Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: нифедипин – 10 мг немесе 20 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), полисорбат 80, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, тальк, хинолинді сары (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Сынығын лупамен қарағанда бірыңғай тұтас қабатпен қоршалған ядросы көрінеді.