daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Грипхот - С Ұнтақ 3,5 Г №10 | Адифарм ЕАД

Алматы қаласындағы Грипхот - С Ұнтақ 3,5 Г №10 | Адифарм ЕАД

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ұнтақ пен құрғақ агломераттардың ақ дерлік қоспасы.

Өндіруші:

Адифарм ЕАД

Өндіруші ел:

Болгария

Белсенді ингредиент:

- бауыр жеткіліксіздігі - жабық бұрышты глаукома - қуықасты безінің аденомасы - 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Белсенді заттың дозасы:

3,5 г

Дәрілік түрі:

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Қаптамадағы саны:

10 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын (респираторлық аурулар, аллергиялық ринит, ринофарингит) симптоматикалық емдеу.

- тұмауға ұқсас жай-күйлердің симптоматикалық емдеу (көзден жас ағуы, мұрынның шырышты бөлінділері, түшкіру, бас ауыруы және/немесе қызба)

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі

- жабық бұрышты глаукома

- қуықасты безінің аденомасы

- 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Сақтық шаралары

Тұрақты жоғары температура жағдайында, суперинфекция кезінде немесе егер препаратты қабылдау аясында симптомдар 5 күннен астам сақталса, емдеуді қайта қарау қажет.

Психологиялық тәуелділік қаупі ұсынылғаннан асатын дозаларды қабылдау кезінде және ұзақ емдеу кезінде пайда болуы мүмкін.

Артық дозалануды болдырмау үшін құрамында парацетамол бар басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануды болдырмау қажет.

Салмағы 50 кг-ден асатын ересектер үшін парацетамолдың жалпы дозасы күніне 4 грамнан аспауы тиіс.

Алкогольді қолдану немесе седативті дәрілерді қабылдау (әсіресе барбитураттар) антигистаминді препараттардың седативті әсерін күшейтеді, демек емдеу кезінде бұл біріктірілімнен аулақ болу керек.

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі <10 мл/мин) қабылдау арасындағы аралық кемінде 8 сағатты құрауы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Алкогольмен (препаратта фенираминнің болуына байланысты)

Алькоголь Н1-антигистаминді дәрілердің седативті әсерін күшейтеді.

Назарға алынуы қажет біріктірілімдер

Басқа седативті препараттармен бір мезгілде қабылдау (фенираминнің болуына байланысты)

морфин туындылары (анальгетиктер, жөтелді басатын дәрілер және симптоматикалық емдеу үшін), нейролептиктер

барбитураттар

бензодиазепиндер

бензодиазепиндер тобына жатпайтын ансиолитиктер (мысалы, непробамат)

гипноздық

седативті антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамин)

седативті H1-антигистаминді дәрілер

орталықтық әсер ететін гипертензияға қарсы препараттар, баклофен және талидомид, орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерді күшейтуі мүмкін.

Бұл біріктірілімдер көлік құралдарын басқару кезінде немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіпті болуы мүмкін зейін қою қабілетінің бұзылуын тудырады.

Басқа антихолинергиялық дәрілермен бір мезгілде қабылдау (фенираминнің болуына байланысты):

Имипраминді антидепрессанттар

Антихолинергиялық H1-антигистаминді препараттардың көбі

Антихолинергиялық антипаркинсондық дәрілік заттар

Антиспазмолитиктік антихолинергиялық дәрілер

Дизопирамид,

Фенотиазинді нейролептиктер және клозапин

Ауыздың құрғауы, несептің іркілуі, іш қату сияқты қосымша антихолинергиялық жағымсыз реакцияларға түрткі болуы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препарат 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде және адамдарда қолданудың клиникалық деректері негізінде осы препараттың теріс әсері туралы деректер жоқ.

Алайда, сақтық шарасы ретінде бұл препаратты жүкті әйелдерге немесе бала емізетін әйелдерге қолданбаған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бұл препаратты қолдану кезінде орын алатын ұйқышылдықтың пайда болу қаупіне, әсіресе автомобиль және жоғары зейін қоюды талап ететін басқа механизмдерді басқаратын адамдарға назар аудару керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

15 жастан асқан балалар мен ересектер үшін 1 сашеден күніне 2-3 рет. Қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағатты құрауы тиіс.

Парацетамолдың жиынтық дозасы тәулігіне 4 граммнан аспауы тиіс.

Емдеудің ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде креатинин клиренсіне байланысты дозаны азайту және препаратты қабылдау арасындағы аралықты төмендегі кестеге сәйкес ұлғайту ұсынылады:

Кесте

Парацетамолдың жиынтық дозасы тәулігіне 3 граммнан аспауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Пациенттердің бұл тобы үшін препаратты қолдану ұсынылмайды.

Сақтық шаралары

Мынадай жағдайларда парацетамолдың күніне 60 мг/кг-ден аспайтын (күніне 3000 мг-ден аспайтын) ең төмен тиімді тәуліктік дозасын қарастырған жөн:

- дене салмағы 50 кг дейінгі ересек пациенттерде

- созылмалы алкоголизм кезінде

- ұзақ уақыт дұрыс тамақтанбау (бауыр глютатионының төмен қоры)

- сусыздану кезінде.

Енгізу әдісі және жолы

Грипхот-С бір сашенің ішіндегісін бір стақан ыстық немесе суық суда ерітіп, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қабылдаған жөн.

Тұмауға ұқсас жай-күйлерді емдеу кезінде препаратты кешке ыстық сумен қабылдау керек.

Емдеудің ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Фенираминмен байланысты реакциялар

Фенираминнің артық дозалануы келесіні туындатуы мүмкін: құрысулар (әсіресе балаларда), сананың бұзылуы, кома.

Парацетамолмен байланысты реакциялар

Егде жастағы пациенттерде және әсіресе кішкентай жастағы балаларда (бұл емдік артық дозалану нәтижесінде де, кездейсоқ та болуы мүмкін) уыттану қаупі бар; салдары өлімге әкелуі мүмкін.

Симптомдары: әдетте алғашқы 24 сағат ішінде пайда болатын жүрек айну, құсу, анорексия, бозару, іштің ауыруы.

Парацетамолдың артық дозалануы (ересектерде бір қабылдауға 10 г астам парацетамол және балаларда дене салмағына 150 мг/кг) қайтымсыз некроздың пайда болу ықтималдығы бар бауыр циррозына әкелуі мүмкін, бұл гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздікке, метаболизмдік ацидозға, энцефалопатияға әкеледі, бұның соңы комаға әкелуі және ол өліммен аяқталуы мүмкін.

Мұнымен бір уақытта, бауыр трансаминазаларының, лактат- дегидрогеназаның және билирубиннің жоғары деңгейі протромбин деңгейінің төмендеуімен бір мезгілде байқалады, бұл қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан кейін байқалуы мүмкін.

Шұғыл шаралар: дереу ауруханаға жатқызу, қан плазмасындағы парацетамол құрамын анықтау үшін қан алу, пероральді қолданған жағдайда асқазанды шаю.

Емі: мүмкіндігінше препаратты қабылдағаннан кейін 10 сағаттан кешіктірмей N- ацетилцистеин антидотын вена ішіне немесе пероральді барынша жылдам енгізу.

Симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Препаратты қолдану туралы сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

3,5 г ұнтақтан үш қабатты ПЭ/Ал/Қағаз үлбірден жасалған пакетте (сашеде).

10 пакеттен (сашеден) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Грипхот - С ұнтақ 3,5 г №10» бағасының өзгеру диаграммасы

040080012001600200011-0216-0221-0226-0203-0308-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-0621-0626-061-076-0711-0716-0721-0726-0731-075-0810-0815-0820-0825-0830-084-099-0914-0919-0924-0929-094-109-1014-1019-10
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГрипхот - С ұнтақ 3,5 г №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1520

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 404

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1924

1520

404

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «Грипхот - С ұнтақ 3,5 г №10» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube