Показания к применению
Табанның зең инфекциясы (Tinea pedis)
Табанның зең инфекциясы (Tinea pedis)
-тербинафинге немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Тек сыртқа қолдануға арналған. Кремді көзге тигізбеңіз. Егер крем кездейсоқ көзге тиген жағдайда препаратты кетіріп, көзді таза сумен жақсылап жуу қажет .
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Кремнің құрамында терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, контактілі дерматит) қосымша цетостеарил спирті бар.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға тербинафинді жергілікті қолдану туралы жеткілікті клиникалық деректер болмағандықтан, оны осы жастағыларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде қолдану туралы клиникалық деректер жоқ, сондықтан ана үшін күтілетін емнің оң әсері шарана үшін әлеуетті қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда, қолдану ұсынылмайды.
Тербинафин емшек сүтімен бөлінеді, бірақ жергілікті қолданған кезде белсенді заттың аз мөлшерін сіңіруге байланысты жаңа туған нәрестеге әсер етуі екіталай. Препаратты бала емізетін ананың кеудесі терісіне жағуға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Крем инфекция жұққан аймаққа және оның айналасындағы аймаққа тәулігіне1-2 рет жеңіл ысқылаумен, жұқалап жағылады. Аяқ бақайлары арасындағы интертригинозды инфекциялар кезінде, әсіресе түнге қарай зақымданған аймаққа дәке тампон салуға болады. Ем тиімді болу үшін зең инфекциясының сыртқы көзін жою маңызды. Клиникалық жақсару емнің бірнеше күнінен кейін байқала бастайды. Дәрі-дәрмекті тұрақты қолданбау немесе емді мерзімінен бұрын тоқтату аурудың қайта басталуына себеп болуы мүмкін.
Егер ауру симптомдары 2 апта ішінде кетпесе, дәрігерге жүгіну қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларға тербинафинді жергілікті қолдану туралы жеткілікті клиникалық деректер болмағандықтан, оны осы жастағыларға қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны таңдау қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Теріге қолдануға арналған. Препаратты қолдану алдында терінің зақымданған аймағын мұқият тазалап жуып, кептіру керек. Кремді терінің инфекция жұққан аймағына және оған жақын жерлерге жеңіл ысқылай отырып, жұқалап жағу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың көрсеткіштері мен ауырлығына байланысты.
Ең ықтимал емдеу курсы-2-4 апта.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану туралы деректер жоқ. Препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда ас қорыту жолы жағынан жүйелі жағымсыз реакциялар (жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, іштің ауыруы және іш өту) және бас ауыруы пайда болуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық ем.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажет болатын шаралар
Егер дәрілік препаратты қолдану уақытын өткізіп алсаңыз, оны есіңізге түскен кезден бастап қолдана беріп, кейінгі қолдануды әдеттегі тәртіп бойынша жалғастырыңыз. Егер дәрілік препараттың келесі қолдану уақыты жақындап қалған болса, кремді әдеттегідей жағып, келесісін нұсқаулықта көрсетілгенге сәйкес жалғастырыңыз. Өткізіп алған дозаны алмастыру мақсатында қос дозаны бірден жағуға және кремді күніне 2 реттен артық қолдануға болмайды. Кремді қолданудың белгіленген уақытын сақтау маңызды, себебі, оны өткізіп алу инфекцияның қайта басталу қаупін арттыруы мүмкін.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігермен, фармацевтика қызметкерімен немесе мейірбикемен кеңесіңіз.
15 г-ден мойнында қорғаныш алюминий жарғақшасы және полиэтилен немесе полипропиленнен жасалған бұрандалы бушондағы жарғақшаны тесуге арналған конус тәрізді құрылғысы бар ішкі беткейі лакпен қапталған алюминий сықпада. Сықпа қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
25 °С аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.