Қолдану көрсеткіштері
Клобетазол жергілікті қолдануға арналған белсенділігі жоғары глюкокортикостероид (ГКС) болып табылады, ол 12 жастан асқан балаларда, ересектерде және ГКС еміне сезімтал дерматоздары бар егде жастағы пациенттерде белсенділігі төмен ГКС тиімсіздігі кезінде қабыну мен терінің қышынуының персистирлеуші симптомдарын қысқа мерзімді емдеу ретінде ғана пайдалануға көрсетілген:
- псориаз (таралған түйіндік псориазды қоспағанда)
- қызыл жалпақ теміреткі
- дискоидты қызыл жегі
- емдеуге жатпайтын дерматоздар
- белсенділігі аздау ГКС қолданғанда тиісті әсер байқалмайтын терінің басқа да аурулары.