Қолдану көрсеткіштері
тұрақты стенокардия (кернеу стенокардиясы)
- вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы, нұсқалық стенокардия)
- эссенциальді артериялық гипертензия
тұрақты стенокардия (кернеу стенокардиясы)
- вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы, нұсқалық стенокардия)
- эссенциальді артериялық гипертензия
-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- нифедипинге жоғары сезімталдық
- дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық
- кардиогенді шок
аорта сағасының айқын стенозы
тұрақсыз стенокардия
миокард инфарктісінің жедел кезеңі (алғашқы 4 апта ішінде) миокард инфарктісінің қайталама профилактикасы үшін тағайындалмайды
рифампицинді бір мезгілде қабылдау
бауыр жеткіліксіздігі
анамнезінде асқазан-ішектің бітелуі, өңештің бітелуі немесе асқазан-ішек жолы саңылауының диаметрі кез келген дәрежеде азайған пациенттер.
Кокк резервуары бар пациенттер (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома).
ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы бар пациенттер.
жүктілік және лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамында лактоза бар)
Нифедипинге әсер ететін препараттар
Нифедипин цитохромы P450 жүйесінің CYP3A4 изоферментінің көмегімен метаболизденеді, нифедипинді тағайындау кезінде келесі препараттармен бірге өзара әрекеттесудің дәрежесі мен ұзақтығын ескеру керек.
Рифампицин: Рифампицин Р450 3А4 цитохромы жүйесін күшті индукциялайды. Рифампицинмен бірге қолданғанда нифедипиннің биожетімділігі күрт төмендейді және тиімділігі баяулайды. Рифампицинді нифедипинмен бірге қолдануға болмайды.
Р450 3А4 цитохромы жүйесінің белгілі тежегіштерін бірге қолданған кезде артериялық қысымды бақылау және қажет болса нифедипин дозасын төмендету туралы мәселені қарау керек.
Көптеген жағдайларда осы уақытқа дейін нифедипин мен аталған препараттар арасындағы дәрілік өзара әрекеттесу әлеуетін бағалау үшін ресми зерттеулер жүргізілген жоқ.
Нифедипиннің әсерін күшейтетін препараттар:
- макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин)
- АИТВ-протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир)
- микробқа қарсы азолды дәрілер (мысалы, кетоконазол)
- флуоксетин
- нефазодон
- квинупристин / дальфопристин
- цизаприд
- вальпрой қышқылы
- циметидин
- дилтиазем
Р450 3А4 цитохромы жүйесінің индукторларымен бірге қолданған кезде нифедипинге клиникалық жауапты бақылау және қажет болса нифедипин дозасын арттыру керек. Егер екі препаратты бір мезгілде қолданғанда нифедипин дозасы жоғарыласа, онда емдеуді тоқтатқан кезде оны төмендету керек.
Нифедипиннің әсерін бәсеңдететін препараттар:
- рифампицин (жоғары қараңыз)
- фенитоин
- карбамазепин
- фенобарбитал
Нифедипиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Нифедипин гипертензияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымды төмендету әсерін күшейтуі мүмкін.
Нифедипинді β-рецепторлардың блокаторларымен бір мезгілде қолданған кезде пациент бақылауда болуы тиіс, өйткені жүрек жеткіліксіздігінің нашарлау жағдайлары туралы белгілі.
Дигоксин: нифедипин мен дигоксинді бір мезгілде қабылдау дигоксин клиренсінің төмендеуіне, демек, қан плазмасындағы дигоксин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан пациенттер дигоксиннің артық дозалану симптомдарын анықтау үшін мұқият бақылауды талап етеді және қажет болса оның дозасын төмендету керек.
Хинидин: нифедипин қан плазмасындағы хинидин концентрациясын төмендетеді, алайда оны тоқтатқан кезде хинидин мөлшері едәуір артуы мүмкін, бұл оның дозасын түзетуді талап етеді. Нифедипинді біріктіріп қолдану немесе қабылдауды тоқтату кезінде қан плазмасындағы хинидин концентрациясын бақылау және қажет болса хинидин дозасын түзету ұсынылады. Артериялық қысымды мұқият бақылап, қажет болғанда нифедипин дозасын азайту керек.
Такролимус: Такролимус Р450 3А4 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденеді. Жарияланған деректер нифедипинмен бірге қолданғанда такролимус дозасын төмендету қажеттілігін көрсетеді. Екі препаратты бірге қолданған кезде қан плазмасындағы такролимус концентрациясын бақылау және қажет болса такролимус дозасын төмендету керек.
