Қолдану көрсеткіштері
Кешенді ем құрамында:
- әр түрлі этиологиядағы жедел және созылмалы гепатиттерде (оның ішінде инфекциялық аурулар кезінде)
- гепатотропты улармен улануда (бозғылт арамқұлақ, химиялық және дәрілік заттармен)
- бауыр циррозында
- бауыр энцефалопатиясында
- орташа және ауыр дәрежедегі жедел алкогольді уыттануда
- жүктіліктің III триместріндегі асқынуларда (кешеуілдеген гестоз, оның ауыр түрлері – преэклампсия мен эклампсияны қоса, фетоплацентарлық жеткіліксіздік, жүкті әйелдердегі гепатобилиарлық жүйенің созылмалы патологиялары)