Қолдану көрсеткіштері
- Ойық жаралы колит: аурудың жедел ұстамаларын емдеу және тік ішектен әрі қарай таралмайтын болымсыз немесе орташа түрде білінетін аурудың қайталануының алдын алу (ойық жаралы проктит).
- Ойық жаралы колит: аурудың жедел ұстамаларын емдеу және тік ішектен әрі қарай таралмайтын болымсыз немесе орташа түрде білінетін аурудың қайталануының алдын алу (ойық жаралы проктит).
- әсер ететін затқа, салицилаттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- бауыр немесе бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары
- асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
- геморрагиялық диатез
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Емдеуді бастар алдында және қажет болғанда дәрігердің нұсқауымен емдеу барысында қанға талдау (қанның пішінді элементтерін, АЛТ немесе АСТ ферменттері сияқты бауырдың функциональді жағдайының көрсеткіштерінің деңгейін, қан плазмасындағы креатинин мөлшерін жалпы талдау) және несепке талдау (тесттік жолақтар / шөгінді) жүргізілуі тиіс. Бұл зерттеулерді емді бастағаннан кейін 14 күннен соң және содан кейін 4 апта аралықпен 2 – 3 рет жүргізу ұсынылады. Егер алынған нәтижелер қалыпты мәндерге сәйкес келсе, онда осы талдауларды әрбір үш ай сайын жүргізу жеткілікті. Егер аурудың қосымша көріністері пайда болса, талдауларды дереу жүргізген жөн.
Бауыр функциясы төмендеген пациенттерді емдеген кезде сақтықпен пайдалану керек.
Салофальк 1 г суппозиторийін бүйрек функциясы төмендеген пациенттерді емдеуге пайдаланбаған жөн. Емдеу кезінде месалазиннің нефроуытты әсерімен байланысты бүйрек функциясы нашарлауы мүмкін.
Меcалазинді қолданған кезде нефролитиаздың, оның ішінде құрамында 100% месалазин болатын тастардың дамуы туралы хабарламалар болды. Препаратты қабылдау кезінде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде қабылдануын қамтамасыз ету ұсынылады.
Салофальк 1 г суппозиторийін тағайындаған кезде тыныс алу жүйесінің бұзылыстары, әсіресе демікпесі бар пациенттерді тиянақты бақылау қажет.
Терідегі ауыр жағымсыз реакциялары
Эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияны (DRESS/ЭЖКДР), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS/СДС) және уытты эпидермальді некролизді (TEN/УЭН) қоса алғанда, терідегі ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR/ТАЖР) месалазинмен емдеумен бірге тіркелген. Месалазин қабылдауды терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симпотомдары бірінші пайда болған кезде тоқтату керек, мысалы, терінің бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе кез-келген жоғары сезімталдық белгілері.
Құрамында сульфасалазин бар препараттарға аса жоғары сезімталдығы белгілі пациенттерді емдеуді тек мұқият медициналық бақылаумен бастауға болады. Түйілулер, іш тұсының қатты ауыруы, қызба, бастың қатты ауыруы және терідегі бөртпелер сияқты жедел жақпаушылық симптомдары пайда болған кезде емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
Несептің боялуы
Месалазин мен ағартқыш арасындағы химиялық реакция нәтижесінде дәретхана суындағы натрий гипохлоридті негізіндегі ағартқышпен байланыста болғаннан кейін месалазин несептің қызыл-қоңыр түске боялуына себеп болуы мүмкін, бұл қауіпті емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда азатиопринді, 6-меркаптопуринді немесе тиогуанинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде азатиоприннің, 6-меркаптопуриннің немесе тиогуаниннің миелосупрессиялық әсері күшеюі мүмкін екендігін ескеру керек. Сондай-ақ варфариннің антикоагулянттық әсерін месалазин аз бәсеңдете алатын мүмкіндігі бар екендігін ескерген жөн.
Месалазин сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерін, глюкокортикостероидтардың ульцерогенділігін, метотрексаттың уыттылығын күшейтеді. Фуросемидтің, спиронолактонның, сульфаниламидтердің, рифампициннің белсенділігін төмендетеді. Антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Урикозуриялық препараттардың (өзекшелік сөлініс блокаторларының) тиімділігін арттырады. Цианокобаламиннің сіңірілуін баяулатады.
Лейкоциттер деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру ұсынылады, ал тиопуриндерді дозалау режимі түзетілуі тиіс.
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңінде
Жүкті әйелдерде Салофальк 1 г суппозиторийі препаратын қолдануға қатысты жеткілікті деректер жоқ. Алайда жүкті әйелдердің шектеулі санында месалазинмен емдеудің жүктілікке немесе шарананың және/немесе жаңа туған нәрестенің денсаулығына ешқандай теріс әсерлері байқалған жоқ. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық сипаттағы қандай да болсын ақпараттар жоқ. Бір жағдайда жүктілік кезінде месалазиннің жоғары дозаларын (күніне 2 – 4 г) ұзақ уақыт қолданғанда нәрестенің бүйрек қызметінің тоқтап қалғаны жөнінде мәлімделді.
Жануарларға месалазинді оральді қолданғанда буаздыққа, эмбриональді/фетальді дамуға жағымсыз ықпалын айғақтайтын қандай да болсын деректер алынған жоқ.
Жүктілік кезінде Салофальк 1 г суппозиторийі препаратын күтілетін жағымды әсері ықтимал қаупінен басым болатын жағдайда ғана қолданған жөн.
N-ацетил-5-аминосалицил қышқылы және аз мөлшерде месалазин ана сүтіне секрецияланады. Адамдарда бала емізу кезінде месалазинді қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.
Сәбилерде диарея сияқты аллергиялық реакцияларды жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан бала емізу кезеңінде Салофальк 1 г суппозиторийі препаратын, оның күтілетін жағымды әсері потенциальді қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданылуы тиіс. Сәбилерде диарея басталған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдары мен қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсетуге әсер етпейді немесе оның әсері елеусіз.
Препаратпен емделу кезінде бас айналуы байқалған жағдайларда, автокөлікті басқарудан бас тарту керек.

Месалазиннің артық дозаланғаны туралы хабарламалар шектеулі. Месалазиннің дәрілік түрін ескерсек, артық дозалану қаупі онша жоғары емес.
Емі: ацидозда немесе алкалозда – қышқыл-сілтілік және электролиттік теңгерімді қалпына келтіру; сусыздануда – регидратация; гипогликемияда – глюкозаны қолдану. Диурезді арттыру үшін вена ішіне электролиттерді қосымша енгізу жүргізіледі. Спецификалық антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препараттың қолдану әдісін түсіндіру үшін дәрігерге жүгіну ұсынылады.
5 суппозиторийден біріктірілген ПВХ/ПЭ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 3670₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
32650₸
28980₸
3670₸