Қолдану көрсеткіштері
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
валсартан немесе гидрохлортиазид монотерапиясы кезінде артериялық қысымды талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмайтын артериялық гипертензиясы бар науқастарды емдеуде

- препарат компоненттерінің біріне, басқа сульфаниламидті препараттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, билиарлы цирроз және холестаз
- анурия, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)
- тұрақты гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия және симптоматикалық гиперурикемия
- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Валмак®-Н құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қабылдау (ШСЖ< 60 мл/мин/1.73 м2)
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Валмак®-Н қабылдамас бұрын емдеуші дәрігермен сөйлесіңіз.
Аллергиясы және демікпесі бар пациенттерде гидрохлортиазидке аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Егер сізде көрудің төмендеуі немесе көздің ауырсынуы байқалса, бұл Валмак®-Н қабылдау басталғаннан мезеттен бір аптаға дейін бірнеше сағат ішінде байқалуы мүмкін көздің тамырлық қабықшасында сұйықтықтың жинақталу (хориоидальді жалқық) немесе көз қысымының жоғарылау симптомдары болуы мүмкін. Емдеу болмаған кезде көру қабілеті қайтымсыз жоғалуы мүмкін. Егер сізде бұрын пенициллинге немесе сульфонамидке аллергиялық реакция боса, сізде хориоидальді жалқықтың пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Валсартанмен / гидрохлортиазидпен байланысты өзара әрекеттесулер
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Литий
Гидрохлортиазидті қоса алғанда, АӨФ тежегіштері мен тиазидтерді бірге пайдалану кезінде литийдің сарысулық концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылығы туралы хабарланды. Валсартан мен литийді біріктіріп қолдану саласында тәжірибенің жоқтығын ескере отырып, препараттардың бұл біріктірілімі ұсынылмайды. Осы біріктірілімді қолдану қажет болған жағдайда, қан сарысуындағы литийдің деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.
Сақтықты талап ететін бір мезгілде қолдану:
Басқа гипотензивті дәрілер
Валмак®-Н гипотензивті қасиеттері бар басқа препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін (мысалы, гуанетидин, метилдопа, вазодилаторлар, бета-адреноблокаторлар, АӨФТ, АРБ, кальций өзекшелерінің блокаторлары және допаминді кері қармау тежегіштері).
Прессорлық аминдер (мысалы, норадреналин, адреналин)
Прессорлық аминдерге жауаптың төмендеуі мүмкін. Бұл әсердің клиникалық маңызы айқын емес және пресс-аминдерді қолдануға тыйым салу үшін жеткіліксіз.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП), ЦОГ-2 селективті тежегіштерін, ацетилсалицил қышқылын (күніне >3 г) және селективті емес ҚҚСП қоса
ҚҚСП біріктірілген қолданғанда ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің де, гидрохлортиазидтің де гипотензивті әсерін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, валсартанды/гидрохлортиазидті және ҚҚСП бірге пайдалану бүйрек функциясының төмендеуіне және сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы себепті емнің басында бүйрек функциясын бақылау, сондай-ақ пациенттің тиісті гидратациясын ұсынылады.
Валсартанмен байланысты өзара әрекеттесулер
АРАII, АӨФ тежегіштері немесе алискирен көмегімен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы гипотензияны, гиперкалиемияны қоса, жағымсыз құбылыстардың жоғары жиілігімен және РААЖ-ға әсер ететін бір препаратты қолданумен салыстырғанда бүйрек функциясының төмендеуімен (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) байланысты екендігі туралы деректер бар.
Біріктіріп қолдану ұсынылмайды
Калий сақтайтын диуретиктер, калий қоспалары, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және калий деңгейін арттыруға қабілетті басқа да заттар
Егер валсартанмен бірге калий деңгейіне әсер ететін дәрілік препаратты қолдану плазмадағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Транспортерлер
Валсартан OATP1B1/OATP1B3 бауырлық қармау транспортерінің субстраты және MRP2 бауырлық ағым транспортері болып табылатынын көрсетеді. Қармау транспортерінің тежегіштерін (рифампицин, циклоспорин және т. б.) немесе әкетілу транспортерін (ритонавир және т. б.) және валсартанды бірге қабылдау соңғысының жүйелік әсерін арттыруы мүмкін. Мұндай препараттармен емдеуді бастау және аяқтау кезінде қажетті сақтық шараларын сақтау керек.
