Қолдану көрсеткіштері
- шеткері (сенсорлық-моторлық) диабеттік полинейропатияда.
- шеткері (сенсорлық-моторлық) диабеттік полинейропатияда.
әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жүктілік және бала емізу кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Диабеттік полинейропатияның негізгі емі диабеттің оңтайлы бақылануы болып табылады.
Диабетпен науқастар үшін ескертпе: үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетканың құрамында 289 мг лактоза моногидраты бар (0.02 көмірсу алмасу бірлігіне баламалы).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Цисплатинді Эспа-Липон, 600 мг бір мезгілде тағайындағанда, цисплатиннің тиімділігі төмендегені білінген.
Тиокт қышқылы металдардың хелаторы болып табылады, және сондықтан да оны құрамында металдар (мысалы, құрамында темір немесе магний бар қоспалар, құрамында кальций бар болғандықтан, сүт өнімдері) бар препараттармен және өнімдермен бір мезгілде қолдануға болмайды. Эспа-Липон препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі 600 мг құрайтын жалпы тәуліктік дозасын, таңғы асқа дейін 30 минут бұрын қабылдау қажеттігі фактісін ескерсек, онда құрамында темір мен магний бар препараттарды күннің ортасында немесе кешкілік қабылдауға болады.
Эспа-Липон препаратын инсулинмен және диабетке қарсы пероральді дәрілермен бір мезгілде қолданғанда, соңғыларының гипогликемиялық әсері күшейеді.
Сәйкесінше, әсіресе, тиокт қышқылымен емдеудің алғашқы фазаларында, қандағы қант деңгейін мұқият бақылау қажет. Жекелеген жағдайларда гипогликемиялық көріністердің алдын алу үшін инсулиннің дозасын немесе диабетке қарсы оральді дәрілердің дозасын төмендетуге болады.
Алкогольді жүйелі түрде тұтыну нейропатиялық синдромдардың дамуы және үдеуі үшін елеулі қауіп факторы болып табылады және сол себепті, Эспа-Липон 600 мг дәрілік препаратымен емдеудің тиімділігіне де әсер етуі мүмкін. Осыған орай, диабеттік полинейропатиясы бар пациенттерге бар мүмкіндігінше, алкогольді қолданбау ұсынылады. Сонымен қатар бұл ем жүргізілмейтін аралықтарға да қатысты.
Арнайы ескертулер
Тиокт қышқылымен емдеу кезінде инсулиндік аутоиммундық синдром (ИАС) жағдайлары туралы хабарланған. HLA-DRB1*04:06 және HLA-DRB1*04:03 аллельдері сияқты, адамның лейкоциттік антигені (АЛА немесе HLA) жүйесінің белгілі бір генотипі бар пациенттер тиокт қышқылымен емдеу кезінде ИАС бейімірек келеді. HLA-DRB1*04:03 аллелі (ИАС-қа бейімділіктің салыстырмалы қаупі: 1.6) негізінен, еуропа халықтарының өкілдерінде анықталады, және оның таралуы Солтүстік Еуропадағыға қарағанда, Оңтүстік Еуропада жоғары; HLA-DRB1*04:06 аллелі (ИАС-қа бейімділіктің салыстырмалы қаупі: 56.6) негізінен, Жапониялық және Кореялық пациенттерде анықталады.
Тиокт қышқылымен емделіп жүрген пациенттерде күтілмеген гипогликемияның дифференциалды диагностикасы кезінде ИАС болуы мүмкіндігін ескеру қажет.
Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы (лактазаның туа біткен тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.
Дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін несеп иісінің өзгергені сезілуі мүмкін, ол клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Дозалау режимі
Күніне бір рет, үлбірлі қабықпен қапталған Эспа-Липон (600 мг тиокт қышқылына баламалы) 1 таблеткасын алғашқы ас ішкенге дейін 30 минут бұрын қабылдау керек.
Ауыр диабеттік полинейропатия аясындағы ауыр дизестезия кезінде бастапқы емін Эспа-Липон препаратының инфузияға арналған ерітіндісін парентеральді енгізумен қамтамасыз етуге болады.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты аш қарынға, шайнамай және жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдайды. Бір мезгілде ас ішу сіңірілуінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан, әсіресе, асқазанының босауы ұзаққа созылатын пациенттер үшін таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын қабылдауы маңызды.
Емдеу ұзақтығы
Диабеттік полинейропатия созылмалы ауру болғандықтан, ұзақ уақыт емдеу қажет болуы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу.
Артық дозалануы ОЖЖ тарапынан өзгерістермен (психомоторлық қозу және жайылған құрысулар), лактатацидозбен, гипогликемиямен, ДТІҰ синдромының дамуымен жүретін айқын уыттанудың клиникалық көріністерін туғызуы мүмкін.
Тиокт қышқылының 10-нан 40 г дейінгі оральді дозалары алкогольмен біріктірілімп, байқаусызда немесе суицид мақсатында ішке қабылданған жағдайда, ауыр уыттанулар, атап айтқанда, өлімге соқтырған жағдайлар байқалған. Уыттанудың клинкалық көрінісі алдымен психомоторлық қозумен немесе сананың шатасуымен көрініс беруі мүмкін және кейінірек, әдетте, жайылған ұстамалармен және лактатацидоздың туындауымен астасады. Тиокт қышқылының жоғары дозаларымен уыттанудың салдарлары сипатталған – гипогликемия, шок, рабдомиолиз, гемолиз, диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДТІҰ синдромы), сүйек кемігінің бәсеңдеуі және көп ағзалық жеткіліксіздік.
Емі: симптоматикалық, арнайы антидоты жоқ.
Эспа-Липон дәрілік препаратымен елеулі уыттануға күдіктенген жағдайда (мысалы, ересектерде 600 мг-ден > 10 бірлік және балаларда кг дене салмағына > 50 мг), дереу ауруханаға жатқызу және улану жағдайларын емдеудің жалпы қағидаттарына сәйкес шараларды (мысалы, құстыру, асқазанды шаю, белсендірілген көмір және т.б.) қолдану ұсынылады. Жайылған ұстамаларды, лактатацидозды емдеу және уыттану кезінде құтқарып қалудың басқа барлық шаралары заманауи қарқынды емдеу қағидаттарына негізделуі тиіс және симптомдарына қарай жүргізуге болады. Қазіргі кезде тиокт қышқылын мәжбүрлі түрде шығару үшін гемодиализ, гемоперфузия немесе гемофильтрация әдістерін қолданудың артықшылықтары дәлелденбеген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіріп беруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Эспа–Липон препаратын қолданар алдында осы дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіріп беруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.