daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Топамакс Капсулалары 50 Мг №60 | Янссен-Орто ЛЛС

Сипаттама:

«25 mg» деген жазуы бар ақ түсті корпустан және «TOP» деген жазуы бар мөлдір түссіз қақпақшадан құралған 1 өлшемді қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер (25 мг дозасы үшін). Қара сиямен «50 mg» деп жазылған ақ түсті корпустан және «TOP» деген жазуы бар мөлдір түссіз қақпақшадан тұратын 0 өлшемді қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер (50 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Топирамат

Өндіруші:

Янссен-Орто ЛЛС

Өндіруші ел:

Пуэрто-Рико

Белсенді ингредиент:

Топамакс® препаратын қабылдау кезінде емшек емізіп жүрген аналар, егер балада әдеттен тыс бір нәрсе байқаса, емдеуші дәрігерге барынша терізек хабарлауы тиіс. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Топамакс® препаратымен емделу кезінде бас айналу, шаршау және көруде қиындықтар туындауы мүмкін. Дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай тұрып, көлік құралын басқаруға болмайды және ешқандай құрылғыларды немесе механизмдерді пайдалануға болмайды. Топамакс® препаратының құрамында сахароза бар Егер сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы болса, бұл дәрілік препаратты қабылдамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- салдарлы жайылған ұстамаларымен байқалатын немесе онсыз байқалатын парциалдық ұстамалары бар, сондай-ақ бастапқы жайылған тонусты-клонустық ұстамалары бар ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан асқан балаларда монотерапияда

- салдарлы жайылған немесе онсыз парциалдық ұстамалары бар немесе бастапқы жайылған тонусты-клонустық ұстамалары бар, сондай-ақ Леннокс-Гасто синдромымен байланысты ұстамаларды емдеу үшін 2 жастан асқан балаларда, жасөспірімдер мен ересектерде кешенді ем құрамында

- емдеудің ықтимал балама нұсқаларын мұқият бағалаудан кейін ересектерде бас сақинасы кезіндегі бас ауруының профилактикасы үшін. Топирамат бас сақинасының жедел ұстамаларын емдеуге арналмаған.

Қарсы көрсеткіштер

топираматқа немесе осы препараттың құрамына кіретін қандай да бір басқа затқа аллергия («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған).

бас сақинасының профилактикасы кезінде: тиімді контрацепция дәрілерін қолданбайтын жүкті әйелдер немесе бала туу жасындағы әйелдер (қосымша ақпаратты «Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімінен қараңыз).

Топамакс® препаратын қабылдау кезінде контрацепцияның неғұрлым қолайлы әдісіне қатысты емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Күмән немесе сұрақтар туындаған жағдайда Топамакс® препаратын қолдануды бастамас бұрын емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Топамакс® препаратын келесі жағдайларда қабылдамас бұрын емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет:

бүйректе проблемалар болған кезде, әсіресе бүйректе тастар болған кезде немесе бүйректің диализін алған кезде

қан мен организм сұйықтықтарының құрамы бұзылғанда (метаболизмдік ацидоз)

бауыр проблемалары болған кезде

көз проблемалары болған кезде, әсіресе глаукома болған кезде

бойдың өсу проблемалары болған кезде

құрамында май мөлшері көп диетаны ұстанған кезде (кетогендік диета)

жүктілік кезінде немесе бала туатын жастағы әйелдерде эпилепсияны емдеу үшін Топамакс® препаратын қабылдаған жағдайда (қосымша ақпаратты «Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімінен қараңыз)

Күмән немесе сұрақтар туындаған жағдайда Топамакс® препаратын қолдануды бастамас бұрын емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Емдеуші дәрігерден алдын ала кеңес алмай, осы дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатпаған маңызды.

Сондай-ақ, Топамакс® препаратына балама ретінде тағайындалған құрамында топирамат бар қандай да бір дәрілік затты қабылдамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Топамакс® препаратын қабылдаған кезде дене салмағының түсуі байқалуы мүмкін, сондықтан осы дәрілік препаратты қолданған кезде дене салмағын тұрақты бақылау керек. Балада салмақты күрт жоғалту немесе салмақ қосу жеткіліксіз болған жағдайда, осы препаратты қабылдаушы емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Топамакс® сияқты эпилепсияға қарсы препараттармен ем қабылдаған адамдардың аз санына өзіне зиян келтіру немесе өзіне қол жұмсау туралы ойлар пайда болды. Топамакс® препаратымен емдеудің кез келген сәтінде осындай ойлар пайда болған кезде дереу емдеуші дәрігерге қаралу керек.

Топамакс® препараты теріде ауыр реакциялар тудыруы мүмкін, теріде бөртпе және/немесе күлбіреуіктер пайда болған жағдайда тез арада емдеуші дәрігерге айту керек.

Сирек жағдайларда Топамакс® қандағы аммиактың жоғары деңгейінің себебі болуы мүмкін (қан талдауы бойынша анықталатын), бұл әсіресе вальпрой қышқылын немесе натрий вальпроатын қабылдаған кезде ми функциясын өзгертуі мүмкін. Бұл жағдайда ауыр көріністер байқалатындықтан, келесі белгілер пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарлау керек (сонымен қатар «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз):

ойлау қызметін, ақпаратты есте сақтауды немесе мәселелерді шешуді жүзеге асырудағы қиындықтар

зерделілік немесе байыптылық деңгейінің төмендеуі

енжарлықпен қатар жүретін ұйқышылдық

Топамакс® препаратының неғұрлым жоғары дозаларын қолданған кезде осы симптомдардың даму қаупі артуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Емдеуші дәрігерге қазіргі уақытта қабылдайтын, жақында немесе бұрын қолданылуы мүмкін барлық дәрілік заттар туралы хабарлау керек. Топамакс® және кейбір басқа дәрілік заттар бір-біріне әсер етуі мүмкін. Кейбір жағдайларда қабылданатын басқа дәрілік заттардың немесе Топамакс® препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Атап айтқанда, қолданған жағдайда дәрігерге хабарлау қажет:

ойлау қызметіне қабілеттілікті, зейін қоюды немесе бұлшықеттердің қимыл-қозғалысы үйлесімін бұзатын немесе нашарлататын басқа дәрілер (мысалы, миорелаксанттар және тыныштандыратын дәрілер сияқты, орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілер)

контрацептивтік таблеткалар. Топамакс® контрацептивтік таблеткалар тиімділігін төмендетуі мүмкін. Топамакс® препаратын қабылдау кезінде контрацепцияның анағұрлым қолайлырақ әдісіне қатысты емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Егер ұрықтануға қарсы таблеткалар мен Топамакс® препаратын қабылдау аясында етеккірлік қан кетулердің сипаты өзгерсе, емдеуші дәрігерге хабарлау қажет.

Қабылданатын барлық дәрілік препараттардың тізімін жасау керек. Жаңа дәрілік затты қабылдауды бастамас бұрын, осы тізімді емдеуші дәрігерге көрсету керек.

Емдеуші дәрігермен кеңесу қажет басқа дәрілік заттарға мыналар жатады: эпилепсияға қарсы басқа дәрілер, рисперидон, литий, гидрохлоротиазид, метформин, пиоглитазон, глибенкламид, амитриптилин, пропанолол, дилтиазем, венлафаксин, флуназин, шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) (депрессияны емдеу үшін қолданылатын өсімдік препараты), варфарин (қанды сұйылту үшін қолданылатын).

Сұрақтар немесе күмән туындаған жағдайда Топамакс® препаратын қабылдау басталғанға дейін емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Топамакс® тамақпен және сусынмен

Топамакс® препаратын тамақтануға қарамастан қолдануға болады. Топамакс® препаратымен емдеу кезінде бүйректе тастардың пайда болуының алдын алу мақсатында күні бойы жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу қажет. Топамакс® препаратымен емдеу кезінде алкогольді ішуден аулақ болу керек.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бас сақинасының профилактикасы:

Топамакс® туылмаған балаға зиян келтіруі мүмкін. Топамакс® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Тиімді контрацепция дәрілерін қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдерге бас сақинасының профилактикасы үшін Топамакс® препаратын қолдануға болмайды. Емдеуші дәрігермен контрацепцияның неғұрлым қолайлы әдісі және Топамакс® препаратымен емдеудің жарамды болатындығы туралы кеңесу қажет. Топамакс® препаратымен емдеуді бастағанға дейін жүктілікті анықтауға арналған тест жүргізу керек.

Эпилепсияны емдеу:

Бала туатын жастағы әйелдер Топамакс® препаратымен баламалы емдеудің басқа да ықтимал құралдары туралы емдеуші дәрігермен кеңескен жөн. Егер Топамакс® препаратымен емдеу туралы шешім қабылданса, контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалану керек. Топамакс® препаратымен емдеу кезінде емдеуші дәрігермен контрацепцияның ең қолайлы әдісі туралы кеңесу қажет. Топамакс® препаратымен емдеуді бастағанға дейін жүктілікті анықтауға арналған тест жүргізу керек.

Жүктілікті жоспарлау кезінде емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Эпилепсияға қарсы басқа препараттарды қолданғандағыдай, жүктілік кезінде Топамакс® препаратымен емделген жағдайда, туылмаған балаға зиян келу қаупі бар. Топамакс® препаратын жүктілік кезінде эпилепсияны емдеу үшін қолданғандағы барлық қауіптер мен артықшылықтарды анық түсініп отырғаныңызға көз жеткізу керек.

Топамакс® препаратын жүктілік кезінде қабылдаған жағдайда, балада туа біткен ақаулардың, атап айтқанда, қоянжырық (үстіңгі еріннің жыртылуы) мен таңдай жырық (ауыз қуысының үстіңгі күмбезінің жыртылуы) қаупі жоғарылайды. Жаңа туылған ұлдарда жыныстық мүшелер ақауы болуы мүмкін (гипоспадия). Аталған ақаулар жүктіліктің бастапқы мерзімдерінде, тіпті жүкті екендігін білгенге дейін дамуы мүмкін.

Топамакс® препаратын жүктілік кезінде қабылдаған кезде баланың туу кезіндегі өлшемі күтілгеннен кіші болуы мүмкін. Жүктілік кезінде осы қауіпке қатысты сұрақтар туындаған кезде дәрігермен кеңесу керек.

Бұл ауруды емдеуге арналған басқа да дәрілік заттар болуы мүмкін, оларда туа біткен ақаулардың қаупі аз.

Топамакс® препаратын қабылдау кезінде жүктілік басталған кезде емдеуші дәрігерге дереу хабарлау керек. Жүктілік кезінде Топамакс® препаратымен емдеу жалғасатынына қатысты емдеуші дәрігермен бірлесіп шешім қабылдау қажет болады.

Лактация

Топамакс® (топирамат) препаратының белсенді заты емшек сүтіне өтеді. Аналары Топамакс® препаратымен ем қабылдаған емшектегі балаларда диарея, ұйқышылдық, ашушаңдық және салмақты аз қосу сияқты әсерлер байқалған. Осыған байланысты емдеуші дәрігер бала емізуді тоқтату немесе Топамакс® препаратымен емдеуді тоқтату туралы мәселені талқылап, шешім қабылдауы қажет. Емдеуші дәрігер емнің анасы үшін маңыздылығы мен бала үшін қауіптілігін ескереді

Топамакс® препаратын қабылдау кезінде емшек емізіп жүрген аналар, егер балада әдеттен тыс бір нәрсе байқаса, емдеуші дәрігерге барынша терізек хабарлауы тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Топамакс® препаратымен емделу кезінде бас айналу, шаршау және көруде қиындықтар туындауы мүмкін. Дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай тұрып, көлік құралын басқаруға болмайды және ешқандай құрылғыларды немесе механизмдерді пайдалануға болмайды.

