Қолдану көрсеткіштері
эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
жүрек-қантамыр ауруларының жоғары даму қаупі бар 55 жастан асқан пациенттерде жүрек-қантамыр аурулары мен өлімге ұшыраудың профилактикасында (төмендетуде)
эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
жүрек-қантамыр ауруларының жоғары даму қаупі бар 55 жастан асқан пациенттерде жүрек-қантамыр аурулары мен өлімге ұшыраудың профилактикасында (төмендетуде)
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
өт жолдарының обструкциялық аурулары
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
қант диабетімен немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 60 мл/мин/ 1,73 м2) пациенттерде телмисартанды алискиренмен бірге қабылдау
сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дигоксин
Телмисартанды дигоксинмен біріктіріп қолданғанда плазмадағы дигоксиннің ең жоғары концентрациясының (49%) және қалдық концентрациясының (20%) орташа жоғарылауы байқалды. Телмисартанды қолдануды бастау, түзету және тоқтату кезінде оны терапевтік диапазонда ұстап тұру үшін дигоксин деңгейін бақылау керек.
Сондай-ақ, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа дәрілер сияқты, телмисартан гиперкалиемияны тудыруы мүмкін. Емдеу гиперкалиемияны тудыруы мүмкін басқа дәрілік заттармен (құрамында калий бар тұз алмастырғыштар, калий жинақтайтын диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП, соның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштері), гепарин, иммуносупрессанттар (циклоспорин немесе такролимус, және триметоприм) біріктірілгенде қауіп артуы мүмкін.
Гиперкалиемияның пайда болуы қатар жүретін қауіп факторларына байланысты.
Жоғарыда аталған терапевтік біріктірілімдер жағдайында қауіп артады. Қауіп әсіресе калий жинақтайтын диуретиктермен және құрамында калий бар тұзды алмастырғыштармен біріктіргенде жоғары. Сонымен, АӨФ немесе ҚҚСП тежегіштерімен біріктіру пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтаған жағдайда қауіп аздау болады.
Бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Калий жинақтайтын диуретиктер немесе калий қоспалары
Телмисартан сияқты ангиотензин II рецепторларының антагонистері диуретиктер тудырған калийдің жоғалуын азайтады. Калий жинақтайтын диуретиктер, мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид, калий қоспалары немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштар қан сарысуындағы калий мөлшерінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін. Егер бір мезгілде қолдану расталған гипокалиемияға байланысты көрсетілсе, оларды сақтықпен және қан сарысуындағы калий деңгейін жиі бақылау кезінде қолдану керек.
Литий
Телмисартанды қоса, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен литийді бірге пайдаланғанда сарысудағы литий концентрациялары мен уыттылығының қайтымды артуы хабарланған. Аталған жағдайда қан плазмасындағы литий деңгейіне мониторинг жасау ұсынылады, ал пациенттер дәрігердің қатаң қадағалауында болуы тиіс.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
Дозалау режимі
Телмисартан таблеткалары күнделікті пероральді қабылдауға арналған және ас ішуге қарамастан сұйықтықпен қабылдауға болады.
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
Ересектерге ұсынылатын дозасы күніне бір рет 40 мг құрайды. Кейбір пациенттер тәуліктік 20 мг дозада гипотензивті әсер алуы мүмкін.
Қалаулы АҚ-ға жетпеген жағдайларда Телсартан® препаратының дозасын күніне бір рет ең жоғары 80 мг дейін арттыруға болады.
Дозасын арттырғанда гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне, әдетте, ем басталған соң төрт-сегіз апта ішінде жетуге болатынын ескеру керек.
Телсартан® тиазидтік диуретиктермен, мысалы, телмисартанмен қосылғанда қосымша гипотензиялық әсер беретін гидрохлоротиазидпен біріктіріп пайдалануға болады.
Артериялық гипертензияның ауыр дәрежесі бар пациенттерде телмисартан дозасы тәулігіне 160 мг (Телсартан® 80 мг препаратының екі таблеткасы ) және гидрохлоротиазидпен бірге тәулігіне 12,5-25 мг жақсы төзімді және тиімді болды.
Жүрек-қантамыр аурулары мен өлімге ұшырау профилактикасы
Ұсынылатын дозасы күніне бір рет 80 мг құрайды.
80 мг-ден төмен дозаларының жүрек-қантамыр аурулары мен өлімге ұшырауды төмендету үшін тиімді болып табылуы анықталмаған.
Жүрек-қантамыр аурулары мен өлімге ұшырау профилактикасы үшін Телсартан® препаратын қолданудың бастапқы сатысында артериялық қысымды (АҚ) бақылау ұсынылады, сондай-ақ АҚ төмендететін дәрілік заттармен АҚ түзету керек болуы мүмкін.
Телсартан® ас ішуге қарамастан қабылдауға болады.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Телсартанның қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Гемодиализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны өзгерту талап етілмейді. Күрделі бүйрек жеткіліксіздігі бар және гемодиализдегі пациенттерді емдеудің шектеулі тәжірибесі бар. Осындай пациенттер үшін емді төмендеу доза 20 мг-ден бастау ұсынылады. Телсартан® гемофильтрация кезінде қаннан шығарылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде препараттың тәуліктік дозасы күніне бір рет 40 мг-ден аспауы тиіс.
Қолдану тәсілі
Телмисартан таблеткалары күнделікті пероральді қабылдауға арналған және ас ішуге қарамастан сұйықтықпен қабылдауға болады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Адамдардағы артық дозалануы жөніндегі деректер аса шектеулі.
Симптомдары: артық дозалануының ең ықтимал белгілері гипотензия және тахикардия болуы мүмкін, сондай-ақ брадикардияның дамуы да жоққа шығарылмайды.
Емі: ұсынылатын емі – симптоматикалық. Телмисартан қаннан гемодиализбен шығарылмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда медициналық қызметкерге хабарласу қажет.
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған ұяшықты қаптамаға қапталады.
1 (2 немесе 3) алюминий фольгадан жасалған ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден