Қолдану көрсеткіштері
Тиісті микроорганизмдердің сезімтал штаммдары тудырған инфекцияларды емдеу:
- Streptococcus рneumoniaе, бактериемиямен бір мезгілде болатын жағдайларды қоса, Pseudomonas aeruginosa, Klebsiella pneumoniaе немесе Enterobacter species тудырған пневмония (орташадан ауырға дейін);
- нейтропениялық қызба бар пациенттерді эмпирикалық емдеу. Ауыр инфекция қаупі жоғары пациенттерде (оның ішінде, анамнезінде таяуда жасалған сүйек кемігінің трансплантациясы, гипотония, гематологиялық қатерлі ісік, ауыр немесе ұзаққа созылатын нейтропения бар пациенттерде) микробқа қарсы препараттармен монотерапия мақсатқа сай болмауы мүмкін. Мұндай пациенттерде цефепим монотерапиясының тиімділігін растайтын мәліметтер жеткіліксіз;
- Escherichia coli немесе Klebsiella pneumoniae тудырған, кез келген ауырлық дәрежесіндегі несеп шығару жолының инфекциялары (асқынған да, асқынбаған да), сондай-ақ осы микроорганизмдер тудырған бір мезгілде болатын бактериемиямен байланысты жағдайларды қоса, Proteus mirabilis тудырған жеңіл және орташа ауыр инфекциялар;
- Staphylococcus aureus (тек метициллинге сезімтал штаммдар) немесе Streptococcus pyogenes тудыратын тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы;
- Echerichia coli, viridаns тобының стрептококктары, Pseudomonas aeruginosa, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter species немесе Bacteroides fragilis тудырған асқынған интраабдоминальді инфекциялар (метронидазолмен біріктірілімде);
- балалардағы бактериялық менингит.
Дәрілік затты тек сезімтал бактериялар тудырған инфекцияларды емдеуге пайдалану керек. Қоздырғыш пен оның сезімталдығы туралы ақпарат қолжетімді болса, препаратты тек цефепимге сезімтал бактериялар тудырған инфекцияларды емдеуге пайдалану керек. Ондай деректер болмаса, эмпирикалық емді таңдауға эпидемиологиялық мәліметтер ықпал ете алады.