Қолдану көрсеткіштері
Препарат ересектер мен балаларда, соның ішінде мерзіміне жетіп туған нәрестелерде (туғаннан бастап) келесі инфекцияларды емдеуге арналған:
- бактериялық менингит
- ауруханадан тыс пневмония
- ауруханалық пневмония
- жедел ортаңғы отит
- құрсақшілік инфекциялар
- несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (оның ішінде пиелонефрит)
- сүйектер мен буындардың инфекциялары
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- соз
- мерез
- бактериялық эндокардит
Препарат пайдаланылуы мүмкін:
- ересектерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының жедел асқынуын емдеу үшін
- 15 күндік жастан бастап жаңа туған нәрестелерді қоса алғанда, ересектер мен балаларда диссеминацияланған Лайм боррелиозын (ерте (II кезең) және кеш (III кезең)) емдеу үшін
- хирургиялық араласулар кезінде инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы үшін
- болжамды түрде бактериялық инфекциядан туындаған нейтропениялық қызбасы бар пациенттерді емдеуде
- жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе болжам бойынша байланысты туындайтын бактериемиясы бар пациенттерді емдеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Цефтриаксонды бактерия қоздырғыштарының ықтимал спектрі оның спектріне енбеген кезде бактерияға қарсы басқа препараттармен бірге тағайындаған жөн.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру қажет.