Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 86,48 мг дабигатран этексилаты месилаты (75 мг дабигатран этексилатының бос негізіне баламалы),
қосымша заттар: шайыр, ірі түйіршікті шарап қышқылы, шарап қышқылы ұнтағы, кристалды шарап қышқылы, гипромеллоза 2910, диметикон, тальк, гидроксипропилцеллюлоза,
капсула қабығының құрамы: каррагинан (Е407), калий хлориді, титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, тазартылған су,
қара сия құрамы: шеллак, бутил спирті, изопропил спирті, темірдің қара тотығы (Е172), тазартылған су, пропиленгликоль, сусыз этил спирті, калий гидроксиді, концентрацияланған аммиак ерітіндісі.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі №2, мөлдір емес ақ түсті қақпақшасы және мөлдір емес ақ түсті корпусы бар гидроксипропилметилцеллюлозадан жасалған ұзынша капсулалар. Қақпақшасында қара сиямен Берингер Ингельхайм компаниясының логотипі басылған, корпусында қара сиямен «R75» жазуы түсірілген.
Капсулалар ішінде – сарғыш түсті пеллеттер.