daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Павлодаре қаласындағы Леволет Таблеткалары 750 Мг №10 | Редди'с Лабораторис Лтд

Павлодаре қаласындағы Леволет Таблеткалары 750 Мг №10 | Редди'с Лабораторис Лтд

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Екі беті дөңес, капсула тәрізді модификацияланған ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Редди'с Лабораторис Лтд

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе нақты ақаулары бар пациенттер антибиотик-хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға ұшырауы мүмкін. Сондықтан, ондай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болғанда гемолиздің туындау ықтималдығын қадағалау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Левофлоксацин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек  жеткіліксіздігі бар пациенттерде левофлоксациннің дозасын түзету керек. К дәруменінің антагонистерін қабылдаған пациенттер Коагуляцияға арналған тесттердің (PT/INR) ықтимал ұлғаюына және / немесе левофлоксацинді К дәруменінің антагонисімен (мысалы, варфаринмен) біріктіріп алатын пациенттерде қан кетуіне байланысты, егер осы препараттар бір мезгілде тағайындалса, коагуляцияға мониторинг жүргізу керек. Зертханалық зерттеулерге араласу Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Апиынды тексерудің оң нәтижелерін нақты әдіспен растау қажет болуы мүмкін. Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасы кезінде жалған теріс нәтижелер беруі ықтимал. Жедел панкреатит Левофлоксацин қабылдаған науқастарда жедел панкреатит болуы мүмкін. Науқастарға жедел панкреатиттің тән белгілері туралы хабарлау керек. Жүрек айнуы, әлсіздік, іштің ыңғайсыздығы, іштің өткір ауруы немесе құсу бар науқастарды дереу дәрігер тексеруі керек. Егер жедел панкреатитке күдік болса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қайта қабылдауға болмайды. Анамнезінде панкреатитпен ауыратын науқастарға сақ болу керек.

Белсенді заттың дозасы:

750 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін

-ауруханадан тыс пневмония, метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Haemophilus influenzae немесе Streptococcus pneumoniae тудыратын

- ауруханадан тыс пневмония, метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae (мультирезистентті Streptococcus pneumoniae [MDRSP]), Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Chlamydophila pneumoniae, Legionella pneumophila немесе Mycoplasma pneumoniae қоса) тудыратын.

MDRSP штаммдары келесі екі немесе одан да көп антибиотиктерге резистентті штаммдар болып табылады: пенициллин (ЕТБК=2 мкг/мл), цефалоспориндердің 2-ші буыны, мысалы, цефуроксим, макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм / сульфаметоксазол.

- ауруханадан тыс пневмония, Streptococcus pneumoniae мультирезистентті штаммдарды ([MDRSP] қоспағанда), Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Mycoplasma pneumoniae немесе Chlamydophila pneumoniae тудыратын.

-терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus, Enterococcus faecalis, Streptococcus pyogenes немесе Proteus mirabilis тудырған инфекциялар.

-метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus немесе Streptococcus pyogenes тудырған абсцесс, флегмона, фурункул, импетиго, пиодермия, жара инфекциясын қоса алғанда, терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары (жеңіл және орташа ауырлықтағы).

- созылмалы бактериялық простатит, Escherichia coli, Enterococcus faecalis немесе метициллинге сезімтал Staphylococcus epidermidis тудырған инфекциялар.

- сібір ойық жарасының өкпелік түрі (жанасудан кейінгі)

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae немесе Proteus mirabilis тудырған инфекциялар.

- Enterococcus faecalis, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis или Pseudomonas aeruginosa туындатқан несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (жеңіл және орташа ауырлықтағы).

- қатарлас бактериемия жағдайларын қоса алғанда, Escherichia coli тудырған жедел пиелонефрит.

- инфекциялар (жедел бактериялық синусит, созылмалы бронхиттің өршуі, несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциясы), басқа бактерияға қарсы препараттарды орынсыз пайдалану негізделген кезде (балама нұсқалар жоқ)

Қарсы көрсеткіштер

- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер

- эпилепсиясы бар пациенттер

- анамнезінде фторхинолондарды қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер

- ауыр сипатта болмайтын және бактерияға қарсы ем жүргізусіз өтуі мүмкін инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциясын) емдеуде

- бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеуде

- саяхатшы диареясын немесе төменгі несеп жолдарының қайталамалы инфекцияларын (қуық шегінен тыс таралмайтын инфекциялар) болдырмау үшін

- егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді пайдалану мүмкін болмаса, орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың левофлоксацинге әсері

Темір, мырыш тұздары,  құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар, диданозин

Левофлоксациннің сіңуі таблеткалардағы левофлоксацин препаратымен темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар немесе диданозинді (диданозиннің құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттар болатын дәрілік түрлері ғана) бір мезгілде қолданғанда едәуір төмендейді. Құрамында мырыш бар фторхинолондар мен поливитаминді препараттарды бір мезгілде қолдану пероральді қабылдау кезінде олардың сіңуін төмендетеді. Құрамында темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар немесе диданозин (құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттар бар дәрілік түрлер ғана) сияқты екі немесе үш валентті катиондары бар препараттарды левофлоксацинді таблеткада қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан кейін қабылдамаған жөн. Кальций тұздары пероральді қабылдаудан кейін левофлоксациннің сіңуіне тым аз әсер ететіні көрсетілді.

Сукральфат

Таблеткалардағы левофлоксацин препаратының биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданғанда едәуір төмендейді. Егер пациентке сукральфатты да, левофлоксацинді де қабылдау қажет болса, бәрінен дұрысы - сукральфатты таблеткалардағы левофлоксацин препаратын қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау.

Теофиллин, фенбуфен немесе сол сияқты қабынуға қарсы стероидты емес препараттар 

Левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі табылған жоқ. Алайда, фторхинолондар және теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар немесе құрысу дайындығының шегін төмендететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда эпилепсиялық дайындық шегінің едәуір төмендеуін байқауға болады.

Препаратты фенбуфенмен бір мезгілде қолданғанда левофлоксациннің концентрациясы шамамен 13% - ға жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық мәнді әсерін көрсетті. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолдану кезінде төмендеді. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілетті екенімен түсіндіріледі. Алайда, зерттеу барысында пайдаланылған дозаларда қолданғанда статистикалық мәнді кинетикалық өзгешеліктерінің клиникалық мәнді болу ықтималдығы аз.

Левофлоксацинді пробенецид пен циметидин сияқты өзекшелік секрецияға әсерін көрсететін препараттармен бірге, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа маңызды ақпарат

Осы препаратты келесі дәрілік заттармен бірге қолдану левофлоксацин фармакокинетикасына ешқандай клиникалық маңызды әсер еткен жоқ: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин.

Леволет препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Левофлоксацинмен бірге қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі 33% - ға ұлғайды.

K дәруменінің антагонистері

Левофлоксацин мен К дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолдана отырып емделген пациенттерде коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылауы және/немесе мүмкін ауыр қан кету жағдайлары туралы хабарланды. Осылайша, К дәруменінің антагонистерін қолдана отырып емделіп жатқан пациенттерде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.

QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттар

Левофлоксацинді QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарды (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа маңызды ақпарат

Левофлоксацин теофиллиннің (CYP1A2 маркерлік субстраты) фармакокинетикасына әсер етпеген, бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екенін көрсетеді.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Ас ішу

Тамақпен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі болмады. Осылайша, таблеткалардағы левофлоксацин препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Таблеткалардағы Леволетті® 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдануға болмайды. Емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде зейіннің жоғары шоғырлануын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет

Артық дозалану

Маркетингтен кейінгі қадағалау барысында сананың шатасуы, конвульсиялар, елестеулер және тремор сияқты ОЖЖ тарапынан болатын әсерлер білінді.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу керек. QT аралығының ұзару мүмкіндігіне орай, ЭКГ-мониторинг өткізу қажет. Асқазанның шырышты қабығын қорғау үшін антацидтік дәрілерді қолдануға болады. Перитонеальді диализді және ҰАПД қоса, гемодиализ левофлоксацинді организмнен шығаруда тиімсіз. Спецификалық антидоты жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Дозаны өткізіп алған кезде Леволетті бірден қабылдау керек. Күніне бір дозадан артық қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛеволет таблеткалары 750 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube