Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат - 100 мг инфликсимаб,
қосымша заттар: сахароза, натрий дигидрофосфат моногидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, полисорбат- 80

Ересектер
- метотрексатты қоса, ауру-модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттар (АМРҚП) тиімсіз болғанда белсенділігі жоғары метотрексатпен біріктірілімде ревматоидты артритте; сондай-ақ метотрексатпен және басқа да АМРҚП бұрын емделмеген, ауыр үдемелі ағымды ревматоидты артритте (Ремсима® препаратын қолданған кезде бұл пациенттерде буындардың бұзылуының үдеуінің рентгенологиялық дәлелденген азаюы көрсетілді).
- ересектердегі орташа және ауыр дәрежедегі ауырлықтағы Крон ауруында глюкокортикостероид және/немесе иммуносупрессантты қоса, емдеудің толық және баламалы курсының тиімсіздігінде, аталған сызба жақпаған жағдайда немесе оны қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда.
- ересектердегі Крон ауруының жыланкөздік түрінде,
антибиотикті, дренаждауды және иммуносупрессиялық емді қамтитын толық және талапқа сай емдеу курсы тиімсіз болғанда.
- ересек пациенттерде белсенді фазадағы спецификалық емес ойықжаралы колитте, кортикостероид және 6-меркаптопурин (6-МП) немесе азатиопринді қамтитын стандартты емнің тиімсіздігінде немесе осындай сызба жақпаған жағдайда немесе оны қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда.
- стандартты ем тиімсіз болған кезде ересек пациенттердегі ауыр дәрежедегі белсенді фазадағы шорбуындайтын спондилитте.
- метотрексатпен біріктіріп немесе монотерапияда ауру-модификациялайтын ревматизге қарсы препараттар (АМРҚП) тиімсіз болғанда метотрексат жақпайтын немесе оны тағайындауға қарсы көрсетілімдері бар ересектердегі үдемелі псориаздық артритте.
- ересектердегі орташа және ауыр дәрежедегі түйіндақтық псориазда циклоспорин, метотрексат немесе фототерапияны (PUVA) қоса жүйелі емнің басқа әдістерінің тиімсіздігінде, жақпаған жағдайда немесе қарсы көрсетілімдер болғанда.
Балалар
- 6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде белсенді фазадағы Крон ауруында кортикостероидты, иммуномодуляторды және бастапқы нутритивтік емді қамтитын стандартты ем тиімсіз болғанда және бұл ем жақпағанда немесе қарсы көрсетілімдер болғанда.
Инфликсимаб стандартты иммунодепрессиялық еммен біріктірілімде ғана зерттелді.
- 6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде белсенді фазадағы спецификалық емес ойықжаралы ауыр колитте, кортикостероид және 6-МП немесе азатиопринді қамтитын стандартты емнің тиімсіздігінде немесе осындай сызба жақпаған жағдайда немесе оны қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда.
- инфликсимабқа, тышқан ақуызына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- туберкулез
- сепсис
- абсцестер
- оппортунистік инфекциялар
- жүрек функциясының орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III, IV класс)
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Қадағалануы
Биологиялық дәрілік препараттардың қадағалануын жақсарту үшін енгізілетін дәрілік препараттың саудалық атауы мен серия нөмірін анық көрсету керек.
Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық
Инфликсимабты қолданудың анафилаксиялық шокты және баяулатылған типтегі аса жоғары сезімталдық реакциясын қоса, жедел инфузиялық реакциялармен байланысы бар.
Анафилаксиялық реакцияны қоса, жедел инфузиялық реакциялар инфузия кезінде (бірнеше секундтің ішінде) немесе одан кейін бірнеше сағаттан соң дамуы мүмкін. Жедел инфузиялық реакциялар дамыған жағдайда енгізуді дереу тоқтату керек. Адреналин, антигистаминдік препараттар, кортикостероидтар және өкпені жасанды желдетуге арналған құрал сияқты реанимацияға және қарқынды емге арналған жабдықтар әрқашанда қолда болуы керек. Пациенттер жеңіл және өтпелі әсерлердің алдын алу үшін, мысалы, антигистаминдік препараттарды, гидрокортизонды және/немесе парацетамолды пайдаланып премедикация алуына болады.
Инфликсимабқа антиденелер дамуы мүмкін, олар инфузиялық реакциялардың пайда болу жиілігінің жоғарылауымен байланысты. Инфузиялық реакциялардың аздаған үлесі күрделі аллергиялық реакциялар болып келеді. Инфликсимабқа антиденелердің дамуы мен жауап ұзақтығының қысқаруы арасында байланыс бар екені де байқалған. Иммуномодуляторларды бір мезгілде тағайындау инфликсимабқа антиденелердің пайда болу жиілігінің төмендеуімен және инфузиялық реакциялардың даму жиілігінің төмендеуімен байланысты болды. Бір мезгілде жүргізілетін иммуномодуляциялық емнің әсері демеуші ем алған пациентермен салыстырғанда ауық-ауық ем алатын пациенттерде айқынырақ болды. Инфликсимабпен емделуге дейін немесе емделу кезінде иммунодепрессанттарды қолдануды тоқтатқан пациенттер аталған антиденелердің түзілуінің жоғарырақ қаупіне ұшырайды. Инфликсимабқа антиденелер сарысу үлгілерінен үнемі анықтала бермейді. Күрделі реакциялар пайда болған кезде симптоматикалық ем жүргізу қажет және инфликсимабты одан әрі енгізуден аулақ болған жөн.
Баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары жөнінде хабарланды. Қолжетімді деректер инфликсимаб қолданылмайтын аралықтардың ұлғаюымен байланысты баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциясының қаупі жоғары екенін көрсетеді. Пациенттерге кез келген кешеуілдеген жағымсыз реакциялар пайда болған кезде медициналық көмекке жүгінуі керектігі жөнінде ақпарт берілуге тиіс. Егер пациенттер ұзақ үзілістен кейін қайтадан ем қабылдаса, оларда баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері мен симптомдары бар-жоғына мұқият бақылау жүргізу керек.
Инфекциялар
Инфликсимабпен емдеу кезінде және емдеуден кейін пациенттерде туберкулезді қоса, инфекциялардың бар-жоғына мұқият бақылау жүргізу керек. Инфликсимабтың шығарылу кезеңі 6 айға дейін уақыт алуы мүмкін болуына байланысты, бақылауды осы кезең бойы толық жүргізу керек. Егер пациентте күрделі инфекция немесе сепсис дамыса, инфликсимабпен одан әрі ем жүргізбеу керек.
Анамнезінде созылмалы инфекциялық аурулары немесе қайталанатын инфекциялары бар пациенттерге иммунодепрессивтік емнің бір мезгілде қолданылуын қоса, инфликсимабты тағайындауды сақтықпен қарастырған жөн. Пациенттер инфекцияның пайда болуына жағдай жасайтын әлеуетті қауіп факторларынан хабардар болуға және олардан аулақ болуға тиіс.
Альфа ісік некрозы факторы (ІНФα) қабынуға түрткі болады және жасушалық иммундық жауаптың жиілігін азайтады. Тәжірибелік деректер ІНФα жасушаішілік инфекцияларды жою үшін қажет екенін айғақтайды. Клиникалық тәжірибе көрсеткендей, инфликсимаб қабылдайтын кейбір пациенттерде организмнің инфекциядан қалыпты қорғаныш реакциясы бұзылады.
ІНФα басылуы қызба сияқты инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін екенін айта кету керек. Күрделі инфекциялардың типтік емес клиникалық білінулері және сирек әрі әдеттен тыс инфекциялардың типтік клиникалық білінулері ерте анықтау диагностикадағы және емдеудегі кідірістерді барынша азайту үшін шешуші маңызға ие.
ІНФ блокаторларын қабылдайтын пациенттер күрделі инфекцияларға бейімірек болады.
Инфликсимабты қабылдаған пациенттерде туберкулез, сепсисті және пневмонияны қоса, бактериялық инфекциялар, инвазивтік зеңдік, вирустық және басқа шартты-патогендік микроорганизмдерден туындаған инфекциялар байқалған. Бұл инфекциялардың кейбіреулері өліммен аяқталған; шартты-патогендік организмдерден туындаған ең жиі кездесетін инфекциялар, >5% өлім жағдайларымен, пневмоцистозды, кандидозды, листериозды және аспергиллезді қамтиды.
Инфликсимабпен емделу кезінде жаңа инфекция дамыған пациенттер мұқият бақылауға алынуы және толық диагностикалық тексеруден өтуі тиіс. Егер пациентте жаңа күрделі инфекция немесе сепсис дамыса, инфликсимабты қолдануды тоқтату және инфекцияның дамуы тоқтағанға дейін микробқа қарсы немесе зеңге қарсы тиісті емді бастау керек.
Туберкулез
Инфликсимабты қабылдаған пациенттерде туберкулездің ашық түрі туралы хабарланған. Бұл хабарлардың көпшілігінде туберкулез жергілікті, немесе жайылған ауру түрінде жүріп, өкпеден тыс болғанын атап өту керек.
Инфликсимабпен емдеу басталғанға дейін барлық пациенттер туберкулездің ашық та, жабық та (латентті) түрлерінің бар-жоғына тексеруден өтуі керек. Аталған тексеру жан-жақты медициналық анамнезді және туберкулезге қатысты жеке ақпаратты немесе туберкулезден зардап шегуші адаммен байланысуды, және/немесе қазіргі уақытта қолданылып жүрген иммунодепрессивтік ем туралы ақпаратты қамтуы керек. Тиісті скринингтік тестілер (мысалы, туберкулиндік тері сынамасы, кеуде қуысының рентгенографиясы және/немесе гамма-интерферон талдауы) барлық пациенттерде (жергілікті ұсынымдарға сәйкес) жүргізілуі керек. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін пациентке арналған жадынамаға енгізу ұсынылады. Медициналық қызметкерлер туберкулиндік тері сынамасын жүргізгенде, әсіресе ауыр аурулары бар немесе иммунитеті әлсіреген пациенттерде жалған теріс нәтижелердің алыну қаупі туралы хабардар.
Белсенді формадағы туберкулез диагнозы инфликсимабпен емге қарсы көрсетілім болып табылады.
Жасырын туберкулезге күдік туғанда осы салада тәжірибесі бар маманның кеңесі қажет. Төменде сипатталған барлық жағдайларда инфликсимабпен емнің пайда-қауіп теңгерімін мұқият қарастыру керек.
Егер туберкулездің белсенді емес (жасырын) формасы диагностикаланса, онда емдеуді инфликсимабпен емді бастағанға дейін жергілікті ұсынымдарға сәйкес туберкулезге қарсы емнен бастау керек.
Туберкулез дамуының бірнеше немесе маңызды қауіп факторлары бар және латентті туберкулезге тест теріс нәтиже берген пациенттерге инфликсимабпен емдеуді бастағанға дейін туберкулезге қарсы ем тағайындау мәселесін қарастыру керек.
Туберкулезге қарсы емді қолдануды анамнезінде туберкулездің белсенді немесе жасырын түрі бар пациенттерде инфликсимабты қолдануды бастағанға дейін де қарастырған жөн, оларда талапқа сай емдеу курсы бекітілуі мүмкін емес.
Латентті туберкулезді емдеу кезінде және емдеуден кейін инфликсимабты қабылдаған пациенттерде белсенді туберкулез дамуының бірнеше жағдайлары туралы хабарланған.
Барлық пациенттер, егер туберкулезді білдіретін белгілер/симптомдар (мысалы, ұдайы жөтелу, арықтау/дене салмағының азаюы, субфебрильді температурамен қызба) инфликсимабпен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін пайда болса, дәрігерге көріну қажеттілігі туралы хабардар болуы тиіс.
Инвазивтік зеңдік инфекциялар
Инфликсимабты қабылдайтын пациенттерде аспергиллез, кандидоз, пневмоцистоз, гистоплазмоз, кокцидиоидомикоз немесе бластомикоз сияқты инвазивтік зеңдік инфекцияларға күдіктену керек, егер оларда күрделі жүйелі ауру дамыса, онда тексеру үдерісінің ерте сатысында оларға инвазивтік зеңдік инфекцияларды диагностикалау және емдеу тәжірибесі бар дәрігердің кеңесін алу қажет.
Инвазивтік зеңдік инфекциялар оқшауланған ауру емес, диссеминацияланған түрде білінуі мүмкін және белсенді инфекциясы бар кейбір пациенттерде антигендер мен антиденелерге талдаулар теріс болуы мүмкін. Диагностикалық тексеру жүргізген кезде ауыр зеңдік инфекция қаупін де, зеңге қарсы емнің қауіптерін де ескере отырып, зеңге қарсы тиісті эмпирикалық ем қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Гистоплазмоз, кокцидиоидомикоз немесе бластомикоз сияқты инвазивтік зеңдік инфекциялар эндемиялық болып табылатын аймақтарда тұрған немесе сондай аймақтарға саяхат жасаған пациенттер үшін инфликсимабпен емдеудің пайдасы мен қаупін ем басталғанға дейін мұқият қарастыру керек.
Крон ауруының жыланкөздік түрі
Жедел іріңді жыланкөздер түзілетін Крон ауруының жыланкөздік түрі бар пациенттерге инфликсимабпен емді ықтимал инфекция көзі, атап айтқанда абсцесс жоққа шығарылмайынша бастауға болмайды.
В гепатитінің (ВГВ) реактивациясы
В гепатиті вирусының реактивациясы осы вирустың тұрақты тасымалдаушысы ретіндегі пациенттерде орын алды, оларға ІНФ антагонистері, оның ішінде инфликсимаб тағайындалды. Кейбір жағдайлардың өліммен аяқталуы байқалды.
Пациенттер инфликсимабпен ем басталмай тұрып ВГВ вирусының болуына талдаудан өтуге тиіс. ВГВ инфекциясы талдауының оң нәтижесі бар пациенттерге В гепатитін емдеу тәжірибесі бар дәрігердің кеңесі ұсынылады. Инфликсимабпен емдеуді қажет ететін, В гепатитінің тасымалдаушылары ем барысында және ол аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы белсенді ВГВ инфекциясының белгілері мен симптомдары пайда болуына қатысты мұқият бақылауда болуға тиіс. ВГВ тасымалдаушылары болып табылатын және ВГВ реактивациясының профилактикасы үшін ІНФ антагонистерімен еммен біріктіріп вирусқа қарсы ем алатын пациенттерді емдеу туралы сенімді қолжетімді ақпарат жоқ. ВГВ реактивациясы дамыған пациенттерге инфликсимаб қолдануды тоқтату және тиісті демеуші еммен вирусқа қарсы тиімді емді тағайындау керек.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Инфликсимабты тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде сарғаю және инфекциялық емес гепатит жағдайлары байқалды, аутоиммундық гепатит белгілерімен бірнеше жағдайлар тіркелді. Бауыр трансплантацияына немесе өлімге әкелген бауыр функциясы жеткіліксіздігінің бірнеше жағдайлары байқалды. Бауыр функциясы бұзылуының белгілері мен симптомдары бар пациенттер бауырдың зақымдануын анықтау үшін тексерілуге тиіс. Сарғаю және/немесе АЛТ қалыпты деңгейінен ≥ 5 есе жоғарылауы дамыған кезде, инфликсимабты қолдануды тоқтату және аталған ауытқулардың пайда болу себептеріне тексеру жүргізу керек.
ІНФα және анакинра тежегіштерін бір мезгілде тағайындау
Анакинраны және этанерцепті, ІНФα басқа тежегішін бір мезгілде қолданғанда этанерцепті монотерапия ретінде қолданумен салыстырғанда қосымша клиникалық пайдасынсыз күрделі инфекциялар және нейтропения байқалды. Этанерцептпен және анакинрамен біріктірілген емде байқалатын жағымсыз реакциялардың табиғатын ескерсек, ұқсас уыттылық реакциялары анакинра мен ІНФα бөгейтін басқа препараттарды біріктіріп қолданған кезде де туындауы мүмкін. Демек, инфликсимаб пен анакинраны біріктіру ұсынылмайды.
ІНФα тежегіштерін және абатацепті бір мезгілде тағайындау
ІНФ антагонистерін монотерапия ретінде қолданумен салыстырғанда, ІНФ антагонистерін және абатацепті бір мезгілде тағайындау клиникалық пайдасының артуынсыз, күрделі инфекцияларды қоса, инфекцияның қаупі жоғарылауымен байланысты болды. Инфликсимаб пен анакинраны біріктіру ұсынылмайды.
Басқа биологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану
Инфликсимабпен емделетін жағдайларды емдеуге пайдаланылатын басқа биологиялық препараттармен инфликсимабты бір мезгілде қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз. Инфекциялардың және басқа әлеуетті фармакологиялық өзара әрекеттесулердің пайда болу қаупі жоғарылау мүмкіндігіне байланысты, инфликсимабты осы биологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бір биологиялық АМРҚП-дан басқасына ауысу
Бір биологиялық препараттан басқасына ауысқан кезде сақтық таныту және пациенттерді бақылауды жалғастыру керек, өйткені ішінара сәйкес келетін биологиялық белсенділік инфекцияны қоса, жағымсыз реакциялардың даму қаупін одан әрі арттыруы мүмкін.
Вакцинациялар
Егер бұл мүмкін болса, Ремсима® препаратымен емді бастағанға дейін пациенттерге вакцинация бойынша қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес екпе жасау ұсынылады. Инфликсимабты қабылдайтын пациенттерге тірі вакциналарды қоспағанда, вакцинацияны бір мезгілде жүргізуге болады.
Әдебиетте жарияланған әртүрлі көрсетілімдер кезіндегі зерттеу нәтижелері (мысалы, ревматоидты артрит, псориаз, Крон ауруы) инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерімен емдеу кезінде жүргізілетін тірі емес вакциналармен вакцинация жасау ІНФ тежегіштерімен ем алмаған пациенттермен салыстырғанда төменірек иммундық жауапты туғызуы мүмкін екенін көрсетеді.
Емдік-профилактикалық мақсаттарда қолданылатын тірі вакциналар/ инфекциялық аурулардың қоздырғыштары
ІНФ тежегіштерімен ем алатын пациенттер туралы тірі вакциналармен вакцинация жасауға немесе тірі вакциналармен инфекцияның екінші рет берілуіне қатысты шектеулі деректер бар. Тірі вакциналарды қолдану жайылған инфекцияларды қоса, клиникалық инфекцияларға әкелуі мүмкін. Тірі вакциналарды инфликсимабпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Инфликсимабтың құрсақішілік әсеріне ұшыраған емшек еметін жастағы балаларда, туғаннан кейін БЦЖ вакцинасын қолданудан соң Кальметт-Герен бацилласынан (БЦЖ) туындаған жайылған инфекция салдарынан өліммен аяқталу туралы хабарланды. Инфликсимабтың құрсақішілік әсеріне ұшыраған балаларға тірі вакциналарды енгізгенге дейін, туғаннан кейін кем дегенде алты айлық аралықты сақтау ұсынылады.
Тірі әлсіреген бактериялар сияқты инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын емдік мақсаттарда қолданудың басқа түрлері (мысалы, қуық обырын емдеу үшін БЦЖ вакцинасымен қуыққа инстилляция жасау) жайылған инфекцияларды қоса, клиникалық инфекциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын емдік-профилактикалық мақсаттарда инфликсимабпен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.
Аутоиммундық үдерістер
ІНФ тежегіштерімен емнен туындаған ІНФα салыстырмалы тапшылығы аутоиммундық үдерістің басталуына әкелуі мүмкін. Егер пациентте инфликсимабпен емдеу аясында жегілік синдром дамиды деп болжанса және қос спиральді ДНҚ антиденелеріне талдау нәтижелері оң болса, инфликсимабпен емді жалғастырмау керек.
Неврологиялық бұзылулар
ІНФ тежегіштерін, оның ішінде инфликсимабты қолдану жайылған склерозды қоса, орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы ауруларының клиникалық симптомдарының нашарлау және/немесе рентгенологиялық дәлелдерінің, сондай-ақ Гийен-Барре синдромын қоса, шеткері демиелинизациялаушы бұзылулардың пайда болу жағдайларымен байланысты. Бұрын диагностикаланған немесе жақында анықталған демиелинизациялаушы бұзылулары бар пациенттерде ІНФ тежегіштерімен емдеудің пайдасы мен қауіптері инфликсимабпен емді бастамай тұрып мұқият таразылануы керек. Егер мұндай бұзылулар дамыса, инфликсимабпен емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек.
Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферативік бұзылыстар
ІНФ-бөгейтін препараттарды зерттеулерде пациенттердің бақылау топтарымен салыстырғанда ІНФ блокаторын алған пациенттер арасында лимфоманы қоса, қатерлі жаңа түзілімдердің көптеген жағдайлары байқалды. Инфликсимабты зерттеу кезінде барлық тіркелген көрсетілімдер бойынша лимфоманың пайда болу жиілігі инфликсимаб алған пациенттерде жалпы популяцияда күтілгенге қарағанда жоғарырақ болды, бірақ лимфоманың пайда болуы сирек болды. Тіркеуден кейінгі жағдайларда лейкоз жағдайлары ІНФ антагонистерін алған пациенттерде тіркелді. Ұзақ ағымдағы белсенділігі жоғары қабыну ауруы ревматоидты артриттен зардап шегетін пациенттерде лимфоманың және лейкоздың пайда болуының өзекті жоғары қаупі бар, бұл қауіпке баға беруді қиындатады.
Зерттеуде, инфликсимабты өкпенің айқындығы орташа және ауыр созылмалы обструктивтік ауруы (ӨСОА) бар пациенттерде қолдануға баға беру мақсатында, инфликсимабты алған пациенттерде бақылау тобындағы пациенттермен салыстырғанда қатерлі жаңа түзілімдер санының көптігі байқалды. Барлық пациенттер бұрын көп шылым шеккен, бұл ӨСОА себебі болуы мүмкін. Шылымды көп шегуге байланысты қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупі жоғары пациенттерді емдеу мәселесін қарастырғанда сақтық таныту керек.
Қолда бар білім негізінде ІНФ бөгейтін препараттарды қабылдайтын пациенттерде лимфоманың немесе басқа қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін жоққа шығаруға болмайды. Анамнезінде қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде ІНФ-бөгейтін емді қолдану мүмкіндігін қарастырған кезде немесе алғаш рет анықталған қатерлі ісігі бар пациенттерді емдеуді жалғастыру мүмкіндігін қарастырған кезде сақтық таныту керек.
Псориаздан зардап шегетін және анамнезінде иммунодепрессанттармен ауқымды ем немесе ұзаққа созылған ПУВА емі болған пациенттермен де сақтық таныту керек.
Тіркеуден кейінгі қолдануда инфликсимабты қоса, ІНФ блокаторларын алған (емнің басталуы ≤ 18 жас) балаларда, жасөспірімдер мен жас адамдарда (22 жасқа дейінгі) қатерлі, кейде өліммен аяқталған жаңа түзілімдер тіркелген. Жағдайлардың шамамен жартысына жуығы лимфомалар болған. Басқа жағдайлар көптеген әр алуан қатерлі жаңа түзілімдер болды және иммуносупрессияға байланысты сирек қатерлі жаңа түзілімдерді қамтыды. ІНФ блокаторларымен ем қабылдайтын пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін жоққа шығаруға болмайды
Тіркеуден кейінгі кезеңде инфликсимабты қоса, ІНФ блокаторларын алған пациенттерде бауырдың және көкбауырдың Т-жасушалық лимфомасы (БКТЖЛ) жағдайлары тікелді. Т-жасушалық лимфоманың бұл сирек типі аурудың өте үдемелі ағымымен сипатталады және әдетте өлімге әкеледі. Пациенттердің барлығы дерлік АЗА немесе 6-МП емін бір мезгілде немесе тікелей ІНФ блокаторларын қолданатын емнің алдында қабылдаған. Инфликсимабты қолданумен болған жағдайлардың басым көпшілігі Крон ауруы немесе ойықжаралы колиті бар пациенттерде орын алды және олардың көпшілігі жасөспірімдерде немесе жас еркектерде тіркелді. АЗА немесе 6-МП және инфликсимаб біріктірілімін қолданған кезде әлеуетті қауіптерді мұқият бағалау керек. Инфликсимабты қабылдаған пациенттерде бауырдың және көкбауырдың
Т-жасушалық лимфомасының даму қаупін жоққа шығаруға болмайды
Меланома және Меркель жасушаларының карциномасы инфликсимабты қоса, ІНФ блокаторларын алған пациенттерде тіркелген. Әсіресе тері обырының даму қаупінің факторлары бар пациенттерде теріні мезгіл-мезгіл тексеріп тұрған жөн.
Зерттеу ревматоидты артриті бар, инфликсимабты қабылдайтын әйелдерде жатыр мойыны обырымен ауыру бұрын биологиялық препараттарды қабылдамаған пациент әйелдермен салыстырғанда немесе жалпы популяция арасында, оның ішінде 60 жастан асқандарда ұлғайғанын көрсетті. Инфликсимабты қабылдаған, оның ішінде 60 жастан асқан әйелдерде мезгіл-мезгіл скрининг жасап тұру қажет.
Ойықжаралы колиттен зардап шегетін, тоқ ішектің дисплазиясы немесе карциномасы қаупі жоғарылаған (мысалы, ұзаққа созылған ойықжаралы колиті немесе бастапқы склероздаушы холангиті бар пациенттер) немесе анамнезінде тоқ ішектің дисплазиясы немесе карциномасы бар барлық пациенттер ем алдында тұрақты уақыт аралықтарымен және аурудың бүкіл ағымы барысында дисплазияға скринингтен өтуі керек. Аталған тексеру жергілікті ұсынымдарға сәйкес колоноскопияны және биопсияны қамтуы керек. Қазіргі сәтте қолда бар мәліметтер инфликсимабпен емдеудің то ішек дисплазиясының немесе обырының даму қаупіне ықпал ететінін көрсетпейді.
Жақында диагностикаланған дисплазиясы бар, инфликсимабты қабылдайтын пациенттерде обырдың даму қаупінің жоғарылау ықтималдығы анықталмағандықтан, емдеуші дәрігер емді жалғастырудың пайдасы мен қаупін әрбір пациентке қатысты мұқият жеке таразылауы керек.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Инфликсимабты жүрек функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар (NYHA I/II класы) пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Егер пациенттерде жүрек функциясының жеткіліксіздігі алғаш рет пайда болса немесе бұрыннан бары нашарлап кетсе, пациенттер мұқият бақылауда болуы керек және инфликсимабпен емдеуді жалғастырмау керек.
Гематологиялық реакциялар
Инфликсимабты қоса, ІНФ блокаторларын алған пациенттерде панцитопения, лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения туралы хабарлар келіп түскен. Барлық пациенттер қан тарапынан бұзылуды болжайтын белгілер мен симптомдар (мысалы, тұрақты қызба, көгеру, қан кету, бозару) пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабардар етілуге тиіс. Расталған маңызды гематологиялық бұзылулары бар пациенттерде инфликсимабпен емді тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.
Басқа
Артропластиканы қоса, хирургиялық араласуларды бастан өткерген пациенттерде инфликсимабпен емдеу тәжірибесі шектеулі. Егер хирургиялық араласу жоспарланса, инфликсимабтың жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығын ескеру қажет. Инфликсимабпен емдеу кезінде хирургиялық операция қажет болатын пациент қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау мақсатында инфекциялардың дамуына мұқият бақылауда болуы тиіс.
Крон ауруын емдеуге жауаптың болмауы хирургиялық емдеуді қажет ететін бекітілген фиброздық стриктураның бар екенін көрсетуі мүмкін. Инфликсимаб фиброздық стриктураларды туғызатыны немесе нашарлататынын туралы дәлелдер жоқ.

Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Инфликсимабты алған, 65 жастағы және одан үлкен пациенттерде ауыр инфекциялардың пайда болу жиілігі 65 жасқа толмаған пациенттерге қарағанда жоғары болды. Кейбір жағдайлар өліммен аяқталды. Егде жастағы пациенттерді емдеген кезде инфекцияның пайда болу қаупіне ерекше көңіл бөлу керек.
Бала жасындағы пациенттер
Инфекциялар
Клиникалық зерттеулер жүргізген кезде ересек пациенттермен салыстырғанда инфекциялардың көбінесе балалар жасындағы пациенттерде пайда болғаны хабарланған.
Вакцинациялар
Егер мүмкін болса, бала пациенттерге инфликсимабпен емді бастағанға дейін вакцинация жөніндегі қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес екпе жасау ұсынылады. Инфликсимабты қабылдайтын бала пациенттерге тірі вакциналарды қоспағанда, екпе жасауға болады.
Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферативтік бұзылыстар
Тіркеуден кейінгі қолдануда инфликсимабты қоса, ІНФ блокаторларын алған (емнің басталуы ≤ 18 жас) балаларда, жасөспірімдер мен жас адамдарда (22 жасқа дейінгі) қатерлі, кейде өліммен аяқталған жаңа түзілімдер тіркелген. Жағдайлардың шамамен жартысына жуығы лимфомалар болған. Басқа жағдайлар көптеген әр алуан қатерлі жаңа түзілімдер болды және иммуносупрессияға байланысты сирек қатерлі жаңа түзілімдерді қамтыды. ІНФ блокаторларымен ем қабылдайтын балалар мен жасөспірімдерде қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Бауыр мен көкбауырдың Т-жасушалық лимфомасының тіркеуден кейінгі жағдайлары инфликсимабты қоса алғанда, ІНФ блокаторларын алған пациенттерде тіркелген. Т-жасушалық лимфоманың бұл сирек типі аурудың өте үдемелі ағымымен сипатталады және әдетте өлімге әкеледі. Пациенттердің барлығы дерлік АЗА немесе 6-МП емін бір мезгілде немесе тікелей ІНФ блокаторларын қолданатын емнің алдында қабылдаған. Инфликсимабты қолданумен болған жағдайлардың басым көпшілігі Крон ауруы немесе ойықжаралы колиті бар пациенттерде орын алды және олардың көпшілігі жасөспірімдерде немесе жас еркектерде тіркелді. АЗА немесе 6-МП және инфликсимаб біріктірілімін қолданған кезде әлеуетті қауіптерді мұқият бағалау керек. Инфликсимабты қабылдаған пациенттерде бауырдың және көкбауырдың Т-жасушалық лимфомасының даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Натрий мөлшері
Ремсима® препаратының құрамында дозаға шаққанда 1 ммольден азырақ натрий (23 мг) бар, яғни шын мәнінде «натрий жоқ». Алайда Ремсима® препаратын инфузия үшін натрий хлоридінің 9 мг/мл (0.9%) ерітіндісімен сұйылтады. Натрий деңгейі бақыланатын диетадағы пациенттерде осыны ескеру керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бала көтеретін шақтағы әйелдер
Бала көтеретін шақтағы әйелдерге жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның тиісті әдістерін пайдалану мүмкіндігін қарастыру және инфликсимабпен емдеудің соңғы курсынан кейін оларды пайдалануды кем дегенде 6 ай бойы жалғастыру керек.
Жүктілік
ІНАα тежелуіне байланысты, инфликсимабты жүктілік кезінде қолдану жаңа туған нәрестенің қалыпты иммундық жауабына ықпал етуі мүмкін.
Қолжетімді клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі. Егер бұл шын мәнінде қажет болса ғана, инфликсимабты жүктілік кезінде қолдану керек.
Инфликсимаб плацента арқылы өтеді және туғаннан кейін 6 айға дейін балалардың қан сарысуынан анықталады. Инфликсимабтың құрсақішілік әсерінен кейін балалар өлімге әкелетін жайылған ауыр инфекцияны қоса, инфекция туындауының жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін. Инфликсимабтың құрсақішілік әсеріне ұшыраған балаларға туғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы тірі вакциналарды (мысалы, БЦЖ вакциналарын) қолдану ұсынылмайды. Сондай-ақ, агранулоцитоздың жағдайлары туралы хабарланды.
Бала емізу
Инфликсимаб ана сүтімен бөліне ме немесе ішке қабылдағаннан кейін жүйелі сіңуге ұшырай ма, белгісіз. Иммуноглобулиндер адамда сүтпен бөлінетіндіктен, әйелдерге инфликсимабпен емделгеннен кейін кем дегенде 6 ай бойы бала емізуіне болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер Ремсима® препаратымен емделу кезінде шаршауды сезінсе, пациенттер көлік құралдарын жүргізуден және басқа механизмдерді басқарудан бас тартуы қажет.
Дозалау режимі
Ересектер
Ревматоидты артрит
Препарат дене салмағына 3 мг/кг дозада венаішілік инфузия арқылы енгізіледі, одан әрі бірінші инфузиядан кейін 2 және 6-шы апталарда, сосын әр 8 апта сайын 3 мг/кг инфузияға ұласады.
Ремсима® препаратын метотрексатпен бір мезгілде қолдану керек.
Қолда бар деректер клиникалық әсерге 12 апта емдеу кезінде жететінін көрсетеді. Бұл кезең ішінде әсері жеткіліксіз болса немесе әсері жоғалса:
- ең жоғарғы 7.5 мг/кг дозаға жеткенге дейін дозаны әр 4-8 апта сайын 1.5 мг/кг біртіндеп арттыруға болады.
- немесе әр 4 апта сайын 3мг/кг дозада тағайындауға болады.
Егер талапқа сай жауапқа жетсе, пациенттер сол дозада және сондай инфузия аралығымен жалғастыра беруі тиіс.
Алғашқы 12 апта емдеу кезінде немесе дозаны түзеткеннен кейін емдік жауабы болмаған пациенттерде емді жалғастыру қайта қаралуы керек.
Орташа және ауыр дәрежедегі белсенділігі жоғары Крон ауруы
5 мг/кг дозада венаішілік инфузия және 2 аптадан соң 5 мг/кг дозада қосымша инфузия. Жауап болмаған жағдайда 2 дозадан кейін Ремсима® препаратымен ем тоқтатылуы керек. Қолжетімді деректер бірінші инфузиядан кейін 6 апта бойы жауапқа жетпеген пациенттерде Ремсима® препаратымен емдеуді жалғастыруды қолдамайды.
Емге жауап берген пациенттердегі емді жалғастыру нұсқалары:
• Демеуші ем: бастапқы дозадан кейін 6 аптадан соң 5 мг/кг дозада, артынан әр 8 апта сайын қосымша инфузия немесе
• Препаратты қайта қолдану: симптоматика жаңғыруында 5 мг/кг дозада инфузия.
5 мг/кг дозаға бастапқыда жауап берген, бірақ бұл жауапты жоғалтқан пациенттер үшін шектеулі қолжетімді деректер дозаны арттырғанда оның қалыпқа келу мүмкіндігін көрсетеді. Дозаны түзеткеннен кейін емдік пайдаға жетпеген пациенттерде емді жалғастыру мәселесін қарастыруға ерекше сақтықпен келу керек.
Крон ауруының белсенді жыланкөздік түрі
5 мг/кг дозада вена ішілік инфузия және бірінші инфузиядан кейінгі 2 және 6-аптада 5 мг/кг дозада қосымша инфузиялар. 3 дозадан кейін жауап болмаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Емге жауап берген пациенттердегі емді жалғастыру нұсқалары:
• Демеуші ем: әр 8 апта сайын 5 мг/кг дозада қосымша инфузиялар немесе
• Препаратты қайта қолдану: симптоматика жаңарғанда 5 мг/кг дозада инфузия, соңынан әр 8 апта сайын 5 мг/кг дозада инфузиялар
5 мг/кг дозаға бастапқыда жауап берген, бірақ бұл жауапты жоғалтқан пациенттер үшін шектеулі қолжетімді деректер дозаны арттырғанда оның қалыпқа келу мүмкіндігін көрсетеді. Дозаны түзеткеннен кейін емдік әсерге жетпеген пациенттерде емді жалғастырудың мақсатқа сай болуын мұқият қарастыру керек.
Крон ауруы бар пациенттерде симптоматика қайталануынан кейін емді жаңғырту тәжірибесі шектеулі, ал емді жалғастырудың баламалы стратегияларының қауіп/пайда арақатынасын салыстырмалы бағалау деректері жеткіліксіз.
Спецификалық емес ойықжаралы колит
Препарат дене салмағына 5 мг/кг дозада венаішілік инфузия арқылы енгізіледі, одан әрі бірінші инфузиядан кейін 2 және 6-шы апталарда, сосын әр 8 апта сайын 5 мг/кг инфузияға ұласады. Қолда бар деректер клиникалық әсерге әдетте 14 апта емдеу кезінде, яғни үш дозаны енгізгеннен кейін жететінін көрсетеді. Клиникалық әсерге жетпеген пациенттерде емді жалғастыру қайта қарастырылуы керек.
Шорбуындайтын спондилит
Препарат дене салмағына 5 мг/кг дозада венаішілік инфузия арқылы енгізіледі, одан әрі бірінші инфузиядан кейін 2 және 6-шы апталарда, сосын әр 6-8 апта сайын 5 мг/кг инфузияға ұласады.
Егер пациент 6 аптаның ішінде (2 дозадан кейін) жауап бермесе, инфликсимабпен емді тоқтатады.
Псориаздық артрит
Препарат дене салмағына 5 мг/кг дозада венаішілік инфузия арқылы енгізіледі, одан әрі бірінші инфузиядан кейін 2 және 6-шы апталарда, сосын әр 8 апта сайын 5 мг/кг инфузияға ұласады.
Псориаз

Егер пациент 14 аптаның ішінде (4 дозадан кейін) жауап бермесе, инфликсимабпен емді тоқтатады.
Крон ауруы бар пациенттерге және ревматоидты артритте қайта тағайындау
Аурудың клиникалық білінулері қайталанған жағдайда, Ремсима® соңғы инфузиядан кейін 16 аптаның ішінде қайта тағайындалуы мүмкін.
Баяу типтегі аса жоғары сезімталдық реакциялары жиі туындаған жоқ және инфликсимабты қолданусыз 1 жылдан аз аралықтардан кейін тіркелді. Инфликсимабты қолданусыз 16 аптадан артық аралықтардан кейін қайталап енгізудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Бұл Крон ауруы бар пациенттерге де, ревматоидты артриті бар пациенттерге де қатысты.
Шорбуындайтын спондилит кезінде қайта тағайындау
Бұл ауруларда Ремсима® препаратын қайталап қолдану қажет болғанда препаратты әрбір 6-8 аптада енгізу ұсынылады.
Әр 6-8 аптада енгізуден басқа режимде қайта енгізудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Ойықжаралы колиті бар пациенттерге препаратты қайта қолдану
Препаратты 8 аптада бір рет енгізуден басқа режимде қайта енгізудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Псориаздық артриті бар пациенттерге препаратты қайта қолдану
Препаратты әрбір 8 аптада бір рет енгізуден басқа режимде қайта енгізудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Псориазы бар пациенттерге препаратты қайта қолдану
Препаратты 20 аптадан артық алмаған, псориазы бар пациенттерге Ремсима®препаратының бір реттік дозасын енгізудің шектеулі жиналған тәжірибесі, бастапқы индукциялық режиммен салыстырғанда, емдеу тиімділігінің төмендеуін және ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфузиялық реакциялардың даму жиілігінің жоғарылауын білдіреді.
Аурудың кенет өршуінен кейінгі емдеуді реиндукциялық режимде жаңғыртудың шектеулі тәжірибесі, 8 апталық демеуші еммен салыстырғанда, күрделі түрлерін қоса, инфузиялық реакциялар жиілігінің артуын дәлелдейді.
Әртүрлі көрсетімдерде қайталап енгізу
Демеуші емді тоқтату және емдеуді қайта жаңғырту қажет болған жағдайда, қайталанған индукция режимін пайдалану ұсынылмайды. Бұл жағдайда инфликсимабты бір реттік доза түрінде қайтадан енгізу керек, содан соң жоғарыда сипатталған демеуші доза жөніндегі нұсқауларға сүйенген жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)
Егде жастағы пациенттердің қатысуымен арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиренс көрсеткіштері мен таралу көлемінің жасына сай айтарлықтай айырмашылығы байқалған жоқ. Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы
Ремсима® препаратын пациенттердің осы тобында қолдану зерттелген жоқ. Дозалауға қатысты қандай да бір нұсқаулар жоқ.
Балалар мен жасөспірімдер
Крон ауруы (6-17 жас)
Препарат венаішілік инфузия арқылы дене салмағына 5 мг/кг дозада енгізіледі, одан әрі бірінші инфузиядан кейін 2 және 6-шы апталарда 5 мг/кг инфузия жасалады. Сосын әр 8 апта сайын. Егер пациент 10 аптаның ішінде жауап бермесе, инфликсимабпен емді тоқтатады.
Кейбір пациенттерге клиникалық пайдасын сақтап тұру үшін дозалаудың қысқалау аралығы қажет болуы мүмкін, ал басқа пациенттерде дозалаудың ұзақтау аралығы жеткілікті болуы мүмкін. Дозалардың аралығы 8 аптадан аз уақытқа дейін қысқартылған пациенттер жағымсыз реакциялардың жоғарырақ қаупіне ұшырауы мүмкін. Дозалау аралығын өзгерткеннен кейін қосымша емдік пайдасының белгілері жоқ пациенттерде қысқартылған аралықпен емді жалғастыру мәселесін мұқият қарастыру керек.
Крон ауруынан зардап шегетін, 6 жастан кіші балаларда инфликсимабтың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ. 6 жастан кіші балалар үшін дозалануы жөнінде нұсқау беру мүмкін емес.
Спецификалық емес ойықжаралы колит (6-17 жас)
Препарат венаішілік инфузия арқылы дене салмағына 5 мг/кг дозада енгізіледі, одан әрі бірінші инфузиядан кейін 2 және 6-шы апталарда 5 мг/кг инфузия жасалады. Сосын әр 8 апта сайын.
Егер пациент 8 аптаның ішінде жауап бермесе, инфликсимабпен емді тоқтатады.
Ойықжаралы колиттен зардап шегетін, 6 жастан кіші балаларда инфликсимабтың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ. 6 жастан кіші балалар үшін дозалануы жөнінде нұсқау беру мүмкін емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Емдеу биологиялық препараттармен емдеуде тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Ремсима® вена ішіне енгізуге арналған. Ремсима® препаратымен ем алатын пациенттерге қосымша парақты және пациентке арналған жадынаманы ұсыну қажет.
Ремсима® препаратымен емдеу кезінде қатар қолданылатын емнің басқа түрлерін, мысалы, кортикостероидтарды және иммунодепрессанттарды оңтайландыру керек.
Пациенттерге препараттың тура сол тағайындалған түрін (вена ішіне немесе тері астына енгізуге арналған) енгізуді қамтамасыз ету үшін, препараттың заттаңбасындағы ақпаратты тексеру маңызды.
Енгізу тәсілі
Ремсима® препаратын 2 сағат ішінде вена ішіне енгізеді. Инфузиядан кейін пациенттер жедел инфузиялық реакцияларға қатысты кемінде 1-2 сағат бойы бақылауда болуы керек. Инфузиялық реакциялар пайда болған жағдайда тиісті препараттар (адреналин, антигистаминді препараттар, кортикостероидтар, өкпені жасанды желдетуге арналған жабдықтар) енгізілуі және ауа өткізгіш пайдаланылуы керек. Кейбір жағдайларда антигистаминді препараттар, гидрокортизон және/немесе парацетамолды қоса премедикация жүргізу керек, ал инфузиялық реакциялар қаупін, әсіресе олар алдында дамыған болса, төмендету үшін біршама баяу инфузия жасалады.
Ересектерде әртүрлі көрсетілімдерде қысқартылған инфузияларды қолдану
Инфликсимабтың 2 сағаттық ең кемінде 3 бастапқы инфузиясы (индукциялық фаза) тағайындалған және демеуші ем қабылдап жүрген, мұқият іріктелген кейбір ересек пациенттер үшін келесі инфузиялардың уақытын кем дегенде 1 сағатқа дейін қысқартуды қарастыруға болады. Егер қысқартылған инфузия жүргізген кезде инфузиялық реакция пайда болса, емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда алдағы уақытта инфузия енгізу жылдамдығын азайтуды қарастыру керек. > 6 мг/кг дозалардағы қысқартылған венаішілік инфузияларды тағайындау зерттелген жоқ.
Инфузиялық ерітіндіні дайындау (медицина қызметкерлері үшін ақпарат)
Дозаны, Ремсима® құтыларының (әр құтыда 100 мг инфликсимаб бар) қажетті санын және еріткіш көлемін есептеңіз.
Әр құтының ішіндегісін асептикалық жағдайларда 21-ші (0,8 мм) немесе кіші калибрдегі инесімен шприцті пайдаланып инъекцияға арналған 10 мл суда ерітіңіз. Еріткішті енгізер алдында құтыдан пластик қақпағын ашыңыз және тығынды 70% спиртпен сүртіңіз. Шприцтің инесін құтыға резеңке тығынның ортасы арқылы енгізіңіз, су ағынын құтының қабырғасына бағыттаңыз. Еріткішті абайлап лиофилизацияланған ұнтақ ерігенге дейін құтыны айналдыра отырып араластырыңыз. Ұзақ және қатты шайқамаңыз. СІЛКУГЕ БОЛМАЙДЫ! Еріткенде көбік пайда болуы мүмкін. Ерітіндіні 5 минутқа қойып қойыңыз. Алынған ерітінді түссіз немесе әлсіз сары түсті және бұлыңғырланатын болуы керек. Онда жартылай мөлдір бөлшектердің аздаған мөлшері болуы мүмкін, өйткені инфликсимаб ақуыз болып табылады. Мөлдір емес бөлшектері бар ерітіндіні немесе түсі өзгерген ерітіндіні қолдануға болмайды.
Ремсима® ерітіндісінің дайындалған дозасының жалпы көлемін 0,9% натрий хлоридінің инъекцияға арналған ерітіндісімен 250 мл жеткізіңіз. Ол үшін, ішінде 250 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі бар, шыны құтыдан немесе инфузиялық қаптан дайындалған Ремсима® ерітіндісінің көлеміне сәйкес келетін көлемді алады. Содан кейін Ремсима® препаратының бұрын дайындалған ерітіндісін 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі бар құтыға немесе инфузиялық қапқа баяу қосады және абайлап араластырады.
Препаратта консервант жоқ болғандықтан, микробиологиялық тұрғыда инфузиялық ерітіндіні енгізуді оны ерітіп және сұйылтқаннан кейін 3 сағаттың ішінде бастау керек. Егер еріту және сұйылту қатаң асептикалық жағдайларда жүргізілсе, ерітіндіні 2-8°С температурада сақтағанда оны 24 сағат ішінде қолдануға болады.
Ремсима® препаратын басқа дәрілік заттармен бірге бір инфузиялық жүйемен енгізуге болмайды.
Инфузиялық ерітінді енгізер алдында көзбен қарап тексерілуі керек. Мөлдір емес бөлшектер, бөгде жүзінділер болған жағдайда және түсі өзгерген жағдайда ерітіндіні қолдануға болмайды.
Инфузиялық ерітіндінің пайдаланылмаған бөлігін ары қарай қолдануға болмайды. Егер препарат дереу пайдаланылмаған жағдайда, оның сақталу уақыты және енгізгенге дейінгі жағдайы пайдаланушының жауапкершілігінде болады.
Қалпына келтіргенге дейін:
Ремсима® препаратын 25°C-ге дейінгі температурада ең ұзағы 6 айға дейінгі кезең ішінде, бірақ жарамдылық мерзімінің аяқталуының бастапқы күнінен асырмай сақтауға болады. Жарамдылық мерзімі аяқталуының жаңа мерзімі картон қорапшада көрсетіледі. Ремсима® дәрілік препаратын тоңазытқыштан шығарғаннан кейін, препарат тоңазытқышқа қайтадан қойылмайды.
Қалпына келтіргеннен және сұйылтқаннан кейін:
Сұйылтылған ерітіндінің пайдалану кезінде 2°С-ден 8°С дейінгі температурада 28 күнге дейінгі уақыт кезеңі бойы және тоңазытқыштан шығарғаннан кейін 25°С температурада 24 сағат қосымша уақыт бойы химиялық және физикалық тұрақтылығы көрсетілген.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Уытты әсердің белгілерінсіз, 20 мг/кг жететін бір реттік дозалар енгізілген. Артық дозаланған жағдайда жағымсыз реакцияларын анықтау мақсатында пациентті бақылау ұсынылады, олар анықталған жағдайда дереу тиісті симптоматикалық ем тағайындалуы керек.

Дәрілік препарат қауіпсіздігінің жиынтық бейіні
Ең жиі тіркелетін жағымсыз дәрілік реакциялар (ЖДР) жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы болды. Инфликсимабқа қатысты хабарланған, ІНФ блокаторларын қолданумен байланысты ең күрделі ЖДР ВГВ реактивациясын, ЖІЖ (жүректің іркілген жеткіліксіздігін), ауыр инфекцияларды (сепсисті, шартты-патогендік микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды және туберкулезді қоса), сарысу құю ауруын (баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары), гематологиялық реакцияларды, жүйелі қызыл жегіні/жегі тәрізді синдромды, демиелинизациялайтын ауруларды, бауыр және өт шығару тарапынан бұзылуларды, лимфоманы, БКТЖЛ, лейкозды, Меркель жасушаларының карциномасын, меланоманы, балалардағы қатерлі жаңа түзілімдерді, саркоидоз/саркоид тәрізді реакцияны, ішек немесе перианальді абсцесті (Крон ауруы кезінде) және күрделі инфузиялық реакцияларды қамтыды.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте жиі:
- вирустық инфекциялар (мысалы, тұмау, герпес-вирустық инфекция)
- бас ауыруы
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары
- іштің ауыруы, жүрек айнуы
- инфузиялық реакциялар, ауыру
Жиі:
-бактериялық инфекциялар (мысалы, сепсис, целлюлит, абсцесс)
- нейтропения, лейкопения, анемия, лимфаденопатия
- аллергиялық респираторлық симптомдар
- депрессия, ұйқысыздық
- вертиго, бас айналуы, гипостезия, парестезия
- конъюнктивит
- тахикардия, жүрек қағуын сезіну
- артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, экхимоз, қан кернеулер, гиперимия
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (мысалы, бронхит, пневмония), диспноэ, мұрыннан қан кету
-асқазан-ішектен қан кету, диарея, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату
-бауыр функциясының бұзылуы, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы
-жаңа пайда болған псориаз немесе пустулезді псориазды қоса бұрыннан бар псориаздың нашарлауы (бастапқы, алақан-табандық түрі),, бөртпе, қышыну, тершеңдік, , зеңдік , экзема,
- артралгия, миалгия, арқаның ауыруы
- несеп шығару жолдарының инфекциясы
- кеуденің ауыруы, әлсіздік, қызба, енгізген жердегі реакциялар, қалтырау, ісіну
Жиі емес:
- туберкулез, зеңдік инфекциялар (мысалы, кандидоз, онихомикоз)
- тромбоцитопения, лимфоцитопения, лимфоцитоз
- анафилаксиялық реакциялар, жегі тәрізді синдром, сарысу құю ауруы немесе сарысу құю ауруына ұқсас реакциялар
-амнезия, үрейлі қозу, сананың шатасуы, ұйқышылдық, күйгелектік
-құрысулар, невропатия
-кератит, периорбиталдық ісіну, теріскен
- жүрек функциясының жеткіліксіздігі (жаңа білінулер немесе нашарлауы), аритмия, естен тану, брадикардия
-шеткері ишемия, тромбофлебит, гематома
-өкпе ісінуі, бронхоспазм, плеврит, плевралық жалқық
- ішек тесілуі, ішек стенозы, дивертикулит, панкреатит, хейлит
- гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдану, холецистит
- буллездік бөртпе, себорея, розацеа, тері папилломасы, , терінің пигментациясының бұзылуы
- пиелонефрит
- вагинит
- жараның жазылуының бұзылуы
- аутоантиденелерге талдаудың оң нәтижесі
Сирек:
- менингит, оппортунистік инфекциялар (инвазиялық зеңді инфекциялар [пневмоцистоз, гистоплазмоз, аспергиллез, кокцидиоидомикоз, криптококкоз, бластомикоз], бактериялық инфекциялар [атипиялық микобактериялық инфекциялар, листериоз, сальмонеллез], вирустық инфекциялар [цитомегаловирус], паразиттік аурулар, В гепатитінің реактивациясы сияқтылар)
- лимфома, ходжкиндік емес лимфома, Ходжкин лимфомасы, лейкоз, меланома, жатыр мойны обыры
- агранулоцитоз (инфликсимабқа құрсақішілік экспозициялы нәрестелерді қоса), тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, панцитопения, гемолиздік анемия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
- анафилаксиялық шок, васкулит, саркоидоз тәрізді реакциялар
- апатия
- көлденең миелит, орталық жүйке жүйесінің демиелинизацияланатын аурулары
(жайылған склероз және типі бойынша), шеткері жүйке жүйесінің демиелинизацияланатын аурулары (Гийен-Барре синдромы, созылмалы қабынбалы демиелинизацияланатын полиневропатия және мультифокальді моторлы невропатия)
- эндофтальмит
- цианоз, перикардтық жалқық
- қанайналымының бұзылуы, петехия, вазоспазм
- өкпенің интерстициальді үдерісі (тез үдемелі ауруын, өкпе фиброзын және пневмонитті қоса)
- аутоиммундық гепатит, сарғаю
- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема, фурункулез, желілі IgA-тәуелді буллездік дерматоз (ЖАБД), жедел жайылған экзантематоздық пустулез (ЖЖЭП), лихеноидтық реакциялар
- грануломатозды зақымданулар
- комплемент факторларын өндірудің бұзылуы
Жиілігі белгісіз:
- балалар мен ересектердегі обыр
- вакцинациядан туындаған инфекциялар (инфликсимабқа құрсақішілік экспозициядан соң)*
- бауырдың және көкбауырдың Т-жасушалық лимфомасы (көбінесе Крон ауруы және ойықжаралы колиті бар жасөспірімдер мен ер жынысты жас ересектерде)
- Меркель жасушаларының карциномасы
- Капоши саркомасы, 8 типті адам герпесі вирусымен инфекциялануға байланысты сирек қатерлі ауру. Капоши саркомасы көбінесе терідегі қызылкүрең зақымдану ошақтары түрінде білінеді
- инфузиямен тікелей уақыттық байланыста ми қанайналымының бұзылуы
- инфузия кезінде немесе одан кейінгі 2 сағат ішінде өтпелі көрмей қалу
- миокард ишемиясы/миокард инфарктісі
-инфузиямен тікелей уақыттық байланыста ми қанайналымының бұзылуы
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі
- дерматомиозит симптомдарының күшеюі (бұлшықет әлсіздігімен қатар жүретін тері бөртпесі түрінде білінеді)
* ірі қара мал туберкулезін қоса (диссеминацияланған БЦЖ-инфекция)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Препарат алынатын пластмасса қақпақпен және алюминий қалпақшамен қаусырылған бутилкаучуктан жасалған резеңке тығынмен тығындалған, I класты гидролитикалық түссіз шыны құтыға салынған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
2 ºС-ден 8 °C-ге дейінгі температурада cақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.