Қолдану көрсеткіштері
Офлоксацин ересектерге келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясында
- бактериялық простатитте, эпидидимоорхитте
- кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында, біріктірілген емде
- уросепсисте.
Офлоксацинді төменде көрсетілген инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекцияны бастапқы емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану нәтижесіз саналғанда ғана қолдану керек:
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциясы
- созылмалы обструктивті өкпе ауруының, оның ішінде бронхиттің жедел өршуі
- ауруханадан тыс пневмония.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру керек.