Қолдану көрсеткіштері
- барлық типті вульвовагиниттер мен цервиковагиниттер
- гинекологиялық хирургияда операцияға дейін- және кейін емдеу
- барлық типті вульвовагиниттер мен цервиковагиниттер
- гинекологиялық хирургияда операцияға дейін- және кейін емдеу
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне немесе химиялық құрамы жағынан ұқсас заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Ауыр тері реакциялары
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) емдеу кезінде күрделі тері реакция жағдайлары өте сирек байқалған, олардың кейбіреуі эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролизді қоса өлімге әкелуі де мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болу қаупі пациенттерде емнің бастапқы сатысында көп кездеседі (алғашқы айда). Құрамында ибупрофен бар дәрілік заттарды қолданумен байланысты жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) дамуы туралы хабарланды. Гиненорм қынаптық ерітіндісін қолданған кезде сіңуі өте төмен деңгейде болғандықтан, іс жүзінде оның жүйелі әсері болмайды. Олармен бірге тері бөртпелері, шырышты қабықтардың қабынуы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері пайда болған жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтату және дәрігерге қаралу ұсынылады.
Дәрілік затты жергілікті, әсіресе ұзақ қолдану асқын сезімталдық реакциясының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциясы пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтату және тиісті емдік шараларды жүргізу үшін дәрігерге қаралу қажет.
Клиникалық симптоматиканың жоғалып кетуін болдырмас үшін препаратты спецификалық сияқты спецификалық емес әртүрлі вульвовагиниттердің асқынған және ауыр түрлерін емдеу үшін қолданудың қажеті жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат 16 жасқа дейінгі қыз балаларға қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Клиникаға дейінгі зерттеу барысында, өзіне фармакологиялық қауіпсіздік зерттеуін қоса (сонымен қатар - ұрпақ өрбітуге уыттылық, гендік уыттылық, канцерогендік және созылмалы уыттылық жөніндегі зерттеулер), адам үшін зерттелетін заттардың болжамды қаупі анықталмаған. Сонымен бірге, жүкті әйелдердің қатысуымен кең масштабты клиникалық зерттеулердің жоқтығына байланысты Гиненорм қынаптық ерітіндісін жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Қосымша заттар
Препарат құрамында қосымша заттардан басқа консервант ретінде парагидроксибензоат бар, жүйелі аллергиялық реакция туралы хабардың жоқтығына қарамастан аллергиялық реакцияның (кейде мерзімі ұзартылған), сондай-ақ – терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін пропиленгликоль себепшісі болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гиненорм автомобиль жүргізу және механизммен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Осы нұсқаулықта айтылмаған кез келген жағымсыз әсерлердің пайда болуы туралы, емдеуші дәрігер немесе жұмыс жасап жүрген фармацевт міндетті түрде хабардар болуы тиіс.

Дозалану режимі
Дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, күніне 1 немесе 2 қынаптық бүркіп шаю.
Қолданған кезде ерітінді бөлме температурасында немесе жылы болуы мүмкін (бұл үшін ерітіндісі бар құтыны қысқа уақытқа ыстық ағын судың астына қою ұсынылады).
Емдеу ұзақтығы 3-тен 7 күнге дейінді құрайды.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат қынаптық қолдануға арналған.
Өте сирек (<1/10000)
- Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролизді қоса, буллездік реакциялар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- фотосезімталдық реакциялары
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS синдром) дәрілік реакция
100 мл препараттан жоғары және төменгі тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған қақпағы бар төменгі тығыздықтағы полиэтилен құтыға құйылған. Әр құтыға желімді заттаңбаны жапсырады.
5 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынған.
Стерильді канюлялар поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға жеке қапталған.
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден