Қолдану көрсеткіштері
Жаңа туған нәрестелерді (туғаннан бастап) қоса, ересектер мен балалардағы төменде атап көрсетілген ауруларды емдеу үшін қолданылады:
нозокомиальді пневмония (жүргізген кезде өкпе инфекциясы белгілері болмағанда, аппаратта өкпені жасанды желдету жүргізгеннен кейін 48 сағаттан соң көрініс берген пневмония)
муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары
бактериялық менингит
созылмалы іріңді ортаңғы отит
қатерлі сыртқы отит
несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
асқынған интраабдоминальді инфекциялар
сүйек және буын инфекциялары
үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализбен байланысты перитонит.
Жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенінен туындаған немесе болжамды түрде онымен байланысты бактериемиясы бар пациенттерді емдеу.
Селтозидим бактериялық инфекциядан туындауы мүмкін фебрильді нейтропения (кенеттен дене температурасының көтерілуі, күрт әлсіздік, қалтырау, қандағы нейтрофилдер санының төмендеуі аясында ауыр жалпы жай-күйде) кезінде пациенттерді емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Селтозидим несеп шығару жолдары инфекцияларының профилактикасы үшін, несеп шығару өзегі арқылы қуықасты безін алып тастау операциясы кезінде қолданылуы мүмкін.
Селтозидимді таңдаған кезде дәрігер оның ауру қоздырғышының осы түріне қарсы белсенділігін ескереді.
Болжамды қоздырғыш оның белсенділік спектріне түспеген әр кезде Селтозидим бактерияға қарсы басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындалады.