daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Бисептол Таблеткалары 960 Мг №10 | Адамед Фарма

Шымкенте қаласындағы Бисептол Таблеткалары 960 Мг №10 | Адамед Фарма

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті сарғыштау реңді, дөңгелек пішінді, екі жағы беткейі тегіс, бір жағында „-” ойығы бар таблеткалар.

Өндіруші:

Адамед Фарма

Өндіруші ел:

Польша

Белсенді заттың дозасы:

960 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бисептол препаратын пайда-қауіп арақатынасын қарастырғаннан, эпидемиологиялық деректерді және бактериялардың төзімділігін тексергеннен кейін пайдалануға болады.

Емдік көрсеткіштер Ко-тримоксазол микробтарына сезімталдардан туындаған инфекциялармен шектеледі.

Препаратты емдеу туралы шешім қабылдаған кезде бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру қажет.

Бисептолды инфекцияларды емдеу немесе профилактика үшін, олар ко-тримоксазолға сезімтал бактериялардан немесе басқа микроорганизмдерден туындағаны расталған немесе негізделген күдік болған жағдайларда ғана пайдалану керек. Мұндай деректер болмаған жағдайда дұрыс антибиотикалық емді эмпирикалық таңдау процесіне микробтардың жергілікті эпидемиологиялық және дәріге сезімтал факторлары енгізілуі керек.

Бисептол ересектерге және 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған.

тыныс жолдарының инфекциясы

созылмалы бронхиттың өршуі, отит

асқазан-ішек инфекциясы, оның ішінде іш сүзегі және саяхатшылар диареясы

ересектер мен жасөспірімдерде Pneumocystis jirovecii туындаған пневмонияны емдеуде және профилактикасында, әсіресе иммунитеттері әлсіреген адамдарда

несеп шығару жүйесінің инфекциясы және жұмсақ шанкр

Қарсы көрсеткіштер

Әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының қандай да біреуіне жоғары сезімталдық.

Егер пациентте келесілер анықталса, дәрілік затты қолдануға болмайды:

- бауыр паренхимасының ауыр зақымданулары, гипербилирубинемия (балаларда)

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бұл жағдайда дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясын анықтау мүмкін емес немесе креатинин клиренсі < 15 мл/мин бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге

- қан аурулары (аплазиялық анемия, В12 тапшылығымен анемия, агранулоцитоз, лейкопения)

- дофетилидпен бір мезгілде қабылдау

- глюкоза-6-фосфаттық дегидрогеназа жетіспеушілігі (гемолиз пайда болуы ықтимал)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- препаратты организмдегі фолий қышқылының тапшылығы кезінде, бронх демікпесі, қалқанша без аурулары кезінде сақтықпен тағайындайды

- фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобласттық анемияны емдеу үшін

Ко-тримоксазолды жаңа туған нәрестелерде өмірінің алғашқы 6 аптасы ішінде және 2 айға дейінгі балаларға қолданбау керек (базальді ганглийлердің сарғаю қаупі бар).

Өзара әрекеттесуі

OCT2 тасымалданатын дәрілер

Триметоприм катиондардың органикалық тасымалдауышының тежегіші болып табылады 2 (ағылш. Organic Cation Transporter 2, OCT2) және CYP2C8 әлсіз тежегіші. Сульфаметоксазол CYP2C9 әлсіз тежегіші болып табылады.

OCT2 тасымалданатын препараттардың жалпы жүйелік әсері ко-триметоксазолмен (триметоприм-сульфаметоксазол) бірге енгізгенде артуы мүмкін. Мысалдар дофетилид, амантадин, мемантин және ламивудинді қамтиды.

Дофетилид

Ко-тримоксазолды дофетилидпен біріктіріп енгізуге болмайды.

Триметоприм дофетилидтің бүйрек секрециясын тежейтіндігі дәлелденді, 4 күн ішінде тәулігіне екі рет енгізілетін 500 мкг дозадағы дофетилидпен бірге тәулігіне екі рет енгізілетін триметоприм (160 мг) және сульфаметоксазол (800 мг) біріктірілімі концентрацияның уақытқа тәуелділігі қисық асты ауданының ұлғаюын (ағыл. AUC (area Under the Curve) дофетилидтің 103%-ға өсуін және ең жоғары концентрация көрсеткішінің (Cmax) 93%-ға өсуін тудырды. Дофетилид torsades de рointes қоса, QT аралығының ұзаруымен жүретін қарыншалық аритмияларға себеп болуы мүмкін, олар дофелитидтің қан плазмасындағы концентрациясымен тікелей байланысты.

