Показания к применению
Шығу тегі әртүрлі неврологиялық ауруларда:
невриттер, невралгиялар, полинейропатияларда (диабеттік, алкогольдік)
түбіршектік синдромда
ретробульбарлық невритте
бет жүйкесі зақымдануында
Шығу тегі әртүрлі неврологиялық ауруларда:
невриттер, невралгиялар, полинейропатияларда (диабеттік, алкогольдік)
түбіршектік синдромда
ретробульбарлық невритте
бет жүйкесі зақымдануында
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылулары
жүктілік және бала емізу кезеңі
12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Витаксон® препараты тек бұлшықет ішіне (б/і) енгізіледі, ешқандай жағдайда вена ішіне (в/і) қан ағымына енгізілмейді, өйткені препараттың құрамындағы лидокаин жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Венаға кездейсоқ түскен жағдайда пациентті дәрігер бақылауы немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
В1 дәрумені. Тиамин құрамында сульфиттері бар ерітінділерде толығымен ыдырайды. Басқа дәрумендердің В1 дәруменінің ыдырау өнімдерінің қатысуымен белсенділігі жойылады (темір иондарының төмен концентрациясы бұл белсенділік жойылудың алдын алады).
Тиамин тотықтырғыш заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбитонымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлеспейді. Мыс тиаминнің ыдырауын тездетеді; сонымен қатар, тиамин рН мәндерінің жоғарылауымен (3-тен жоғары) өз әсерін жоғалтады.
В6 дәрумені. В6 дәруменінің емдік дозалары леводопаның тиімділігін әлсіретуі мүмкін, сол сияқты леводопа В6 дәруменінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді. Изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, адреналинмен, норадреналинмен, пиридоксин әсерін төмендететін сульфонамидтермен өзара әрекеттесу байқалады.
В12 дәрумені. Цианокобаламин тотықтырғыш заттармен және ауыр металдардың тұздарымен үйлеспейді, тиамин тудыратын аллергиялық реакцияларды күшейте алады. Рибофлавин, әсіресе жарықтың әсерінен деструктивті әсер етуі мүмкін. Никотинамид фотолизисті күшейтеді, ал антиоксиданттар бұл үдерісті тежейді.
Лидокаинді парентеральді енгізу кезінде эпинефринді немесе норэпинефринді бір мезгілде қабылдау жүрекке жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін.
Сондай-ақ сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі байқалады.
Жергілікті анестетиктермен артық дозаланған жағдайларда эпинефринді немесе норэпинефринді қосымша енгізуден аулақ болу керек.
Пиридоксин құрамында леводопа бар препараттармен үйлесімсіз, өйткені бір мезгілде қолданған кезде леводопаның шеткері декарбоксилденуі күшейеді және осылайша оның паркинсонға қарсы әсері төмендейді.
Тиамин тотықтырғыш және қалпына келтіргіш қосылыстармен үйлесімсіз: сынап хлориді, йодид, карбонат, ацетат, танин қышқылы, темір-аммоний-цитратымен, сонымен қатар натрий фенобарбиталы, рибофлавин, бензилпенициллин, глюкоза және метабисульфитпен, өйткені осылардың қатысуымен оның белсенділігі жойылады. Мыс тиаминнің ыдырауын тездетеді; сонымен қатар, тиамин рН мәндерінің жоғарылауымен (3-тен жоғары) өз әсерін жоғалтады.
В12 дәрумені ауыр металдардың тұздарымен үйлесімсіз.
Арнайы ескертулер
Препаратты алты айдан астам ұзақ уақыт бойы қолданғанда нейропатия туындатуы мүмкін.
Препараттың доза бірлігі (2 мл) құрамында 1 ммольден (23 мг) кем натрий бар.
Педиатрияда қолдану
Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік кезінде В1 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы екінші триместрде 1,2 мг, үшінші триместрде 1,3 мг; В6 дәрумені – төртінші айдан бастап 1,9 мг; В12 дәрумені – 2,6 мкг құрайды. Жүктілік кезінде дозаны арттыру B1 және B6 дәрумендерінің тапшылығы расталған жағдайда ғана мүмкін болады, өйткені ұсынылған тәуліктік дозадан асатын дозаларды қолдану қауіпсіздігі әлі дәлелденген жоқ.
Бала емізу
Лактация кезеңінде В1 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы 1,3 мг, ал В6 дәрумені 1,9 мг құрайды.
B1, B6 және B12 дәрумендері емшек сүтіне енеді.
В6 дәруменінің жоғары дозалары сүт өндірілуін тежеуі мүмкін.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде B1, B6 және B12 дәрумендерінің ауыр тапшылығы жағдайында қолдану туралы шешімді емдеуші дәрігер ғана және пайдасы мен қаупін мұқият бағалағаннан кейін қабылдайды.
Фертильділік
Фертильділік бойынша деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Витаксон® препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Арнайы сақтық шаралары қажет емес.
Симптомдары: бас айналуы, аритмия, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Симптомдар пайда болса, емдеуді тағайындау үшін дәрігерге жүгіну керек.
Балалар
Препаратты кездейсоқ қолданған жағдайда емдеуді тағайындау үшін дәрігерге жүгіну керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
2 мл препараттан сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар қоңыр түсті шыны ампулаларға құйылған. Ампулаларға өздігінен желімденетін заттаңбалар жапсырылады.
5 немесе 10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған қосымшасы бар картон қорапшаға салынған.
5 ампуладан полимерлі үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Ампулаларымен 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында, 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от