Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - 100.0 мг кетопрофен (100 % затқа шаққанда)
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, бензил спирті, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
2.0 мл-ден шприцпен толтырылатын сындыру нүктесі немесе сақинасы бар жарықтан қорғайтын шыны ампулаларға құйылады.
Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қапталады.
Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға болады.
Дәрілік препарат салынған қорапшалар картон қорапқа салынады.
Пішінді ұяшықты қаптамалар (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар саны бойынша салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!