Тамақпен өзара әрекеттесу
Грейпфрут шырыны Р450 3А4 цитохромы жүйесін тежейді. Нәтижесінде грейпфрут шырынын бір мезгілде қабылдау нифедипиннің метаболизмін тежейді, бұл оның қан плазмасындағы концентрациясының ұлғаюына және клиренстің бірінші өту әсерінің төмендеуі немесе азаюы салдарынан нифедипин әсерінің күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде нифедипиннің артериялық қысымды төмендету әсерін арттыруға болады. Грейпфрут шырынын үнемі қолданған кезде, бұл әсер грейпфрут шырынын соңғы қабылдағаннан кейін кем дегенде үш күн сақталуы мүмкін. Нифедипинді қолданған кезде грейпфрут/грейпфрут шырынын қабылдаудан аулақ болу керек.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Нифедипинді қолдану несептегі ванилил-бадам қышқылының концентрациясын спектрофотометриялық анықтау кезінде жалған оң нәтижелерге әкелуі мүмкін. Жоғары тиімді сұйықтықпен хроматографиялау әдісін қолданған кезде мұндай әсер байқалмайды.
In vitro экстракорпоральді ұрықтандырудың кейбір жағдайларында кальций антагонистері, мысалы нифедипин, сперматозоидтың бас аймағындағы қайтымды биохимиялық өзгерістермен байланысты, бұл сперматозоидтардың жұмысына зақым келтіруі мүмкін. Қайта in-vitro ұрықтандыру басқа түсіндірулер болмаған кезде сәтсіз болған жағдайларда, нифедипин сияқты кальций антагонистерін ықтимал себеп ретінде назарға алу керек.
Арнайы ескертулер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тұрақты бақылау қажет, препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.Гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиямен, айқын брадикардиямен немесе тахикардиямен, синус түйінінің әлсіздік синдромымен, жүрек жеткіліксіздігімен, жеңіл немесе орташа артериялық гипертензиямен, ми қан айналымының ауыр бұзылуымен, асқазан-ішек жолының өтімсіздігімен ауыратын науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Артериялық гипотензиясы бар пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені артериялық қысымның одан әрі төмендеу қаупі бар, сондай-ақ артериялық қысымы өте төмен пациенттерде (систолалық артериялық қысымы 90 мм с.б. төмен ауыр гипотензия) жүрек жеткіліксіздігі нашарлаған жағдайда сақ болу керек.
Коринфар-Тева бета-блокаторлармен және басқа да гипертензияға қарсы дәрілермен біріктіріп қолдануға болады, алайда постуральді гипотензияға әкелетін аддитивті әсер болуы мүмкін. Коринфар-Тева басқа гипертензияға қарсы емді тоқтатқаннан кейін ықтимал жағымсыз әсерлердің алдын алмайды.
Коринфарт ретард-Тева жүрек резерві төмендеген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Нифедипинді қабылдау кезінде сирек жағдайларда жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы байқалды.
Коринфар-Тева алатын қант диабеті бар науқастарға диабетке қарсы емдеуді түзету қажет болуы мүмкін.
Қатерлі гипертензиясы және гиповолемиясы бар диализдегі пациенттерде артериялық қысымның айқын төмендеуі мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Нифедипинді клиникалық қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Коринфар ретард-Тева стандартты емнің әсерінсіз ауыр артериялық гипертензиясы бар әйелдерге қолдануға болады.
Нифедипинді магний сульфатын вена ішіне енгізумен бірге қолданған кезде артериялық қысымды мұқият бақылау керек, өйткені артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін, бұл анаға да, шаранаға да зиян тигізуі мүмкін.
Коринфар ретард -Тева емшек емізу кезінде ұсынылмайды, өйткені нифедипин адам сүтіне бөлінеді және нифедипиннің балаға әсері белгісіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Артериялық қысымның төмендеуімен байланысты психомоторлық реакциялардың баяулау мүмкіндігін ескеру қажет.
Дозалау режимі
Препараттың дозаларын дәрігер аурудың ауырлығына және пациенттің емдеуге жауабына сәйкес жекелей таңдайды.
1 .Тұрақты және вазоспастикалық стенокардия
Ұзақ әсер ететін нифедипиннің 1 таблеткасынан тәулігіне 2 рет 20 мг.
Жеткіліксіз айқын клиникалық әсер кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 40 мг нифедипинге дейін арттыруға болады
2. Эссенциальді гипертензия
Ұзақ әсер ететін нифедипиннің 1 таблеткасынан тәулігіне 2 рет 20 мг.
Жеткіліксіз айқын клиникалық әсер кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 40 мг нифедипинге дейін арттыруға болады.
Жеке клиникалық көрініске байланысты дозаны біртіндеп арттыру керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тұрақты бақылау қажет, препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Цереброваскулярлық аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын пациенттерге препаратты төмен дозаларда тағайындау керек.
Нифедипинді тамақтан кейін шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су; грейпфрут шырынын ішуге болмайды) ішкен жөн. Препаратты таңертең және кешке, жақсырақ бір уақытта, тамақтанғаннан кейін қабылдау ұсынылады.
Препарат дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату қажет болса нифедипин қабылдауды біртіндеп тоқтату керек.
Белсенді заттың жарық әсеріне сезімталдығын ескере отырып, ұзақ әсер ететін таблеткаларды бөлуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда қорғағыш қабықпен кепілдендірілген жарықтан қорғау қамтамасыз етілмейді.
10 таблеткадан поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.