Өзара әрекеттесудің болмауы
Валсартанның мынадай заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ: циметидинмен, варфаринмен, фуросемидпен, дигоксинмен, атенололмен, индометацинмен, гидрохлортиазидпен, амлодипинмен, глибенкламидпен. Дигоксин мен индометацин Валмак®-Н препаратының құрамына кіретін гидрохлортиазидпен өзара әрекеттесуі мүмкін.
Гидрохлортиазидпен байланысты өзара әрекеттесулер
Келесі біріктірілімдерді сақтықпен қолдану керек
Қан сарысуындағы калий деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттар
Гидрохлортиазидтің гипокалиемиялық әсері оны калийуретикалық диуретиктермен, кортикостероидтармен, іш жүргізетін дәрілермен, АКТГ адренокортикотропты гормонымен, амфотерицинмен, карбеноксолонмен, G пенициллинмен, салицил қышқылымен және оның туындыларымен бірге қолданғанда артуы мүмкін.
Егер көрсетілген препараттарды дәрігер Валмак®-Н біріктірілімінде қолдану үшін тағайындаса, қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Екі бағытты қарыншалық тахикардияны туындатуға қабілетті дәрілік препараттар
Гипокалиемияның даму қаупін ескере отырып, гидрохлортиазидті екі бағытты қарыншалық тахикардияны туындатуға қабілетті препараттармен (ІА және III класты аритмияға қарсы дәрілер, психозға қарсы кейбір дәрілер) сақтықпен бірге қолданған жөн.
Қан сарысуындағы натрий деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттар
Диуретиктердің гипонатриемиялық әсері антидепрессанттарды, психозға қарсы дәрілерді, эпилепсияға қарсы препараттарды, оның ішінде карбомазепинді бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін. Осы препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда сақ болу керек.
Оймақгүл гликозидтері
Тиазид-индукцияланған гипокалиемияның дамуы мүмкін, бұл оймақгүл препараттарын қабылдау аясында жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін.
Кальций тұздары және D дәрумені
Гидрохлортиазидті қоса алғанда, тиазидті диуретиктерді D дәруменімен немесе кальций тұздарымен бірге қабылдау сарысудағы кальций деңгейінің жоғарылауын күшейтуі мүмкін. Тиазидті диуретиктер мен кальций тұздарын біріктіріп қолдану оған бейімділігі бар пациенттерде (мысалы, гиперпаратиреозы, қатерлі ісіктері немесе D дәруменінің жеткіліксіз деңгейімен байланысты аурулары бар пациенттерде) кальцийдің өзекшелі реабсорбциясының жоғарылауы есебінен гиперкальциемияны туындатуы мүмкін.
Диабетке қарсы дәрілер (пероральді препараттар және инсулин)
Тиазидтерді қабылдау глюкозаға төзімділікке әсер етуі мүмкін. Диабетке қарсы препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Метформинді гидрохлортиазидті қабылдаумен байланысты бүйрек жеткіліксіздігінен болатын лактацидоз қаупін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.
Бета-блокаторлар және диазоксид
Гидрохлортиазид пен бета-блокаторларды қоса алғанда, тиазидті диуретиктерді біріктіріп қолдану гипергликемияның даму қаупін арттыруы мүмкін. Тиазидті диуретиктер, гидрохлортиазидті қоса, диазоксидтің гипергликемиялық әсерін күшейте алады.
Подаграны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар (пробенецид, сульфинпиразон және аллопуринол)
Несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін, өйткені гидрохлортиазид несеп қышқылының сарысулық деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Пробенецид немесе сульфинпиразон дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Гидрохлортиазидті қоса алғанда, тиазидті диуретиктермен бірге қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму жиілігін арттыруы мүмкін.
Асқазанның перистальтикасына әсер ететін антихолинергиялық дәрілер және басқа да препараттар
Антихолинергиялық препараттар (мысалы, атропин, бипериден) тиазидті диуретиктердің биожетімділігін арттыруы мүмкін, бұл асқазан-ішек жолы перистальтикасының төмендеуімен және асқазан ішіндегісінің шығарылу жылдамдығымен байланысты. Прокинетика, мысалы, цизаприд, керісінше, тиазидті диуретиктердің биожетімділігін төмендетеді деп болжанады.
Амантадин
Тиазидтер, гидрохлортиазидті қоса алғанда, амантадин тудыратын жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.
Цитоуытты препараттар
Тиазидтер, гидрохлортиазидті қоса алғанда, цитоуытты препараттардың (мысалы, циклофосфамид пен метотрексат) бүйрек арқылы шығарылуын төмендетуі және олардың миелосупрессивті әсерін күшейтуі мүмкін.
Қаңқа бұлшықеттерінің деполяризацияланбайтын релаксанттары (мысалы, тубокурарин)
Тиазидтер, оның ішінде гидрохлортиазид, кураре туындылары сияқты қаңқа бұлшықеттерінің релаксанттарының әсерін күшейтеді.
Циклоспорин
Циклоспоринмен бірге қолдану гиперурикемия мен подагра тәрізді асқынулардың қаупін арттыруы мүмкін.
Алкоголь, барбитураттар және есірткі құралдары
Тиазидті диуретиктер мен гипотензивті әсері бар заттарды бір мезгілде қабылдау (мысалы, орталық жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің белсенділігін төмендетеді немесе тікелей тамыр кеңейтетін әсері бар) ортостатикалық гипотензияны күшейтуі мүмкін.
Метилдопа
Метилдопа мен гидрохлортиазидті бірге қабылдаған пациенттерде гемолитикалық анемияның жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Йод құрамы бар контрастты орта
Диуретиктерді қабылдаудан туындаған дегидратация кезінде, әсіресе құрамында йод бар препараттардың жоғары дозаларын пайдалану кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі артады. Емді бастар алдында пациенттерге регидратация жүргізу қажет.
Арнайы ескертулер
Сарысу электролиттері теңгерімінің өзгеруі
Валсартан
Валмак®-Н калий тұздарымен, калий сақтайтын диуретиктермен, құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштармен, сондай-ақ қандағы калий деңгейінің жоғарылауын тудыруы мүмкін дәрілік препараттармен (мысалы, гепарин және т.б.) бірге қолдану ұсынылмайды. Қажет болған жағдайда қандағы калий деңгейін бақылау керек.
Гидрохлортиазид
Гидрохлортиазидті қоса, тиазидті диуретиктермен емдеу кезінде гипокалиемияның дамуы туралы хабарламалар бар. Қан сарысуындағы калий концентрациясын үнемі бақылау ұсынылады.
Тиазидті диуретиктерді, соның ішінде гидрохлортиазидті қолдану гипонатриемия және гипохлоремиялық алкалозбен байланысты болды. Тиазидтер магний несеппен экскрецияның жоғарылауын тудырады, бұл гипомагниемияға әкелуі мүмкін. Тиазидті диуретиктерді қабылдаған кезде кальций экскрециясы төмендейді, бұл гиперкальциемияға әкелуі мүмкін.
Диуретиктермен ем қабылдайтын барлық пациенттер сияқты сарысулық электролиттердің деңгейіне үнемі талдау жүргізу қажет.
Организмдегі натрийдің және/немесе көлемнің немесе сұйықтықтың тапшылығы
Гидрохлортиазидті қоса алғанда, тиазидті диуретиктер алатын пациенттер су-тұз теңгерімі бұзылуының клиникалық симптомдарының пайда болуы тұрғысынан бақылануы тиіс.
Организмде натрий және/немесе сұйықтықтың айқын тапшылығы бар, мысалы, диуретиктердің жоғары дозаларын алатын науқастарда сирек жағдайларда Валмак®-Н емінің басында артериялық гипотензия пайда болуы мүмкін. Валмак®-Н емдеуді бастар алдында организмдегі натрий мен электролиттердің құрамын түзету керек.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін стимуляциялау аясында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе басқа аурулары бар пациенттер
Бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне тәуелді пациенттерде (мысалы, ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде) ангиотензинконвертирлеуші фермент (АКФ) тежегіштерімен емнің олигуриямен және/немесе үдемелі азотемиямен, ал сирек жағдайларда – жедел бүйрек жеткіліксіздігімен және/немесе өліммен аяқталумен байланысы анықталды. Жүрек жеткіліксіздігі немесе инфаркттан кейінгі синдромы бар пациенттерді тексеру әрқашан бүйрек функциясын бағалауды қамтуы керек. Ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Валмак®-Н қолдану зерттелмеген, сондықтан пациенттердің осы тобында белсенді заттардың осы біріктірілімі бар препараттарды қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек артериясының стенозы
Валмак®-Н бүйрек артериясының бір жақты/екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл қандағы мочевина, сарысудағы креатинин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Бастапқы гиперальдостеронизм
Бастапқы гиперальдостеронизмі бар пациенттерге Валмак®-Н препаратымен емдеу көрсетілмеген.
Аортальді және митральді клапан стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия
Кез-келген тамыр кеңейтетін дәрілер сияқты, аорта немесе митральді клапанның стенозымен, сондай-ақ гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия (ГОКМ) ауыратын пациенттерді емдеуге өте сақтықпен қарау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі ≥ 30 мл / мин пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Валмак®-Н пайдаланған кезде қан сарысуындағы калий, креатинин және несеп қышқылы деңгейлерін тұрақты бақылау қажет.
Бүйрек трансплантациясы
Қазіргі уақытта жақында бүйрек трансплантациясы жүргізілген пациенттердің Валмак®-Н қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Холестазсыз бауыр функциясы бұзылған пациенттерге Валмак®-Н сақтықпен қолдану қажет.
Тиазидтерді бауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың үдемелі ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені су-тұз теңгерімінің шамалы өзгеруі бауыр комасына әкелуі мүмкін.
Анамнезіндегі ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі)
Валсартан қабылдаған пациенттерде тыныс алу жолдарының кедергісін және/немесе беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуін тудыратын көмейдің және дауыс саңылауының ісінуін қоса, ангионевроздық ісіну дамығаны туралы хабарламалар бар; осы пациенттердің кейбірінде АӨФ тежегіштерін қоса, басқа препараттарды қабылдаған кезде ангионевроздық ісіну бұрын байқалған. Ангионевроздық ісіну дамыған кезде Валмак®-Н қабылдауды дереу тоқтату және препаратты қайта тағайындамау қажет.
Жүйелі қызыл жегі
Тиазидті диуретиктер, оның ішінде гидрохлортиазид жүйелі қызыл жегі күшейеді немесе белсендіріледі деп хабарланды.
Зат алмасудың басқа да бұзылулары
Тиазидті диуретиктер, соның ішінде гидрохлортиазид глюкозаға төзімділікті өзгертіп, холестериннің, триглицеридтердің және зәр қышқылының сарысулық деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Диабетпен ауыратын пациенттер үшін инсулин немесе пероральді гипогликемиялық препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Тиазидтер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтып, кальций метаболизмінің басқа белгілі бұзылулары болмаған кезде кальций деңгейінің мерзімді және шамалы жоғарылауын тудыруы мүмкін. Айқын гиперкальциемия бастапқы гиперпаратиреоздың белгісі болуы мүмкін. Қалқанша маңы безінің функциясын тексеруден бұрын тиазидтерді қабылдауды тоқтату керек.
Фотосезімталдық
Тиазидті диуретиктерді қабылдауға байланысты фотосезімталдық реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Егер емдеу кезінде фотосезімталдық реакциясы дамыса, емді тоқтату ұсынылады. Егер клиникалық жағдай диуретикті қайта енгізуді талап етсе, терінің қорғалмаған жерлеріне күн сәулесінің немесе А аясының ультракүлгін сәулелерінің жасанды көздерінің әсерін болдырмау ұсынылады.
Хориоидальді жалқық, жедел миопия және салдарлы жедел жабық бұрышты глаукома
Құрамында сульфонамид немесе сульфонамид туындылары бар препараттар идиосинкразиялық реакцияны тудыруы мүмкін, бұл көру аймағының тарылуымен, өтпелі миопиямен және жедел жабық бұрышты глаукомамен хориоидальді жалқыққа әкеледі. Симптомдарға көру өткірлігінің төмендеуінің жедел басталуы немесе көздің ауыруы жатады, бұл әдетте препаратты қабылдау басталған сәттен бастап бірнеше сағатқа дейін байқалады. Жедел жабық бұрышты глаукоманы емдеудің болмауы көрмей қалуға әкелуі мүмкін. Бастапқы емдеу дәрілік затты қабылдауды жедел тоқтатудан тұрады. Бақыланбайтын көзішілік қысым кезінде жедел медициналық немесе хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін. Жедел жабық бұрышты глаукоманың даму қауіп факторларына анамнезінде сульфонамидке немесе пенициллинге аллергиялық реакциялардың болуы жатады.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АКФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискирен бір мезгілде қабылдау гипотензия, гиперкалиемия қаупін арттырады және бүйрек функциясын төмендетеді (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса). Сондықтан мұндай біріктірілім ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокада өте қажет болса, оны тек маманның бақылауымен және бүйрек функциясын, электролит деңгейін және қан қысымын үнемі мұқият бақылау жағдайында жүргізуге болады. АӨФ тежегіштері және ангиотензин II рецепторларының блокаторлары диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір мезгілде пайдаланылмауы тиіс.
Меланомалы емес тері обыры
Гидрохлортиазидтің анағұрлым жоғары жиынтық дозаларын қолданғаннан кейін меланомалы емес тері обыры (МЕТО) (базальді жасушалы карцинома және жалпақ жасушалы обыр) даму қаупі жоғары екені байқалады. Гидрохлортиазидтің фотосезімталдық әсері МЕТО дамуының ықтимал механизмі ретінде әсер етуі мүмкін. Гидрохлортиазид қабылдайтын пациенттерді МЕТО даму қаупі туралы, тері жабындысын тұрақты тексеру қажеттілігі туралы және терінің кез келген күдікті зақымдануы туралы хабарлау, терінің әсерін шектеу және күн сәулесінен және УК-сәулелерінен қорғау туралы хабардар ету керек. Бұрын МЕТО бастан өткерген пациенттерде гидрохлортиазидті қолдануды қайта қарау қажет.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларда Валмак®-Н қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Ангиотензин II рецепторларының блокаторларын жүктілік кезінде тағайындауға болмайды. Егер ангиотензин II рецепторларын блокаторлармен емдеу қажет деп есептелмесе, жүктілікті жоспарлаған пациенттер жүктілік кезінде пайдалану үшін белгіленген қауіпсіздік бейіні бар гипертензияға қарсы баламалы препараттарға ауыстырылуы тиіс.
Бала емізу кезінде валсартанды қолдану туралы ақпарат жоқ. Гидрохлортиазид организмнен емшек сүтіне бөлінеді. Сондықтан емізу кезінде Валмак®-Н қолдану ұсынылмайды және оны бала емізу кезінде қолдануға арналған қауіпсіздік бейіні гипертензияға қарсы баламалы препараттарға ауыстыру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Валмак®-Н тағайындау кезінде шаршау мен бас айналу байқалды, көлік жүргізу және ықтимал қауіпті механизмдерді басқару кезінде абай болу ұсынылады.

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.