезімтал және қимыл-қозғалыс неврологиялық бұзылулары
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Цитиколин L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА) әсерін күшейтеді.
Центрофеноксинмен және құрамында меклофеноксат бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Егер дәрілік заттарды қолдану кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрілік препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүкті әйелдерде цитиколинді қолдану туралы деректер жеткіліксіз.
Жүктілік кезінде нақты қажеттіліксіз НЕЙРОКСОН тағайындалмауы тиіс. Препаратты қолдануға күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайларда ғана жол беріледі.
Лактация кезінде НЕЙРОКСОН тағайындалған кезде әйелдер бала емізуді тоқтатуы керек, өйткені цитиколиннің әйел сүтімен бөлінуі туралы мәліметтер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
НЕЙРОКСОН препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмады.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған, баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.