Амантадин және мемантин

Амантадин немесе мемантин қабылдайтын пациенттерде жағымсыз неврологиялық жағдайлардың, мысалы, делирий мен миоклонияның жоғары қаупі болуы мүмкін.

Негізінен CYP2C8 метаболизденетін дәрілер

CYP2C8 метаболизденетін препараттардың жалпы жүйелік әсері ко-тримоксазолмен бірге енгізгенде ұлғаяды. Мысалдар паклитаксел, амиодарон, дапсон, репаглинид, росиглитазон және пиоглитазонды қамтиды.

Паклитаксел мен амиодаронның емдік индексі тар. Сондықтан олар ко-тримоксазолмен бір мезгілде пайдалануға ұсынылмайды.

Дапсон

Дапсон да, ко-тримоксазол да метгемоглобинемияны тудыруы мүмкін, бұл фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер мүмкіндігіне әкеледі. Дапсон және ко-тримоксазол қабылдайтын пациенттер метгемоглобинемия болуына тексерілуі тиіс. Мүмкін болса, емдеудің балама әдістерін қарастыру керек.

Репаглинид, росиглитазон, пиоглитазон

Репаглинид, росиглитазон немесе пиоглитазон алатын пациенттер гипогликемияның болуына үнемі тексерілуі тиіс.

Негізінен CYP2C9 метаболизденетін дәрілер

Негізінен CYP2C9 метаболизденетін препараттардың жалпы жүйелік әсері ко-тримоксазолмен бірге енгізу кезінде артуы мүмкін. Мысалдар кумариндер (варфарин, аценокумарол, фенпрокумон), фенитоин және сульфонилмочевина туындыларын (глибенламид, гликлазид, глипизид, хлорпропамид және толбутамид) қамтиды.

Кумариндер

Кумариндер қабылдайтын пациенттерде коагуляцияны бақылау керек.

Зертханалық тестілермен өзара әрекеттесуі.

Триметоприм сілтілік пикраттық реакцияда қолданылғанда, қан сарысуындағы / плазмасындағы креатининнің бағалануына әсер етуі мүмкін. Мұндай нәтиже қан сарысуындағы / плазмасындағы креатининді бағалаудың 10%-дай қайта жүргізілуіне алып келуі мүмкін. Креатинин клиренсі төмендеді: бүйрек өзекшелеріндегі креатинин секрециясы 23%-дан 9%-ға дейін төмендейді, ал шумақтық сүзілісі өзгеріссіз күйінде қалады.

Зидовудин

Кей жағдайларда зидовудин дәрілік препаратымен қатарлас емдеу ко-тримоксазолды қолдануға жағымсыз гематологиялық реакциялардың туындау қаупін арттыруы мүмкін. Егер қатарлас емдеу қажет деп табылса, гематологиялық көрсеткіштерге мониторинг жүргізілуі мүмкіндігін қарастыру керек.

Циклоспорин.

Бүйрек трансплантациясынан кейін котримоксазолмен және циклоспоринмен ем қабылдаған пациенттерде бүйрек функциясының қайтымды нашарлауы байқалды.

Рифампицин.

Рифампицин мен ко-тримоксазолды қатарлас қолдану бір аптаға жуық аралықтан соң, триметопримнің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің қысқаруына алып келеді. Бұл клиникалық тұрғыдан маңызды болып есептелмейді.

Триметоприм рН физиологиялық мәні жағдайында катиондарды түзетін, сондай-ақ, организмнен несептің белсенді секрециясы кезінде ішінара шығарылатын (мысалы, прокаинамид, амантадин)дәрілік заттармен бір мезгілде енгізілген жағдайларда, аталған үдерістің бәсекелесе тежелу мүмкіндігі бар, ол дәрілік препараттардың біреуінің немесе екеуінің де қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келеді.

Диуретиктер (тиазидтер).

Егде жастағы, диуретиктермен, негізінен тиазидтермен бір мезгілде емделіп жүрген пациенттерде пурпурамен немесе пурпурасыз жүретін тромбоцитопенияның даму қаупі жоғары.

Пириметамин.

Мерзімдік есептерде, пириметаминмен аптасына 25 мг асатын дозаларда ем қабылдап жүрген пациенттерде ко-тримоксазолды қатарлас тағайындаған жағдайда, мегалобласттық анемия дамуы мүмкіндігі хабарланған.

Варфарин.

Ко-тримоксазол дәрілік затын қолдану варфариннің метаболизмін стереоселективті тежеуі арқылы, оның антикоагулянттық белсенділігін күшейтетіні көрсетілген. Сульфаметоксазол in vitro жағдайларда варфаринді қан плазмасы альбуминімен байланысқан бөліктерден ығыстыруы мүмкін. Ко-Тримоксазолмен емдеу кезінде антикоагулянттық емді мұқият бақылау ұсынылады.

Фенитоин.

Ко-тримоксазолды қолдану фенитоиннің жартылай шығарылу кезеңін ұзартады, және бірге енгізілген жағдайда фенитоиннің шамадан тыс әсер етуіне алып келуі мүмкін. Пациенттің жағдайына және қан сарысуындағы фенитоин деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Дигоксин.

Триметопримді дигоксинмен бірге қолдану егде жастағы кейбір пациенттерде дигоксиннің қан плазмасындағы деңгейін арттырады Метотрексат.

Ко-тримоксазолды қолдану қан плазмасындағы бос метотрексат деңгейін арттыруы мүмкін. Егер Ко-тримоксазол метотрексат сияқты антифолаттық қасиеттері бар басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде қолайлы ем болып есептелсе, тамақтану режиміне фолий қышқылын қосуды қарастыру керек.

Талдауда лактобактерия казеиден (Lactobacillus casei) алынған дигидрофолатредуктаза пайдаланылған жағдайда, триметоприм қан сарысуындағы метотрексат үшін талдау нәтижелеріне кедергі келтіреді. Егер метотрексаттың мәні радиоиммундық талдау жолымен өлшенсе, кедергі келтіруі туындамайды.

Пириметамин

Кейде аптасына 25 мг асатын дозаларда безгек профилкатикасы үшін пириметамин қабылдайтын және бір мезгілде ко-тримоксазол қабылдайтын пациенттерде мегалобласты анемия байқалады.

Калий жинақтайтын дәрілік препараттар (ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштері, ангиотензин рецепторларының блокаторлары).

Ко-тримоксазолдың калий жинақтайтын әсеріне байланысты ко-тримоксазолды сарысудағы калий деңгейін арттыратын басқа дәрілік препараттармен, мысалы, ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштерімен және ангиотензин рецепторларының блокаторларымен, калий жинақтайтын диуретиктермен және преднизолонмен бір мезгілде енгізгенде сақ болу керек.

Ламивудин.

Триметопримді / сульфаметоксазолды 160 мг / 800 мг (ко-тримоксазолды) қабылдау құрамында триметоприм компонентінің болуы салдарынан, ламивудин әсерінің 40%-ға артуын туғызады. Ламивудин триметопримнің немесе сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына әсер етпейді.

Гипогликемиялық дәрілер мен сульфонилмочевина туындыларының өзара әрекеттесуі сирек құбылыс болып табылады, бірақ сонда да, дәрілік заттың әсері күшейгені туралы хабарламалар келіп түскен.

Гиперкалиемия.

Гиперкалиемияны туғызуы мүмкін кез келген басқа дәрілік препараттарды, мысалы АӨФ тежегіштерін, ангиотензин рецепторларының блокаторларын және спиронолактон сияқты калий жинақтаушы диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде сақтық таныту керек. Триметоприм + сульфаметоксазолды (ко-тримоксазолды) бірге қолдану клиникалық тұрғыдан елеулі гиперкалиемияның дамуына алып келуі мүмкін.

Репаглинид.

Триметоприм репаглинидтің әсерін арттыруы мүмкін, ол гипогликемияның дамуына алып келуі мүмкін.

Фолиний қышқылы.

Фолиний қышқылын қосу триметоприм+сульфаметоксазолдың микробқа қарсы тиімділігіне әсер ететіндігі көрсетілген. Мұндай көрініс Йировецтің пневмоцистік пневмониясының (Pneumocystis jirovecii pneumonia) профилактикасы мен емі кезінде байқалды.

Ұрықтануға қарсы дәрілер.

Ұрықтануға қарсы пероральді дәрілер антибиотиктермен бірге қолданылуына қатысты есептерде көрініс берді. Бұл әсерінің механизмі анық емес.  Антибиотиктермен емделіп жүрген әйелдер ұрықтануға қарсы пероральді дәрілерге қосымша бөгеттік әдісті уақытша пайдалануы немесе контрацепцияның басқа әдісін таңдауы тиіс.

Азатиоприн.

Клиникалық есептерде азатиоприн мен триметоприм-сульфаметоксазол біріктірілімі арасында гематологиялық бұзылуларға алып келетін өзара әрекеттесулердің бар екендігіне қатысты қарама-қайшы нәтижелер бар.

Гипогликемиялық дәрілер

Сирек ауыр гипогликемия болуы мүмкін. Пациентті ескерту және қандағы глюкоза деңгейінің жиі мониторингін ұсыну керек. Препаратты пайдалану кезінде және аяқталғаннан кейін диабетке қарсы пероральді препараттар дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Сульфаниламидтерді қабылдаумен байланысты, өмірге қауіп төндіретін асқынулардың, атап айтқанда, бауырдың жедел некрозының, аплазиялық анемияның, агранулоцитоздың, қан құрамы мен реакциясының басқа бұзылуларының жағдайлары, сондай-ақ тыныс алу жүйесі тарапынан аса жоғары сезімталдық (өкпедегі инфильтраттар) туралы сирек жағдайлар тіркелді.

Сульфаметоксазолды қолданумен байланысты тері реакцияларының өмірге қауіп төндіретін жағдайлары: Стивенс-Джонсон синдромы (ағылш. SJS) және уытты эпидермалық некроз (ағылш. TEN) туралы хабарланды.

Пациенттер тері реакцияларының белгілері мен симптомдарынан және оларды мұқият бақылау қажеттілігінен хабардар болуы тиіс. SJS немесе TEN даму қаупінің анағұрлым зор қаупі емдеудің алғашқы апталарында болады.

SJS немесе TEN белгілері немесе симптомдары пайда болған жағдайда (мысалы, терінің көбінесе күлбіреуіктермен қатар жүретін үдемелі бөртпесі кезінде, немесе шырышты қабықтардағы өзгерістер кезінде), Бисептолмен емдеуді тоқтату керек.

SJS немесе TEN емдеудің үздік нәтижелеріне диагнозы ерте қойылған және оларды туғызуы мүмкін препаратты қабылдау дереу тоқтатылған жағдайда қол жеткізіледі. Препаратты қабылдау неғұрлым ерте тоқтатылса, сауығу болжамдары соғұрлым жақсырақ.

Егер пациентте Бисептолмен емдеу кезінде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некроз туындаса, болашақта бұл дәрілік затпен емдеуді қайта бастауға болмайды.

Егер ко-тримоксазолмен емдеу кезінде: бөртпе, тамақтың ауыруы, температура жоғарылауы, буындардың ауыруы, жөтел, ентігу немесе сарғаю туындаса, бұл өте сирек, бірақ қауіп төндіруі ықтимал жағымсыз әсерлерді білдіруі мүмкін және препаратты қабылдауды жылдам тоқтату үшін сигнал болуы тиіс.

Ко-тримоксазолды стрептококктық фарингит кезінде қолданудың салыстырмалы түрде көп пайызы нәтиже бермейді, өйткені ол бактерияларды жоюға қабілетсіз. Котримоксазол стрептококктық фарингит пен тонзиллитті емдеуге жарамайды.

Ко-тримоксазолды бүйрек жеткіліксіздігі бар, фолий қышқылының тапшылығы бар пациенттерге (мысалы, егде жастағы, алкогольге тәуелді адамдарға, антиконвульсанттарды қабылдап жүрген пациенттерге, мальабсорбция синдромы бар немесе азып-жүдеген адамдарға), ауыр аллергия симптомдары немесе бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Егде жастағы пациенттер бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігін қоса, ко-тримоксазолға ауыр жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылауына бейім. Егде жастағы адамдарда анағұрлым жиі кездесетін ауыр жағымсыз реакциялар терінің ауыр реакциялары, миелосупрессия және пурпурамен немесе онсыз жүретін тромбоцитопения болып табылады. Диуретиктерді бір мезгілде қабылдау пурпураның даму қаупін арттырады.

ЖИТС-ке шалдыққан, ко-тримоксазолды Pneumocystis carinii инфекциясына қатысты қабылдаған науқастарда, жағымсыз реакциялар, атап айтқанда, бөртпе, қызба, лейкопения, сарысудағы аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия және гипонатриемия жиірек байқалды.

Ко-тримоксазолды енгізгенде (бактерияға қарсы басқа дәрілерді енгізгендегі сияқты) жалғанжарғақшалы колит туындауы мүмкін. Аурудың ағымы жеңілден өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейін жүруі мүмкін. Сондықтан, микробқа қарсы препаратты қабылдаған кезде диареяны бастан өткерген пациенттерде ауру диагнозын дұрыс қою маңызды. Бактерицидтік дәрілермен емдеу тоқ ішектің физиологиялық флорасын өзгертеді және анаэробты таяқшалар санының шамадан тыс көбеюін туғызуы мүмкін. Clostridium difficile өндіретін токсиндер колиттің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Жалғанжарғақшалы колиттің жеңіл жағдайларында, әдетте, препаратты қабылдауды тоқтату жеткілікті. Орташа және ауыр жағдайларында пациенттерге сұйықтықтарды, электролиттерді, ақуыздарды және Clostridium difficile-ге әсер ететін бактерияға қарсы дәрілерді (метронидазол немесе ванкомицин) тағайындау керек. Перистальтиканы бәсеңдететін дәрілерді немесе адсорбенттерді қолдану ұсынылмайды.

Өнімнің құрамында парагидроксибензоаттар бар, олар аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін (баяу типті реакциялар болуы мүмкін).

Гиперкалиемиямен байланысты дәрілік заттарды спиронолактонмен бір мезгілде қабылдау ауыр гиперкалиемияға алып келуі мүмкін.

Анықталған диагнозы болмағанда және ем ерте басталмаған жағдайларда өмірге қауіп төндіретін қабыну зақымдануларына (гемофагоцитарлық лимфогистиоцитоз) әкелетін лейкоциттердің бақыланбайтын белсенуі салдарынан болатын шамадан тыс иммундық реакциялар туралы өте сирек хабарламалар алынды. Егер қызба, бездердің ісінуі, әлсіздік, бас айналу, ентігу, қан кету, тері бөртпесі сияқты бірнеше симптомдар бір уақытта немесе аздап іркіліспен туындаса, дереу дәрігерге көріну керек.

Жүктілік

Жануарларға жүргізілген эксперименттерде котримоксазолдың өте жоғары дозалары шарана дамуында фолий қышқылының антагонистерінен туындайтындарға тән ақауларды туғызған.
Котримоксазолдың жүкті әйелдерде пайдаланылуына нақты және бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Препаратты жүктілік кезінде тек, дәрігердің пікірінше, анасы үшін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайларда ғана қолдануға болады. Котримоксазолды қолданып жүрген жүкті әйелдер үшін фолий қышқылын бір мезгілде енгізу ұсынылады.

Лактация

Триметоприм де, сульфаметоксазол да емшек сүтімен шығарылады. Емшек емізу кезінде котримоксазолды қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат әдетте, психофизикалық жай-күйдің, көлік құралдарын басқару және машиналармен жұмыс істеу қабілетінің нашарлауын туғызбайды.

Алайда, бас ауыруы, құрысулар, күйгелектік, шаршау сезімі сияқты жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, автомобиль жүргізгенде немесе машиналарды пайдаланғанда сақтық таныту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

6 жасқа дейінгі балаларға: аспирация қаупіне байланысты таблеткаларды пайдалану ұсынылмайды; 6 жасқа толмаған балалар үшін суспензия түріндегі препараттар бар.

Бүйрек функциясы қалыпты ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге Бисептол таблеткасы 1 таблеткадан әр 12 сағат сайын енгізіледі.

Ауыр инфекцияларда әр 12 сағат сайын Бисептол дозасы 1,5 таблеткаға ұлғайтылуы мүмкін.

Ересектер мен жасөспірімдердегі (12 жастан асқан) несеп шығару жолдарының инфекциялары, асқазан-ішек инфекциялары және созылмалы бронхиттің өршуі кезінде: әдетте, 960 мг ко-тримоксазол (Бисептол 120 препаратының 8 таблеткасы немесе Бисептол 480 препаратының 2 таблеткасы) күніне екі рет ішу арқылы қабылданады; несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде препарат, әдетте, 10-14 күн бойы, жедел созылмалы бронхит кезінде – 14 күн бойы, асқазан-ішек жолының инфекциясы кезінде – 5 күн бойы қолданылады.

Балалардағы несеп шығару жолдарының инфекциялары, асқазан-ішек инфекциялары және ортаңғы отит кезінде: әдетте, әр 12 сағат сайынғы 2 дозасымен кг дене салмағына тәулігіне 6 мг триметоприм мен 30 мг сульфаметоксазол енгізіледі.

6-12 жас шамасындағы балаларға арналған орташа дозасы әр 12 сағат сайын 480 мг ко-тримоксазолды құрайды.

Ересектер үшін ұсынылған дозасын арттырмау керек.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде және жедел ортаңғы отит кезінде препарат, әдетте, 10 күн бойы, асқазан-ішек инфекциялары жағдайында – 5 күн бойы қолданылады.

Ересектер мен балалардағы Pneumocystis jirovecii-ден туындаған пневмония:

Инфекциялар расталған жағдайда, кг дене салмағына ұсынылатын дозасы 21 күн бойы әр 6 сағат сайынғы дозаларына бөлінген 90-120 мг ко-тримоксазолды құрайды.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБисептол таблеткалары 960 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1660

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 79

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Шымкенте:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1739

1660

79

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube