Қолдану көрсеткіштері
Пероральді енгізу жолы
Прогестерон-тапшылықты жағдайлар, атап айтқанда:
- етеккір алдындағы синдром
- овуляция немесе ановуляция бұзылуы салдарынан етеккір оралымының бұзылуы
- сүт безінің қатерсіз аурулары
- менопаузалық ауысу кезеңі
- менопауза (эстрогендермен еммен үйлесімдегі)
Келесі көрсеткіштер кезінде қынаптық енгізу жолы ұсынылады, дегенмен препаратты пероральді қолдануы да мүмкін:
- әйелде аналық без болмаған жағдайда құрамында прогестерон бар орын басу емі (жұмыртқа жасушаларының донорлығы)
- экстракорпоральді ұрықтандыруға дайындық кезінде (ЭКҰ) лютеинді фазаны қолдау
- өздігінен болған немесе индукцияланған етеккір оралымында лютеинді фазаны қолдау; гипофертильділік немесе бастапқы немесе салдарлық бедеулік жағдайларында
- түсік қаупі немесе жүктіліктің 12 аптасына дейін прогестерон жеткіліксіздігінің салдарынан әдеттегі түсікті болдырмау
Прогестерон жүктіліктің бар-жоғын диагностикалауға арналмаған.