Қолдану көрсеткіштері
- қызба мен қалтырауды, бас ауыруын, тұмаурату, мұрынның бітелуін, түшкіру мен дененің ауыруын қоса, тұмау мен суық тиюдің қысқа мерзімді симптоматикалық емі.
- қызба мен қалтырауды, бас ауыруын, тұмаурату, мұрынның бітелуін, түшкіру мен дененің ауыруын қоса, тұмау мен суық тиюдің қысқа мерзімді симптоматикалық емі.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр дисфункциясы (цирроз және асцит) / жедел гепатит немесе декомпенсацияланған белсенді бауыр ауруы
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)
- тұқым қуалайтын конституциональді гипербилирубинемия (Мейленграхт синдромы)
- ауыр жүрек-қантамыр аурулары
- гипертензия
- феохромоцитома
- гипертиреоз
- қалдық несеппен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы
- гемолитикалық анемия
- жабық бұрышты глаукома,
- алкогольді шамадан тыс тұтыну
- МАО тежегіштерімен бір мезгілде емдеу немесе оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 аптадан аспайтын ем
- трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде емдеу
- бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде емдеу
- басқа симпатомиметиктермен бір мезгілде емдеу
- эпилепсия
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында қант бар)
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар.
Парацетамол
Гепатоуытты заттар парацетамолдың жиналу және артық дозалану қаупін арттыруы мүмкін. Фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин, изоникотин қышқылының гидразиді (ХПА: Изониазид) және рифампицин сияқты бауыр ферменттерінің индукторлары парацетамолдың гепатоуыттылығын арттырады.
Алкоголь: созылмалы және алкогольді шамадан тыс тұтыну парацетамолдың гепатоуыттылығын арттыруы мүмкін.
Асқазанның босатылуын баяулататын дәрілік препараттар (мысалы, пропантелин) сіңірілу жылдамдығын төмендетеді.
Асқазанның босатылуын тездететін дәрілік заттар (мысалы, метоклопрамид) парацетамолдың сіңу жылдамдығын жоғарлатады және оның плазмадағы ең жоғары деңгейін арттырады. Сол сияқты домперидон парацетамолдың сіңу жылдамдығын арттыра алады.
Хлорамфеникол: левомицетиннің жартылай шығарылу кезеңі парацетамол есебінен 5 есе артады.
Ламотриджин: парацетамол бауырдағы метаболизмді стимуляциялау арқылы ламотриджиннің биожетімділігін төмендетуі және оның әсерін әлсіретуі мүмкін.
Салициламид парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңін ұзартады және бауырға уытты метаболиттердің өндірілуін арттырады.
Хлорзоксазон: парацетамол мен хлорзоксазоны бір мезгілде қолданған кезде екі заттың да гепатоуыттылығы артады.
Зидовудин: зидовудин мен парацетамолды бір мезгілде қолдану нейтропенияға бейімділікті арттырады.
Пробенецид глюкурон қышқылымен парацетамолдың конъюгациясын басады және осылайша парацетамол клиренсінің төмендеуіне әкеледі. Қабылдау кезінде парацетамолдың дозасын азайту керек.
Холестирамин: егер холестирамин бір мезгілде енгізілсе, парацетамолдың сіңуі төмендеуі мүмкін. Сондықтан холестираминді 1 сағат кейінірек қабылдау керек.
Варфарин мен басқа кумариндердің антикоагулянттық әсері парацетамолды ұзақ уақыт күнделікті қабылдағанда айқынырақ болып, сол арқылы қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Бірлі-жарым қолдану жағдайлары айтарлықтай әсер көрсетпейді.
Фенирамин малеаты
Фенирамин сияқты антигистаминді препараттар трициклді антидепрессанттар, МАО тежегіштері, алкоголь, Паркинсон ауруын емдеуге арналған препараттар, барбитураттар және нейролептиктер сияқты басқа заттардың орталық депрессиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Препаратты тыныштандыратын дәрілермен бір мезгілде қабылдаған кезде сақтықпен қабылдау керек.
Кумарин туындыларының әсері фенирамин малеатын қабылдау аясында азаюы мүмкін.
Фенилэфрин
Фенилэфрин МАО тежегіштерінің әсерін күшейтуі және гипертониялық криз тудыруы мүмкін.
Фенилэфринді басқа симпатомиметиктермен немесе трициклді антидепрессанттармен (мысалы, амитриптилин) бір мезгілде қолдану жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.
Фенилэфрин бета-адреноблокаторлардың және басқа да гипотензивті препараттардың (мысалы, дебризохин, гуанетидин, резерпин, метилдопа) әсерін төмендетуі мүмкін; сондай-ақ гипертензия немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан басқа жанама әсерлердің қаупі ұлғайуы мүмкін.
Фенилэфринді дигоксинмен немесе басқа жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қабылдау аритмия немесе жүрек ұстамасы қаупін арттыруы мүмкін.
Қастауыш алкалоидтарымен (эрготамин, метисергид) бір мезгілде қолдану эрготизм қауіпін арттыруы мүмкін.
10 г ұнтақтан біріктірілген материалдан жасалған пакетте (мөлдір полиэтилентерефталатты үлбір, ақ полипропиленді үлбір, фольга, мөлдір полиэтиленді үлбір).
10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.