Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – нистатин 500 000 ӘБ,
қосымша заттар: бутилгидроксианизол (Е320), бутилгидрокситолуол (Е321), лимон қышқылы, сұйық парафин, қатты май
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр-конус пішінді, сары түсті суппозиторийлер. Кесілген жерінде ауа және кеуекті өзек, және шұңқыр тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті полиэтиленмен ламинацияланған үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.