Құрамы
Бір пакет (13,1 г) құрамында
белсенді заттар: парацетамол 0,500 г, аскорбин қышқылы 0,200 г, фенирамин малеаты 0,025 г,
қосымша заттар: сахароза, сусыз лимон қышқылы, акация, Е954 натрий сахарині, Antilles хош иістендіргіші*.
*Antilles хош иістендіргіші: мальтодекстрин, α-пинен, β-пинен, лимонен, γ-терпинен, линалол, нерол, α-терпинеол, гераниол, акация.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-сарғыш түсті түйіршіктелген ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
13,1 г-ден қағаздан/Al/полиэтиленнен жасалған пакетте.
8 пакеттен медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.