Қолдану көрсеткіштері
- ашық бұрышты глаукомасы бар немесе монотерапия КІҚ-ны жеткілікті төмендетуді қамтамасыз етпейтін көз гипертензиясы бар ересектерде көзішілік қысымның (КІҚ) төмендеуі
- ашық бұрышты глаукомасы бар немесе монотерапия КІҚ-ны жеткілікті төмендетуді қамтамасыз етпейтін көз гипертензиясы бар ересектерде көзішілік қысымның (КІҚ) төмендеуі
- белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- басқа β-адреноблокаторларға аса жоғары сезімталдық
- сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық
- бронх демікпесін немесе анамнезінде бронх демікпесінің болуын қоса алғанда, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, сондай-ақ өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары
- синусты брадикардия, синусты түйіннің әлсіздік синдромы, синоатриялық блокада, кардиостимулятормен бақылаусыз екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок
- ауыр аллергиялық ринит
- гиперхлоремиялық ацидоз
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Жүйелік әсерлер
Бринзоламид пен тимолол жүйелі сіңірілуге ұшырайды. Препарат құрамында β-адреноблокаторлық әсері бар тимолол болғандықтан, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелері тарапынан осындай жағымсыз реакциялар, сондай-ақ β-адренергиялық блокаторларды жүйелі қолдану кезінде байқалатын өзге де жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда төмен. Жүйелік абсорбцияны төмендету шаралары.
Бритосопт қабылдайтын пациенттерде жүйелі абсорбция салдарынан сульфонамидтердің барлық туындыларына тән аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін.
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы және жүрек жеткіліксіздігі) және гипотензиясы бар пациенттерде β-адреноблокаторлармен емдеудің орындылығын сыни бағалау және басқа препараттармен емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттерді жағдайының нашарлау белгілері мен жағымсыз реакцияларды уақтылы анықтау үшін мұқият бақылау жүргізу керек.
Бірінші дәрежелі жүрек блокадасы бар пациенттерде β-адреноблокаторларды қолданған кезде импульсті жүргізу уақытына теріс әсер етуінен сақ болу керек.
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Препаратты шеткергі қан айналымының ауыр бұзылулары/бұзылыстары (мысалы, Рейно ауруының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Гипертиреоз
β-адреноблокаторлар гипертиреоз белгілерін бүркемелеуі мүмкін.
Бұлшықет әлсіздігі
β-адреноблокаторлар миастенияның кейбір симптомдарында (мысалы, диплопия, птоз және жалпы әлсіздік) байқалатын бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін деп хабарланған.
Тыныс алу жүйесінің тарапынан бұзылулар
Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін кейбір β-адреноблокаторларды қолданғаннан кейін бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуі нәтижесінде өлімді қоса, тыныс алу жүйесі тарапынан реакциялар туралы хабарланды. Бритосопт препаратын ауырлығы жеңіл/орташа дәрежедегі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар пациенттерде және ықтимал пайдасы ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана сақтықпен қолдану керек.
Гипогликемия/қант диабеті
β-адреноблокаторларды өздігінен болатын гипогликемияға бейімділігі бар немесе қант диабеті тұрақсыз өтетін пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл препараттар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Қышқыл-негіз теңгерімінің бұзылуы
Препарат құрамында сульфонамид бринзоламиді бар. Жергілікті қолданғанда сульфонамидтерді қолданғандағыдай жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін. Карбоангидразаның пероральді тежегіштерін қолдану кезінде қышқыл-негіз теңгерімінің бұзылуы туралы хабарланды. Бритосопт препаратын бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені метаболизмдік ацидоздың даму қаупі бар. Ауыр реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болған кезде препаратты тоқтату керек.
Ойлау әрекеті
Пероральді карбоангидраза тежегіштері концентрацияны және/немесе физикалық үйлестіруді қажет ететін тапсырмаларды орындау қабілетін бұзуы мүмкін. Бритосопт препараты жүйелі түрде сіңіріледі, сондықтан оны жергілікті қолданған кезде ұқсас реакция туындауы мүмкін.
Анафилаксиялық реакциялар
Анамнезінде β-адреноблокаторлар алатын әртүрлі аллергендерге атопиясы немесе ауыр анафилаксиялық реакциялары бар пациенттер осы аллергендердің әсеріне қатты әсер етуі мүмкін, сондай-ақ анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын әдеттегі адреналин дозаларына төзімді болуы мүмкін.
Көздің тамырлық қабығының ажырауы (хориоидея ажырауы)
Сүзгілеу операцияларынан кейін су негізіндегі супрессивті құралдарды (мысалы, тимолол, ацетазоламид) қолдану кезінде көздің тамырлық қабығының ажырау жағдайлары сипатталған.
Хирургиялық анестезия
Офтальмологиялық препараттар құрамындағы β-адреноблокаторлардың жергілікті әсері β-агонистердің, мысалы, адреналиннің жүйелік әсерін бөгеуі мүмкін. Анестезиологқа пациенттің тимололды қабылдағаны туралы хабарлау керек.
Қатарлас жүретін ем
КІҚ-ға әсері немесе β-адреноблокаторлардың белгілі жүйелік әсерлері жүйелі β-адреноблокаторларды пайдаланатын пациенттерде тимололды қолданғанда күшеюі мүмкін. Мұндай пациенттерге мұқият бақылау жүргізу қажет. Екі жергілікті β-адреноблокаторды немесе екі жергілікті карбоангидраза тежегішін бірге қолдану ұсынылмайды.
Құрамында 10 мг/мл бринзоламид және 5 мг/мл тимолол бар көзге тамызатын дәріні басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Бритосопт құрамында карбоангидраза бринзоламид тежегіші бар, ол жергілікті тағайындау кезінде де жүйелі түрде сіңеді. Карбоангидразаның пероральді тежегіштерін қолдану кезінде қышқыл-негіз теңгерімінің бұзылуы туралы хабарланды. Бритосопттарды қолданатын пациенттерде осындай өзара әрекеттесулердің туындау ықтималдығын назарға алған жөн.
Бринзоламид көзге тамызатын дәрісін және карбоангидразаның пероральді тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда карбоангидразаның тежелуі салдарынан туындайтын жүйелік әсерлердің күшеюі ықтималдығы бар. Құрамында бринзоламид бар көзге тамызатын дәріні және ішке карбоангидраза тежегіштерін бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бринзоламид метаболизміне қатысатын P450 цитохромының изоферменттеріне CYP3A4 (негізгі), CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8 және CYP2C9 кіреді. Кетоконазол, итраконазол, клотримазол, ритонавир және троллеандомицин сияқты CYP3A4 тежегіштері бринзоламидтің метаболизмін тежейді деп болжанады. CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады. Алайда, бринзоламидтің жинақталуы екіталай, өйткені оны шығарудың негізгі жолы - бүйрек экскрециясы болып табылады. Бринзоламид P450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші болып табылмайды.
Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін β-адреноблокаторларды және кальций өзекшелері блокаторларының, β-адреноблокаторларды, аритмияға қарсы дәрілік заттарды (амиодаронды қоса алғанда), оймақгүл гликозидтерін, парасимпатомиметиктерді, гуанетидинді бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымның төмендеуі және/немесе айқын брадикардия сияқты әсерлердің күшеюі байқалуы мүмкін.
β-адреноблокаторлар анафилаксиялық реакцияларды емдеу кезінде адреналинге сезімталдықты төмендетуі мүмкін. Препаратты анамнезінде атопиясы немесе анафилаксиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Β-адреноблокаторларды қолданған кезде клонидинді күрт тоқтату жағдайында гипертензиялық реакция күшеюі мүмкін. Бритосопт препаратын және клонидинді бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
CYP2D6 тежегіштерін (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололды бір мезгілде қолданғанда жүйелік β-адреноблокаданың күшеюі (мысалы, жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) туралы хабарланды. Бұл жағдайда абай болу ұсынылады.
β-адреноблокаторлар диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін күшейте алады. β-адреноблокаторлар гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда офтальмологиялық β-адреноблокаторлар мен адреналинді (эпинефрин) бір мезгілде қолданғанда мидриаз туралы хабарланған.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Аса қажет жағдайларды қоспағанда, препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізуді тоқтату туралы немесе Бритосопт препаратын қолдануды уақытша тоқтату/тоқтату туралы шешімді бала үшін емшекпен емізудің пайдасы мен ана үшін ем пайдасының арақатынасын ескере отырып қабылдаған жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бритосопт автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді.
Көру айқындығының уақытша бұзылуы және көрудің басқа да бұзылулары автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін, сондықтан осы жағымсыз реакциялар туындаған кезде пациент автокөлікті жүргізуге немесе механизмдерді басқаруға кіріспес бұрын көру қабілетінің қалпына келуін күтуі тиіс.
Карбоангидраза тежегіштері ақыл-ой белсенділігін және/немесе физикалық үйлесімділікті қажет ететін тапсырмаларды орындау қабілетін нашарлатуы мүмкін.
5 мл препараттан сақтандырғыш сақинамен жабдықталған тығын-тамшылатқышы және бұралатын қорғаныш қалпақшасы бар полиэтилен құтыларға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 28 күн бойы пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 487₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4507₸
4020₸
487₸