Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензия
- тұрақты кернеу стенокардиясы ұстамаларының профилактикасы
- артериялық гипертензия
- тұрақты кернеу стенокардиясы ұстамаларының профилактикасы
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бронх демікпесінің және өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауыр формалары;
емдеуге рефрактерлік жүрек жеткіліксіздігі;
кардиогенді шок;
II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада (жасанды ырғақ жүргізушісін қоспай)
Принцметал стенокардиясы
синустық түйіннің әлсіздік синдромы (синоатриальді блокаданы қоса)
брадикардия (<45-50 соққы/мин)
Рейно ауруының және шеткері артериялардың облитерациялаушы ауруларының ауыр формалары
феохромоцитома
артериялық гипотензия
анамнездегі анафилаксиялық реакциялар
метаболизмдік ацидоз
жүктілік және бала емізу кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Көптеген дәрілік заттар брадикардияны тудыруы мүмкін. Бұл топқа бета-адреноблокаторлар, І классты аритмияға қарсы дәрілік заттар (хинидин, дизопирамид), аритмияға қарсы ІІІ классты амиодарон және соталол, аритмияға қарсы IV классты дилтиазем және верапамил, сондай-ақ Альцгеймер ауруын емдеу үшін көрсетілген оймақгүл гликозидтері, клонидин, гуафанцин, мефлохин және холинестераза ингибиторлары жатады.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Дилтиазем, Верапамил
Жүрек автоматизмінің бұзылуы (айқын брадикардия, синус түйінінің тоқтауы түрінде), атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі даму ықтималдығы артады. Мұндай біріктірілім тек мұқият клиникалық бақылаумен және электрокардиографиялық бақылаумен, әсіресе егде емделушілерде немесе емнің басында қолданылуы мүмкін.
Дилтиаземмен бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қолдану кезінде депрессияның даму қаупінің артқаны туралы хабарланды.
Финголимод
Брадикардияның күшеюі ықтималдығы артады, әсіресе бета-адреноблокаторлар алатын пациенттерде, орнын толтырудың адренергиялық механизмдерін бөгеу салдарынан, бұл өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Электрокардиографиялық бақылау мен клиникалық бақылауды бірінші дозаны қолданғаннан кейін 24 сағат ішінде жүзеге асыру қажет.
Сақтықпен қолдану керек комбинациялар:
Амиодарон
Жиырылғыштықтың, автоматизмнің және өткізгіштіктің бұзылуы (симптоматикалық компенсаторлық тетіктердің бәсеңдеуі). Электрокардиографиялық бақылауды және клиникалық бақылауды жүзеге асыру қажет.
Ингаляциялық галогені бар анестетиктер
Бета-адреноблокаторлар бетаксололдың гипотензивті әсерін төмендетеді (операция кезінде бета-адренорецепторлардың әсерін бета-адреностимуляторлар жоя алады). Әдетте, бета-адреноблокаторлармен емдеуді тоқтатуға болмайды, ал кез келген жағдайда дәрілік затты күрт тоқтатудан аулақ болу керек. Анестезиологқа жүргізілген емдеу туралы хабарлау қажет.
І класты аритмияға қарсы дәрілік заттар (лидокаинді қоспағанда): цибензолин, дизопирамид, флекаинд, гидрохинидин, мексилетин, пропафенон, хинидин
Жиырылғыштықтың, автоматизмнің және өткізгіштіктің бұзылуы (симптоматикалық компенсаторлық тетіктердің бәсеңдеуі). Электрокардиографиялық бақылауды және клиникалық бақылауды жүзеге асыру қажет.
Орталық әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілер (клонидин, метилдопа, гуанфацин, моксонидин, рилменидин)
Орталық әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілік затты күрт жою кезінде АҚ-ның елеулі жоғарылауы мүмкін. Гипертензияға қарсы дәріні күрт тоқтатудан аулақ болу және клиникалық мониторинг жүргізу қажет.
Инсулин, сульфонилмочевинаның пероральды туындылары, глинидтер, глиптиндер
Барлық бета-блокаторлар гипогликемияның белгілі белгілерін жасыра алады: жүрек соғысы және тахикардия. Науқасқа қандағы қант деңгейін, әсіресе емдеудің басында өзін-өзі бақылауды күшейту қажеттілігі туралы ескерту керек.
Лидокаин вена ішіне
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз неврологиялық симптомдар мен әсерлердің ықтимал ұлғаюымен (бауырдағы лидокаин метаболизмінің төмендеуі) қан плазмасындағы лидокаин концентрациясының ұлғаюы. Бета-адреноблокаторлармен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін клиникалық бақылау және электрокардиографиялық бақылау және қан плазмасындағы лидокаин концентрациясын бақылау ұсынылады. Қажет болса-лидокаин дозасын түзету керек.
Жүрекшелердің фибрилляциясын тудыруы мүмкін дәрілер
Қарыншалық аритмияның, әсіресе жүрекшелердің фибрилляциясының жоғарылауы. Электрокардиографиялық бақылауды және клиникалық бақылауды жүргізу қажет.
Пропафенон
Жиырылудың, автоматизмнің және өткізгіштіктің бұзылуы (симпатикалық компенсаторлық механизмдерді басу). Электрокардиографиялық бақылауды және клиникалық бақылауды жүргізу қажет.
Ескеру керек комбинациялар:
Урологияда қолданылатын альфа-блокаторлар
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі. Ортостатикалық гипотензия қаупінің жоғарылауы.
Антигипертензивті альфа-адреноблокаторлар
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі. Ортостатикалық гипотензия қаупінің жоғарылауы.
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар
Антигипертензивті әсердің төмендеуі (тамыр кеңейткіш простагландиндерді стероид емес қабынуға қарсы дәрілік заттармен өндіруді бәсеңдету және су мен натрийді пиразолон туындыларымен ұстап қалу).
Басқа брадикардиялық дәрілік заттар
Айқын брадикардияның дамуы (аддитивті әсер).
Дигидропиридин туындылары (амлодипин, барнидипин, клевидипин, фелодипин, исрадипин, лацидипин, лерканидипин, манидипин, никардиин, нифедипин, нимодипин, нитрендипин)
Артериялық гипотензия, жасырын немесе бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан айналымы жеткіліксіздігі. Бета-блокаторлармен емдеу рефлекторлық симпатикалық механизмдерді азайтады.
Дипиридамол (тамыр ішіне)
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі.
Нитраттар және нитрат тәрізді заттар
Ортостатикалық гипотензия қаупінің жоғарылауы.
Ортостатикалық гипотензияны туындататын дәрілік заттар (оның ішінде урологияда қолданылатын нитраттар, 5 типті фосфодиэстераза тежегіштері, трициклді антидепрессанттар, фенотиазиндер тобының нейролептиктері, дофамин, леводопа агонистері)
Ортостатикалық гипотензия қаупінің жоғарылауы.
Жүктілік
Жүргізілген зерттеулер тератогендік әсерді анықтаған жоқ. Осы уақытқа дейін тератогендік әсерлер туралы хабарланған жоқ және бірнеше бета-блокаторлармен бақыланатын перспективалық зерттеулердің нәтижелері туу кезіндегі ақаулар туралы хабарлаған жоқ.
Кейбір бета-блокаторлар плацентаның перфузиясын төмендетуі мүмкін.
Анадан ем қабылдаған жаңа туған нәрестеде бета-бұғаттау әсері туғаннан кейін бірнеше күн өткен соң сақталады және брадикардияға, тыныс алудың бұзылуына, гипогликемияға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда қан көлемін арттыратын ерітінділерді енгізуден аулақ болу керек (жедел өкпе ісінуінің пайда болу қаупі). Сондықтан мамандандырылған жағдайларда жаңа туған нәрестелерді мұқият бақылау ұсынылады (өмірдің алғашқы 3-5 күнінде ЖЖЖ және қандағы глюкоза деңгейін бақылау).
Емшекпен емізу
Бета-блокаторлар емшек сүтіне енеді. Гипогликемия немесе брадикардия қаупі зерттелген жоқ, сондықтан емдеу кезінде емшекпен емізуді тоқтату керек
Дозалау режимі
Әдеттегі доза екі көрсеткіш бойынша бір қабылдау үшін күніне 1 таблеткадан 20 мг-ға дейін.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерді емдеуді шағын дозалардан және мұқият медициналық бақылаумен бастаған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дәрілік заттың дозасы пациенттің бүйрек функциясына сәйкес таңдалынуы тиіс: креатинин клиренсі 20 мл/мин артық болған кезде дозаны өзгерту талап етілмейді. Алайда емдеудің басында қандағы дәрілік заттың тепе-теңдік деңгейіне жеткенге дейін (орта есеппен 4 күн) клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 20 мл/мин кем) дәрілік заттың бастапқы дозасы 10 мг/тәулігіне құрайды (гемодиализдегі пациенттерде – гемодиализ сеанстарын жүргізу жиілігі мен уақытына қарамастан).
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету талап етілмейді, бірақ емнің басында пациентті стационарда бақылау ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Балаларда бетаксололды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ, сондықтан препаратты 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған таблеткалар. Тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет қабылдайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: айқын брадикардия, бас айналу, атриовентрикулярлық блокада, артериялық қысымның төмендеуі, аритмия, қарыншалық экстрасистолия, естен тану жағдайы, жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алудың қиындауы, бронхоспазм, саусақтар мен алақандардың цианозы, құрысулар.
Емі: асқазанды шаю, адсорбциялық агенттерді тағайындау. Брадикардия немесе ақ шамадан тыс төмендеген жағдайда мынадай шаралар қабылдау керек:
- вена ішіне 1-2 мг атропин;
- қажет болған жағдайда қайталай отырып, 1 мг глюкагон;
- қажет болған жағдайда 25 мкг изопреналинді баяу инфузиямен немесе 2,5-10 мкг/кг/мин добутаминді енгізумен бірге.
Жүктілік кезінде аналары бета-адреноблокаторлар қабылдаған жаңа туған нәрестелерде жүрек жеткіліксіздігі (декомпенсация) жағдайында:
- глюкагон 0,3 мг/кг есебінен;
- қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызу;
- изопреналин және добутамин: әдетте жеткілікті жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы маманның қадағалауын талап етеді.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын нұсқау
Бетаксололмен емдеуді, әсіресе ЖИА бар пациенттерде кенеттен тоқтатпаған жөн. Кенеттен тоқтату жүрек ырғағының ауыр бұзылуына, миокард инфарктісіне немесе жүрек тоқтауына әкелуі мүмкін. Дозаны біртіндеп, яғни 2 апта ішінде азайту керек, қажет болса стенокардия ұстамаларының жиілеуін болдырмау үшін басқа антиангинальді дәрімен орын басу емін бір мезгілде бастауға болады.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.