Қолдану көрсеткіштері
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеуде
- Золлингер-Эллисон синдромын емдеуде
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеуде
- Золлингер-Эллисон синдромын емдеуде
- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- асқазан-ішек жолының қатерлі ісіктері
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Омепразолдың басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі шектеулі. Омепразол P450 цитохромы жүйесі арқылы бауырда метаболизденеді, сондықтан бауырда, сондай-ақ осы жүйенің қатысуымен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде омепразол олардың шығарылуын төмендетуі мүмкін.
Омепразол диазепам, фенитоин және антикоагулянттардың (варфарин) экскрециясын баяулатады. Антикоагулянттармен қатар қолданған кезде қанның талдауына, протромбиндік уақытты бақылау, омепразолдың дозасын түзету қажет.
Нелфинавир, атазанавир
Нелфинавир мен атазанавирдің плазмадағы деңгейлері оларды омепразолмен бірге қолданған жағдайда азаяды.
Омепразолды нелфинавирмен бірге тағайындауға болмайды. Омепразолды бір мезгілде қолдану (күніне 40 мг бір рет) нелфинавирдің орташа экспозициясын төмендетеді және М8 фармакологиялық белсенді метаболитінің орташа экспозициясы төмендеді. Өзара әрекеттесуіне CYP2C19 тежеуін де кірістіруге болады.
Омепразолды атазанавирмен бірге тағайындау ұсынылмайды.
Омепразолды (тәулігіне 40 мг бір рет) және атазанавирді 300 мг/ритонавирді 100 мг бірге қолдану атазанавир экспозициясының төмендеуіне әкеледі. Атазанавирдің дозасын 400 мг дейін арттыру омепразолдың атазанавир экспозициясына әсерінің орнын толтырған жоқ. Омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг) 400 мг атазанавирмен /100 мг ритонавирмен бірге қабылдау тәулігіне бір реттік 300 мг атазанавирмен / 100 мг ритонавирмен салыстырғанда, атазанавир экспозициясының төмендеуіне алып келді.
Дигоксин
Омепразолмен (тәулігіне 20 мг) және дигоксинмен бірге емдеу дигоксиннің биожетімділігін арттырды. Дигоксиннің уыттылығы туралы сирек хабарланады. Алайда егде жастағы пациенттерде омепразолдың жоғары дозаларын тағайындаған кезде сақтық таныту керек.
Клопидогрел
Омепразолды (тәулігіне 80 мг) және клопидогрельді бірге қосып емдегенде (тәулігіне 300 мг дейін, артынша тәулігіне 75 мг) клопидогрельдің биожетімділігін төмендетеді. Біріктіріп емдегенде пациенттер емдік дозаны реттеулері тиіс.
Обсервациялық және клиникалық зерттеулерде омепразолдың елеулі жүрек-қантамыр асқынулары саласындағы фармакодинамикалық және фармакокинетикалық әсерінің клиникалық көріністеріне қатысты біртекті емес деректер ұсынылған. Сақтық шарасы ретінде омепразол мен клопидогрелді бірге қолдану ұсынылмайды.
Басқа белсенді заттар
Позаконазолдың, эрлотинибтің, кетоконазол мен итраконазолдың сіңірілуі айтарлықтай азаяды және сол арқылы, клиникалық тиімділігі бұзылуы мүмкін. Позаконазол мен эрлотиниб үшін бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек.
CYP2C19 метаболизденетін белсенді заттар
Омепразол, омепразолды метаболиздейтін негізгі энзим CYP2C19 орташа тежегіші болып табылады. Осылайша, қатарлас белсенді заттардың, сондай-ақ CYP2C19 арқылы метаболизденетін заттардың метаболизмі төмендеуі мүмкін және ол заттардың жүйелі экспозициясы артуы мүмкін. Мұндай препараттарға R-варфарин және К дәруменінің басқа антагонистері, цилостазол, диазепам және фенитоин мысал бола алады.
Цилостазол
40 мг дозада қабылданған Омепразол цилостазол үшін C max және AUC жоғарылатты.
Фенитоин
Омепразолмен емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы екі апта ішінде плазмадағы фенитоин концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады, егер фенитоиннің дозасына түзету жүргізілсе, омепразолмен емдеу аяқталғаннан кейін мониторинг және ары қарай дозасын түзету жүргізілуі тиіс.
Саквинавир
Омепразол мен саквинавирді/ритонавирді бірге қолдану АИТВ-инфекциясы бар пациенттердің жақсы көтерімділігіне байланысты, саквинавир үшін плазмадағы деңгейінің артуына алып келді.
Метотрексат
Протонды сорғының тежегіштерімен бірге қолданғанда, кейбір пациенттерде метотрексат деңгейінің жоғарылауы байқалды. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде омепразолды қабылдауды уақытша тоқтатуды қарау талап етілуі мүмкін.
Такролимус
Омепразолды бірге қолданған кезде такролимустың сарысудағы деңгейлерінің артқаны байқалды. Такролимус концентрацияларына, сондай-ақ бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторинг жүргізілуі тиіс, қажет болса такролимустың дозасы түзетіледі.
Басқа белсенді заттардың омепразол фармакокинетикасына әсері
CYP2C19 және/немесе СУР3А4 тежегіштері
Омепразол CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетіндіктен, CYP2C19 немесе СУР3А4 тежегіштері (кларитромицин және вориконазол сияқты) ретінде белгілі белсенді заттар, оның метаболизмінің жылдамдығын азайтудың есебінен омепразолдың сарысудағы деңгейлерінің артуына алып келуі мүмкін. Вориконазолды бірге қолдану омепразол экспозициясының екі еселенуіне алып келді. Егер омепразолдың жоғары дозалары жақсы көтерімді болған жағдайда, омепразолдың дозасын түзету әдетте қажет емес. Алайда дозасын түзетуді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және ұзақ уақыт емдегенде қарастыру керек.
CYP2C19 және/немесе СУР3А4 изоферменттерінің индукторлары
CYP2C19 немесе CYP3A4 немесе екеуінің де индукторлары ретінде белгілі белсенді заттар (рифампицин және шайқурай сияқты), метаболизмінің жылдамдығын арттырудың есебінен, омепразолдың қан сарысудағы деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер мен 18 жастан асқан балаларға арналған.
Ішке, тамақтанудан 30 мин бұрын. Пакеттің ішіндегісін ыдысқа салып, 1-2 ас қасық су құю керек (басқа сұйықтықтарды немесе тағам өнімдерін пайдаланбаңыз!), біртекті суспензия алғанға дейін мұқият араластырып, бірден ішу керек. Қажет болғанда дәрі артынан судың аздаған мөлшерін ішуге болады.
Қыжыл симптомдарын жылдам басу үшін 20 мг препаратты бір рет қабылдау жеткілікті.
Егде пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде 20 мг тәуліктік доза жеткілікті болады.
5.9 г препараттан ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған саше-пакеттерге салынған.
5 (10, 20 немесе 30) саше-пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.