Қолдану көрсеткіштері
Қабынуға қарсы дәрі.
Стерикорт кортикостероидтардың жылдам және қарқынды әсері қажет болатын мыналар сияқты кез келген жай-күйде көрсетілген:
1. Эндокриндік бұзылыстар:
Бүйрек үсті бездері қыртысының бастапқы немесе салдарлы жеткіліксіздігі
2. Коллагендік аурулар
Жүйелі қызыл жегі
3. Дерматологиялық аурулар
Ауыр мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы)
4. Аллергиялық жай-күйлер
Бронх демікпесі, анафилаксиялық реакциялар
5. Асқазан-ішек аурулары
Ойық жаралы колит, Крон ауруы
6. Респираторлық аурулар
Асқазан ішіндегісін аспирациялау
7. Шұғыл медициналық көмек
Стерикорт бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі туғызған шок немесе бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі болуы мүмкін дәстүрлі емге берілмейтін шокты емдеу үшін көрсетілген.