Показания к применению
- цереброваскулярлық аурулармен байланысты когнитивті бұзылуларды симптоматикалық емдеуде. Емдеуді бастар алдында қантамырлық емес сипаттағы дегенерациялық ауруды (мысалы, Альцгеймер ауруы) жоққа шығару керек.

- препараттың компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүрек ырғағының айқын бұзылуы, жүректің ишемиялық ауруы
- геморрагиялық инсульттің жедел сатысы
- таяуда болған ми инсульті
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға;
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Жүрек аритмиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет; мүмкіндігінше QT аралығы ұзартылған пациенттерде Винпоцетинді, 5 мг таблетканы қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл пациенттерде қарыншалық аритмия қаупі жоғары; гипотензивті препараттарды немесе QT аралығын ұлғайтатын препараттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану; анамнезінде басқа винкалкалоидтарға көтере алмаушылығы бар пациенттерге, сондай-ақ бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет.
Q-T аралығының ұзартылған симптомы болған кезде немесе Q-T аралығының ұзаруын туындататын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданған кезде ЭКГ-ны бақылау ұсынылады.
18 жасқа дейінгі балаларда винпоцетинді қолдану бойынша клиникалық зерттеулердің жеткілікті саны жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Винпоцетинді бета-адреноблокаторлармен (хлоранололмен, пиндололмен), клопамидпен, глибенкламидпен, дигоксинмен, аценокумаролмен немесе гидрохлоротиазидпен бір мезгілде қолданғанда қандай да бір өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Сирек жағдайларда альфаметилдопамен бірге қолданғанда әлсіз адъювантты әсерлер туралы хабарланды, сондықтан осы біріктірілімде артериялық қысымды тұрақты бақылау ұсынылады.
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын деректердің болмауына қарамастан, ОЖЖ, аритмияға қарсы және антикоагулянттық әсері бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Винпоцетиннің құрамында лактоза моногидраты бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Винпоцетин тағайындауға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Винпоцетин 5 мг таблеткалары реакция жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл көлікті және машиналық жабдықтарды басқаруға жағымсыз әсер етеді. Әсіресе алкогольмен бірге дәрі-дәрмекті қолданған кезде.

Дозалау режимі
Дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң қолданыңыз. Ересектерге: ішке қабылдау үшін, күніне 3 рет 1-2 таблеткадан, 30 күн бойы, одан әрі 2 ай бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан. Препаратты ұзақ қабылдаудың ықтимал артықшылықтары белгісіз.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда Винпоцетинді қолдануға болмайды.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, таблеткаларды тамақтану кезінде шайнамай қабылдау керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау және негізінен кардио-респираторлық функцияларды қолдауға бағытталған симптоматикалық емдеу.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
25 таблеткадан ПВХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Жарықтан қорғалған жерде, 15-30 ºC температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.