daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Усть-Каменогорске қаласындағы Пражестан Капсулалары 100 Мг №30 | Laboratorios Leon Farma S.A.

Усть-Каменогорске қаласындағы Пражестан Капсулалары 100 Мг №30 | Laboratorios Leon Farma S.A.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Жұмыртқа тәрізді пішінді, ақ дерлік түсті, жұмсақ желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ дерлік түсті қою суспензия.

Международное наименование:

Прогестерон

Производитель:

Laboratorios Leon Farma S.A.

Страна производитель:

Испания

Действующее вещество:

қосымша заттар: арахис майы, соя лецитині капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин 99 %, титанның қостотығы (Е 171)

Дозировка активного вещества:

100 мг

Лекарственная форма:

Капсулалар 100 мг, 200 мг

Количество в упаковке:

30 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Прогестерон тапшылығы жағдайларында.

Пероральді енгізу жолы

Гинекологиялық:

Прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылулар:

- етеккір алдындағы синдром

- дизовуляциямен немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы

- қатерсіз мастопатиялар

- пременопауза

- менопаузаны емдеу (эстрогенотерапияға қосымша)

- лютеин жеткіліксіздігі салдарынан болған бедеулікте.

Акушерлікте:

- Түсік қаупінде немесе расталған лютеин жеткіліксіздігіне байланысты дағдылы түсіктердің алдын алу үшін

- Мерзімінен бұрын босану қаупінде

Қынаптық енгізу жолы

- гипофертильділік, ішінара немесе тотальді лютеин жеткіліксіздігімен (дизовуляция, in vitro ұрықтандыру барысында лютеинді фазаны демеу, ооциттер донорлығы) байланысты біріншілік немесе екіншілік бедеулікте

- ерте түсік қаупі немесе лютеиндік жеткіліксіздікпен байланысты дағдылы түсіктің алдын алу үшін

- жүктіліктің 16 және 24 аптасы аралығында өлшенген жатыр мойны қысқа ≤25 мм қауіп тобындағы әйелдерде мерзімінен ерте босанудың (аменореяның 18 және 26 аптасы) профилактикасы үшін.

Противопоказания

- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне аса жоғары

сезімталдық

- тромбоздарға бейімділік, флебит немесе тромбоэмболиялық аурулардың

жедел түрлері

- бассүйекішілік қан құйылу немесе анамнезінде осы

жағдайлардың/аурулардың болуы

- жыныс жолдарынан шығу тегі белгісіз қан кету

- толық емес аборт

- порфирия

- сүт бездері мен жыныс мүшелерінің анықталған немесе күдікті қатерлі

жаңа түзілімдері

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Келесі жағдайларда сақтықпен қолданады:

- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары

- артериялық гипертензия

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі

- қант диабеті

- бронх демікпесі

- эпилепсия

- бас сақинасы

- депрессия

- гиперлипопротеинемия

Меры предосторожности

Келесі жағдайларда сақтықпен қолданады:

- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары

- артериялық гипертензия

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі

- қант диабеті

- бронх демікпесі

- эпилепсия

- бас сақинасы

- депрессия

- гиперлипопротеинемия

Взаимодействие

Менопаузаны эстрогендермен гормональді емдеуде прогестеронды цикл барысында кем дегенде 12 күнге тағайындау керек.

Басқа препараттармен бір мезгілде қолдану прогестерон метаболизмінің күшеюін және препарат әсерінің өзгеруін туындатуы мүмкін.

Төмендегілермен осындай жағдайлар болады:

- барбитураттар, эпилепсияға қарсы препараттар (фенитоин), рифампицин, фенилбутазон, спиронолактон және гризеофульвин сияқты бауыр ферменттерінің индукторларымен (бұл препараттар бауыр деңгейінде метаболизмнің жоғарылауын туындатады)

- кейбір антибиотиктер (ампициллиндер, тетрациклиндер) ішек микрофлорасында өзгерістерді туындатады, олардың салдары энтерогепатикалық стероидтық циклдың өзгеруі болып табылады.

Прогестагендер глюкоза жағымдылығының төмендеуін туындатуы мүмкін, осының салдарынан диабетпен науқаста инсулинге немесе диабетке қарсы басқа препараттарға қажеттілікті жоғарылату керек.

Прогестеронның биотиімділігі темекі шегетін пациенттерде және алкогольді шамадан тыс қабылдағанда төмендеуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Пражестан ұрықтануға қарсы дәрі болып табылмайды.

Емдеу берілген ұсынымдарға сәйкес жүргізілуі қажет.

Егер емдеу курсы етеккір оралымының басында, әсіресе оралымның 15-ші күніне дейін, тым ерте басталса, оралымның қысқаруы немесе қан кету дамуы мүмкін.

Жатырлық қан кету жағдайында препаратты оның себебін анықтағанша (мысалы, жатыр қуысын тексеру) тағайындауға болмайды.

Толығымен жоққа шығару мүмкін емес тромбоэмболиялық және метаболизмдік қауіп себебінен, төмендегі жағдайлар болған жағдайда, қабылдауды тоқтату керек:

- көру бұзылулары (көрмей қалу, көзге қос көріну, торқабық

қантамырларының зақымдануы)

- тромбоэмболиялық веналық немесе тромбоздық асқынулар (олардың

орналасуына байланыссыз)

- қатты бас ауыруы.

Анамнезде тромбофлебит болған жағдайда пациент әйел мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Емдеу барысында аменорея байқалған жағдайда жүктіліктің жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.

Өздігінен болатын ерте аборттың 50% астамы генетикалық асқынулардан туындаған. Прогестеронды дәрігердің ұсынысы бойынша тағайындау сары дененің секрециясы жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады.

Пражестан препаратының құрамында соя лецитині бар және аса жоғары сезімталдық реакциясын (есекжем және анафилаксиялық шок) туындатуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік кезінде, соның ішінде алғашқы апталарында Пражестанды қолдану қарсы көрсетілмеген.

Прогестеронның емшек сүтіне түсуі жеткілікті зерттелмеген, осыған байланысты емшек емізу кезінде оны тағайындамаған дұрыс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарының жүргізушілері және механизмдермен жұмыс жасайтын адамдар осы препараттарды пероральді қолданумен байланысты ұйқышылдық және/немесе бас айналуының даму қаупіне көңіл бөлуі керек. Капсулаларды ұйықтар алдында қабылдау аталған салдарлардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Автокөлік басқару және жоғары зейінділік пен психомоторлық реакция жылдамдығын талап ететін, қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту керек.

Специальные указания

Пражестан ұрықтануға қарсы дәрі болып табылмайды.

Емдеу берілген ұсынымдарға сәйкес жүргізілуі қажет.

Егер емдеу курсы етеккір оралымының басында, әсіресе оралымның 15-ші күніне дейін, тым ерте басталса, оралымның қысқаруы немесе қан кету дамуы мүмкін.

Жатырлық қан кету жағдайында препаратты оның себебін анықтағанша (мысалы, жатыр қуысын тексеру) тағайындауға болмайды.

Толығымен жоққа шығару мүмкін емес тромбоэмболиялық және метаболизмдік қауіп себебінен, төмендегі жағдайлар болған жағдайда, қабылдауды тоқтату керек:

- көру бұзылулары (көрмей қалу, көзге қос көріну, торқабық

қантамырларының зақымдануы)

- тромбоэмболиялық веналық немесе тромбоздық асқынулар (олардың

орналасуына байланыссыз)

- қатты бас ауыруы.

Анамнезде тромбофлебит болған жағдайда пациент әйел мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Емдеу барысында аменорея байқалған жағдайда жүктіліктің жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.

Өздігінен болатын ерте аборттың 50% астамы генетикалық асқынулардан туындаған. Прогестеронды дәрігердің ұсынысы бойынша тағайындау сары дененің секрециясы жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады.

Пражестан препаратының құрамында соя лецитині бар және аса жоғары сезімталдық реакциясын (есекжем және анафилаксиялық шок) туындатуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік кезінде, соның ішінде алғашқы апталарында Пражестанды қолдану қарсы көрсетілмеген.

Прогестеронның емшек сүтіне түсуі жеткілікті зерттелмеген, осыған байланысты емшек емізу кезінде оны тағайындамаған дұрыс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарының жүргізушілері және механизмдермен жұмыс жасайтын адамдар осы препараттарды пероральді қолданумен байланысты ұйқышылдық және/немесе бас айналуының даму қаупіне көңіл бөлуі керек. Капсулаларды ұйықтар алдында қабылдау аталған салдарлардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Автокөлік басқару және жоғары зейінділік пен психомоторлық реакция жылдамдығын талап ететін, қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту керек.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Пероральді енгізу жолы

Орташа алғанда дозасы күніне 1 немесе 2 қабылдауға бөлінген 200-300 мг прогестеронды құрайды, яғни, кешкілік ұйықтар алдында 200 мг және қажет болса, таңертең 100 мг.

Вагинальді енгізу жолы

Орташа алғанда дозасы күніне 200 мг прогестеронды құрайды (яғни, 200 мг-ден 1 капсула немесе 2 қабылдауға бөлінген 100 мг-ден екі капсула). Дозаны пациент әйелдің реакциясына байланысты арттыруға болады.

Енгізу тәсілі және жолы

Пероральді және вагинальді.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күніне 2 рет, таңертең және кешке қолданылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы мен дозасы нақты қолдану көрсетіліміне байланысты.

Пероральді енгізу жолы

Лютеин жеткіліксіздігінде (етеккір алдындағы синдром, етеккір оралымының бұзылуы, пременопауза, қатерсіз мастопатиялар): емді әр оралымда 10 күн бойы жүргізу ұсынылады, әдетте 17-ден 26-шы күнді қоса.

Менопаузаны емдеуде: жекелей эстрогенотерапия жүргізу ұсынылмағандықтан, прогестеронды әрбір емдеу курсының соңғы екі аптасында қосады, одан кейін ұзақтығы бір аптаға жуық кез келген орын басатын емді тоқтату керек, сол кезде іркілу қан кетуі байқалуы мүмкін.

Мерзімінен бұрын босану қаупі: жедел фаза ішінде алынған клиникалық нәтижелеріне байланысты әрбір 6-8 сағат сайын 400 мг прогестерон, содан кейін демеуші дозада (мысалы, 200 мг-ден күніне 3 рет) жүктіліктің 36-шы аптасына дейін.

Вагинальді енгізу жолы

Ішінара лютеиндік жеткіліксіздікте (дизовуляция, етеккір оралымының бұзылуы): емді оралымдағы 10 күн ішінде жүргізу ұсынылады, әдетте 17-ден 26-шы күнге дейін, күніне 200 мг прогестерон есебінен.

Лютеиндік фазаның толық жеткіліксіздігімен бедеулікте (ооциттер донорлығы): прогестерон дозасы ауысу оралымының 13-ші және 14-ші күндері 100 мг прогестеронды, содан кейін оралымның 15-ші күнінен 25-ші күніне дейін таңертең және кешке 100 мг прогестеронды құрайды. Жүктіліктің бастапқы сатысы жағдайында, 26-шы күннен бастап доза күніне 100 мг прогестероннан ең жоғарысы үш қабылдауға бөлінген күніне 600 мг прогестеронға дейін арттырылады. Осы дозалануды 60-шы күнге дейін сақтау керек.

Іn vitro ұрықтандыру жағдайында лютеиндік фазаны демеуде емді ауысқан күннің кешінен бастап, таңертең, түсте және кешке үш қабылдаумен 600 мг прогестерон есебінен жүргізу керек.

Түсік қаупі немесе лютеин жеткіліксіздігіне байланысты дағдылы түсіктің алдын алу кезінде орташа дозасы жүктіліктің 12-аптасына дейін күніне екі қабылдауға 200-400 мг прогестерон болып табылады. Капсула қынап ішіне терең енгізілуі тиіс.

Жатыр мойны қысқа әйелдерде мерзімінен бұрын босанудың алдын алу үшін дозасы жүктіліктің 20-дан 34 аптасына дейінгі кезеңде ұйықтар алдында кешке күніне 200 мг құрайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі артық дозалануын білдіреді.

Олар препарат дозасын азайтқан кезде өздігінен жоғалады.

Анамнезінде тұрақсыз эндогендік секреция болған кейбір пациенттерде прогестеронның әдеттегі дозасы шектен тыс көп болуы мүмкін және препаратқа ерекше сезімталдықпен немесе өте төмен қатарлас эстрадиолемиямен көрініс беруі мүмкін.

Емі: дозаны азайту немесе прогестеронды он күн бойы кешке ұйықтар алдында тағайындау. Ұйқышылдық немесе өтпелі бас айналуы жағдайында емдеуді бастауды оралымның кейінірек мерзіміне ауыстыру (мысалы, 17-ші күннің орнына 19-шы күнге) керек. Оралым қысқарған немесе жағынды қанды бөлініс жағдайында, пременопаузада және менопаузаның орын басатын гормональді емінде эстрадиолемияның жеткілікті екендігін тексеру керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Сипатталмаған.

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Сипатталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, препаратты қолдану тәсілі бойынша емдеуші дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Форма выпуска

Алюминий фольгадан және PVC-PE-PVDC үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 15 капсуладан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

30 ° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл (100 мг доза үшін).

2 жыл (200 мг доза үшін).

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаПражестан капсулалары 100 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
...loading

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube