daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Гастал №60 Таблеткалар | Teva Operations Poland Sр.z.о.о

Алматы қаласындағы Гастал №60 Таблеткалар | Teva Operations Poland Sр.z.о.о
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, шеттері қиғашталған, ақтан крем түске дейінгі таблеткалар.

Өндіруші:

Teva Operations Poland Sр.z.о.о

Өндіруші ел:

Чехия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол (Е421), сорбитол (Е420), лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, натрий цикламаты, сахарин натрий, тальк, магний стеараты, пеперминт-хош иістендіргіші.

Қаптамадағы саны:

60 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- асқыну фазасындағы жедел және созылмалы гастрит

- жедел гастродуоденит

- асқыну фазасындағы асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы

- диафрагманың өңеш саңылауы жарығы

- рефлюкс-эзофагит

Қарсы көрсеткіштер

- алюминий және магний тұздарына немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының айқын бұзылуы

- Альцгеймер ауруы

- гипофосфатемия

- 6 жасқа дейінгі балалар.

- жүктілік

- фруктоза, галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы

Өзара әрекеттесуі

Гастро-Тева индометацин, салицилаттар, аминазин, фенитоин, Н2-гистаминді рецепторлар блокаторлары, дигоксин, бета-адреноблокаторлар, дифлунизал, изониазид, тетрациклинді және фторхинолонды қатардағы антибиотиктердің, жанама антикоагулянттардың, темір препараттарының, барбитураттардың, майда еритін дәрумендердің сіңірілуін төмендетеді және баяулатады (оларды Гастро-Теваны қабылдаудан 1 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек).

М-холиноблокаторлар асқазанның босатылуын баяулатады, Гастро-Теваның әсерін күшейтеді және ұзартады. Гастро-Тева леводопа мен налидикс қышқылының әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Гастро-Тева салицилаттардың бөлінуін арттыруы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектерге тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан соң және кешке ұйықтар алдында күніне 3-5 рет 2 таблетка қабылдау ұсынылады, тәуліктік дозасы 8 таблеткадан аспайды. Қолдану ұзақтығы 2 аптадан аспайды, дәрігердің ұсынысы бойынша дозалаудың басқа режимі тағайындалуы мүмкін!

Осыған ұқсас дозалар тамақ ішуге байланыссыз, қыжыл кезінде ұсынылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар - ересектерге арналған дозаның жартысын қабылдайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблетканы біртіндеп (бүтіндей жұтпастан) сорған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: Жедел артық дозалану симптомдары тіркелмеген.

Алайда, препаратты нұсқаулықта көрсетілгеннен жоғары дозада қабылдау препараттың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік затты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

6 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2, 5 немесе 10 пішінді қаптамадан  медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГастал №60 таблеткалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube