daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Усть-Каменогорске қаласындағы Синупрет Ішуге Арналған Тамшылар100 Мл | Bionorica AG

Усть-Каменогорске қаласындағы Синупрет Ішуге Арналған Тамшылар100 Мл | Bionorica AG
Сипаттама:

Мөлдір немесе сәл бұлыңғыр, сарғыш-қоңыр түсті, хош иісті иісі бар сұйықтық. Сақтау кезінде аздап бұлыңғырлануы немесе шөгінді түзілуі мүмкін.

Өндіруші:

Bionorica AG

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы риносинуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер).

Қарсы көрсеткіштер

- дәрілік препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- маскүнемдік, эпилепсиядан зардап шегетін адамдар және бауыр ауруы бар пациенттер (құрамында алкоголь болғандықтан, «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі осы уақытқа дейін белгісіз.

Арнайы ескертулер

Синупрет® тамшылары құрамында 19% спирт бар. Синупрет® тамшылары құрамында спирт болғандықтан, маскүнемдіктен зардап шегетін пациенттерге, сондай-ақ алкогольге қарсы ойдағыдай ем жүргізілгеннен кейін қабылдауға болмайды. 

Препарат құрамында алкоголь барын дәрілік затты ұсынылғанынан асатын дозаларда қабылдаған жүкті немесе бала емізетін әйелдер, балалар және жоғары қауіп тобындағы, мысалы бауыр аурулары немесе  эпилепсиясы бар пациенттер ескеруі тиіс.  

Сақтау барысында аздаған бұлыңғырлануға немесе шөгінді түзілуіне жол беріледі. Бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға ескерту

Синупрет® тамшылары құрамында есептелетін көмірсулардың тиісті мөлшері жоқ.

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Синупрет® тамшыларын емдеуші дәрігер жүктілік кезеңінде қауіп пен пайданы мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау тиіс.  

Лактация (бала емізу) кезеңінде препаратты осы кезеңде қолдану жөніндегі деректердің болмауына байланысты қабылдауға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұсынылған дозаларда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Шығарылу түрі

100 мл препараттың жоғары жағында тамшылататын дозалағыш құрылғысы, бұрандалы қақпағы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын күңгірт шыныдан жасалған құтыларда. 

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады. 

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бүктемелі картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Усть-Каменогорск қаласындағы «Синупрет ішуге арналған тамшылар100 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

0800160024003200400018-0223-0228-025-0310-0315-0320-0325-0330-034-049-0414-0419-0424-0429-044-059-0514-0519-0524-0529-053-068-0613-0618-06
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСинупрет ішуге арналған тамшылар100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3110

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 43

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Усть-Каменогорске:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3153

3110

43

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруНұсқаулықСатып алу мәліметтеріУсть-Каменогорск қаласындағы «Синупрет ішуге арналған тамшылар100 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube