daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Нутрифлекс Липид Плюс Инфузияға Арналған Эмульсия 1875 Мл №5 | B. Braun Melsungen AG

Шымкенте қаласындағы Нутрифлекс Липид Плюс Инфузияға Арналған Эмульсия 1875 Мл №5 | B. Braun Melsungen AG

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Өндіруші:

B. Braun Melsungen AG

Өндіруші ел:

Германия

Қаптамадағы саны:

5 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

НуТРИфлекс Липид плюс құрамында амин қышқылдары, электролиттер және май қышқылдары деп аталатын сұйықтықтар мен заттар бар, олар организмнің өсуі немесе қалпына келтіру үшін қажет. Оның, сондай-ақ құрамында көмірсулар мен майлар түрінде калориялар бар.

Қарсы көрсеткіштер

- егер сізде белсенді заттардың кез келгеніне, жұмыртқаға, жержаңғаққа немесе сояға, немесе осы дәрінің қосымша ингредиенттерінің кез келгеніне аллергия болса.

- бұл дәріні екі жастан кіші нәрестелерге, сәбилер мен балаларға беруге болмайды.

- егер сіз коллапс немесе шок жағдайында болсаңыз, туындауы мүмкін өмірге қауіп төндіретін қан айналымы мәселелері

- жүрек ұстамасы немесе инсульт

- қатты бұзылған қан ұю функциясы, қан кету қаупі (коагулопатияның ауыр түрі, өршитін геморрагиялық диатездер)

- қан тамырларының қан ұйындыларымен немесе май бөлшектерімен бітелуі (эмболия)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- өт бөлінуінің бұзылуы (бауыр ішіндегі холестаз)

- диализ мүмкіндігі болмағанда ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- су-тұз теңгерімінің бұзылуы

- организмдегі су тапшылығы немесе артық болуы

- өкпедегі сұйықтық (өкпенің ісінуі)

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- кейбір мынадай метаболизмдік бұзылулар:

- қандағы липидтердің (майлардың) артық болуы;

- амин қышқылдары алмасуының туа біткен бұзылуы;

- қандағы қанттың жоғары деңгейі, оны бақылау үшін сағатына 6 бірлік инсулин талап етіледі;

- операциядан немесе жарақаттан кейін пайда болуы мүмкін зат алмасуының бұзылуы;

- шығу тегі белгісіз кома;

- организм тіндерінің оттегімен жеткіліксіз қамтылуы;

- қандағы қышқылдың аномалиялық жоғары көрсеткіші

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

НуТРИфлекс Липид плюс қолданар алдында дәрігермен сөйлесіңіз.

Егер:

- сізде жүрек, бауыр немесе бүйрек проблемалары болса

-сіз диабет, қандағы май мөлшерінің бұзылуы, сондай-ақ су-тұзды, қышқыл-сілтілі теңгерімнің бұзылуы сияқты метаболизмдік бұзылулардың белгілі бір түрлерінен зардап шексеңіз дәрігерге хабарлаңыз.

Дәріні қабылдаған кезде, сіз аллергиялық реакцияның ерте белгілерін (қызба, дірілдеу, бөртпе немесе ентігу сияқты) анықтау үшін бақылауда болуыңыз керек.

Қан үлгілерінің әртүрлі зерттеулерін қоса, әрі қарай мониторинг жүргізу және талдау жасау сіздің организміңіз енгізілген тамақ өнімдерін дұрыс сіңіретініне көз жеткізу үшін қолданылатын болады.

Медбике қызметкерлері сондай-ақ сұйықтық пен электролиттердің сәйкестігін қалып шегінде қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. НуТРИфлекс Липид плюске қосымша сіз сіздің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін қосымша қоректік заттарды (азық-түлік) алуыңызға болады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер сіз қандай да бір басқа да дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, дәрігеріңізге хабарлаңыз.

НуТРИфлекс Липид плюс кейбір басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Келесі тізімдегінің кез келгенін қабылдасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз:

- Инсулин

- Гепарин

- Варфарин немесе кумариннің басқа да туындылары сияқты жағымсыз қан ұюын болдырмайтын препараттар

- Несептің шығуына ықпал ететін препараттар (диуретиктер)

- Жоғары артериялық қысымды емдеуге арналған препараттар (АӨФ тежегіштері)

- Жоғары қан қысымын немесе жүрек проблемаларын емдеуге арналған препараттар (ангиотензин-II рецепторлары антагонистері)

- Циклоспорин және такролимус сияқты ағзаларды трансплантациялау кезінде пайдаланылатын препараттар

- Қабынуды емдеуге арналған препараттар (кортикостероидтар)

- Сұйықтықтың теңгеріміне әсер ететін гормональді препараттар (адренокортикотропты гормон немесе АКТГ)

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза пациенттің жеке қажеттіліктеріне сәйкес анықталуы тиіс. Сіздің дәрігер сізге дәрінің қанша мөлшері қажет және қанша уақыт қажет екенін анықтайды.

Шығарылу түрі

Препарат сығымдалған полиамид үлбір мен полипропиленнен жасалған, үш камераға бөлінген икемді полиэтилен пакетке құйылады. Үстіңгі екі камерасы астыңғысымен қат-қабат тігіс арқылы жалғанған.

1250 мл қаптамасы үшін: үстіңгі үлкен камерасына 500 мл глюкоза ерітіндісі, үстіңгі кіші камерасына – 250 мл майлы эмульсия және астыңғы камерасына – 500 мл аминқышқылдар ерітіндісі құйылған.

1875 мл қаптамасы үшін: үстіңгі үлкен камерасына 750 мл глюкоза ерітіндісі, үстіңгі кіші камерасына – 375 мл майлы эмульсия және астыңғы камерасына – 750 мл аминқышқылдар ерітіндісі құйылған.

Үш камералы полиэтилен пакет оттегін сіңіргішпен бірге қорғағыш пластик пакетке салынған.

1 пластик пакеттен картон қорапшаға салынған.

5 картон қорапшадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Эмульсия контейнерді ашқаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

1875 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНутрифлекс Липид плюс инфузияға арналған эмульсия 1875 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube