Қолдану көрсеткіштері
Уыттылығы азырақ антибиотиктер тиімсіз болған кезде, амикацинге сезімтал бактериялардан туындаған ауыр инфекцияларды емдеу. Бұл жағдайда Амикацинді келесі жағдайларда қолдануға болады:
ауыр пневмонияны қоса, төменгі тыныс алу жолдарының ауруханаішілік инфекциялары;
перитонитті қоса, құрсақішілік инфекциялар;
несеп шығару жолдарының асқынған және қайталанатын инфекциялары;
күйікпен байланысты инфекцияны қоса, тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары;
бактериялық эндокардит;
операциядан кейінгі құрсақішілік инфекциялар.
Амикацинді жоғарыда аталған инфекциялардың бірімен байланысты немесе байланысына күдікті бактериемиясы бар пациенттерді емдеу үшін де қолдануға болады.