Қолдану көрсеткіштері
Флуконазол Santo «зеңге қарсы препараттар» деп аталатын дәрілік препараттар тобына жатады. Препараттың әсер етуші заты – флуконазол.
Флуконазол Santo зеңдер туғызған инфекцияларды емдеуге пайдаланылады, сондай-ақ кандидозды инфекциялар профилактикасында қолдануға болады. Зеңді инфекцияларға ең көп жиі себеп болатын — Candida деп аталатын ашытқылы зеңдер.
Ересектер
Дәрігер Сізге зеңді инфекциялардың келесі түрлерін емдеу үшін осы препаратты тағайындай алады:
криптококкты менингит — мидың зеңді инфекциясы
кокцидиоидомикоз — бронх-өкпе жүйесінің ауруы
Candida тектес зеңдер туғызған және қан ағымынан, ішкі ағзалардан (мысалы, жүрек, өкпе) немесе несеп шығару жолдарынан табылған инфекциялар
шырышты қабық кандидозы — ауыз қуысының, тамақтың шырышты қабығын зақымдайтын, сондай-ақ протез стоматитін туғызатын инфекция
жыныс ағзаларының кандидозы — қынап немесе пенис инфекциясы
тері инфекциялары — мысалы, табан микозы, құрғақ теміреткі, шап эпидермофитиясы, тырнақ инфекциясы.
Сонымен қатар Флуконазол Santo препаратын:
- криптококкты менингиттің қайталамалы инфекциясын болдырмау
- шырышты қабықтың қайталамалы кандидозын болдырмау
- қынаптық кандидоз қайталануларының жиілігін төмендету
- Candida тектес зеңдер туғызған инфекцияның дамуын болдырмау үшін (егер иммундық жүйе әлсіресе және тиісті үлгіде жұмыс істемесе) тағайындауға болады.
Дәрігер Флуконазол Santo препаратын бактериологиялық және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелері белгілі болғанша тағайындауы мүмкін. Алайда, осы нәтижелер белгілі болғаннан кейін дәрігердің тиісті түзету енгізуіне болады.