Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат – натамицин 20,0 мг,
қосымша заттар: цетостеарил спирті, натрий лаурилсульфаты, пропиленгликоль, цетил эфирлері негізіндегі балауыз, децил олеат (цетиол), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сәл сарғыш түсті крем
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препараттан бұралатын қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

