Қолдану көрсеткіштері
- әр түрлі жерлерге орныққан герпес вирустық инфекцияда (соның ішінде қайталанатын гениталий герпесінде, Зостер герпесінде немесе офтальмогерпесте)
- инфекциялық аурулар аясындағы салдарлы иммун тапшылығы жағдайларында
- цитомегаловирустық инфекцияда, соның ішінде, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі дағдыға айналған пациенттер әйелдерде
- жүктілікке дайындық кезеңінде созылмалы вирустық инфекциясы бар және интерферон тапшылығы жағдайындағы әйелдерде қолданылады
- жүкті әйелдерде ІІ және ІІІ триместрінде өршу сатысындағы созылмалы цитомегаловирустық инфекцияның кешенді емінің құрамында
- папилломавирустық инфекцияда (аногенитальді сүйелдерде) кешенді ем құрамында
- кене энцефалитінде вирустық жүктемені төмендету және неврологиялық симптоматиканы (анизорефлексияны, рефлекстердің төмендеуін, бассүйек-ми жүйкелерінің шығу нүктелерінің аурушаңдығын, нистагмды) басу мақсатында кешенді ем құрамында
- ревматоидтық артриті бар, иммунитеті түсіп кеткен пациенттердегі герпес вирустық инфекцияда (негізгі емнің ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерін күшейту үшін) кешенді ем құрамында
- тұмауда, ЖРВИ-де кешенді ем құрамында
- шығу тегі бактериялық созылмалы простатитте кешенді ем құрамында
- гастродуоденальді аймақтың ойық жаралы ақауларын эпителизациялау үшін кешенді ем құрамында