Топамакс® препаратының құрамында сахароза бар

Егер сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы болса, бұл дәрілік препаратты қабылдамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бұл дәрілік препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің нұсқауларын дәл сақтай отырып қабылдаңыз. Егер бір нәрсеге сенімсіз болғанда, емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Емдеуші дәрігер, әдетте, Топамакс® препаратының төмен дозасын тағайындаудан бастайды және оны біртіндеп, сіз үшін анағұрлым қолайлы дозасы таңдалғанға дейін арттыра береді.

Енгізу әдісі мен жолы

Топамакс® препаратының капсулаларын тұтастай жұтуға немесе ашып, ішіндегісін кез келген жұмсақ тағамның бір шәй қасық мөлшеріне себуге болады. Мысалы алма езбесі, пісірілген крем, балмұздақ, ботқа, пудинг немесе йогурт. Дәрілік препарат қосылған тағам қоспасы түгелдей жұтылғанына көз жеткізгеннен кейін, бірден сұйықтықпен ішіп жіберу керек.

Капсуланы тігінен, өзіңіз «TOP» деген жазуды оқи алатындай қылып ұстау керек.

Капсуланың мөлдір бөлігін абайлап бұрап ағыту керек. Оны кейін препараттың түйіршіктерін себетін тағамның үстінде ашқан дұрыс.

Капсуланың ішіндегісін бір қасық жұмсақ тағамға түгелдей сеуіп, жазып берілген дозасы тамаққа түгелдей себілуін қадағалау керек.

Түйіршік/тағам қоспасын міндетті түрде түгелдей бірден жұтып жіберу керек. Капсуланы шайнауға болмайды. Қоспаның түгелдей жұтылғанына көз жеткізу үшін, дереу сумен ішіп жіберу керек.

Дәрілік препарат пен тағамның қоспасын ешқашан ары қарай пайдалану үшін сақтауға болмайды.

Топамакс® препаратын тамақтанғанға дейін, тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін қабылдауға болады. Топамакс® препаратын қабылдаған кезде, бүйректе тастардың түзілуін болдырмас үшін, күні бойы сұйықтықты көп ішу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Дереу дәрігерге жүгіну керек. Дәрілік препарат салынған қаптаманы өзіңізбен бірге алып бару керек.

Ұйқышылдықты, шаршауды немесе зейін қоюыңыздың нашарлағанын сезіну; қимыл-қозғалысыңызда үйлесім жоқтығын сезіну; сөйлеуге немесе зейін қоюға қиналуы мүмкін; қос көрінуі немесе бұлыңғыр көруі мүмкін; артериялық қысымның төмендеуіне байланысты бас айналуды сезіну; өзін жабырқау немесе мазасыз сезіну; немесе іштің ауырғанын немесе құрысуларды (ұстамаларды) сезіну мүмкін.

Егер Топамакс® препаратымен бірге басқа дәрілерді қабылдап жүргенде, артық дозалану орын алуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Дозаны қабылдауды ұмытқанда, оны есіңізге түскен бойда қабылдау қажет. Алайда, егер бұл уақыт шамамен келесі дозасын қабылдау уақытымен сәйкес келіп тұрса, жіберіп алған дозаны қабылдауға болмайды және қабылдауды әдеттегі кестесі бойынша жалғастыру керек. Екі немесе одан да көп дозаны өткізіп алған кезде емдеуші дәрігерге жүгіну керек.

Жіберіп алған дозасының орнын толтыру үшін екі есе дозасын (екі дозасын бір мезгілде) қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдарының қаупінің көрсеткіші

Бұл дәрілік препаратты қабылдауды емдеуші дәрігердің нұсқауынсыз тоқтатуға болмайды. Аурудың симптомдары қайта басталуы мүмкін. Егер емдеуші дәрігер бұл дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаса, сіз қабылдап жүрген дозасын бірнеше күн ішінде біртіндеп азайта беруге болады.

Препаратты қолдану жөнінде керектігі туралы дәрігерден кеңес алу бойынша ұсыныстар

Егер осы препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге жүгіну керек.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

60 капсуладан полиэтиленнен жасалған құтыларда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТопамакс капсулалары 50 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube