Қолдану көрсеткіштері
қажет болған жағдайда ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа мерзімді әсер ететін β-агонистермен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болған кезде персистерлейтін жеңіл және орташа ауырлықтағы дәрежедегі демікпесі бар 2-ден 14 жасқа дейінгі балаларға арналған бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде
жақында астманы емдеу үшін пероральді кортикостероидтарды қабылдамаған және ингаляциялық кортикостероидтарды қолдана алмайтындығын көрсеткен жеңіл тұрақты демікпесі бар 2 жастан 14 жасқа дейінгі пациенттерге арналған төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде
2 жастағы және одан асқан пациенттерде демікпенің алдын алу мақсатында дене жүктемесінен туындаған бронх түйілу профилактикасы