Құрамы
Бір құтының ішінде:
белсенді зат: бензилпенициллин натрий 1000000 ӘБ
(белсенді затқа шаққанда) 0.6 г
Бір құтының ішінде:
белсенді зат: бензилпенициллин натрий 1000000 ӘБ
(белсенді затқа шаққанда) 0.6 г
Бензилпенициллин ересектерде, жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда, жасөспірімдерде қолдануға көрсетілген:
- крупозды және ошақты пневмония, плевра эмпиемасы, бронхит
- сепсис, сепсистік эндокардит (жедел және жеделге жуық), перитонит
- менингит
- остеомиелит
- пиелонефрит, пиелит, цистит, уретрит, соз, бленнорея, мерез, цервицит
- холангит, холецистит
- жара инфекциясы
- тілме, импетиго, қайта инфекцияланған дерматоздар
- күл
- скарлатина
- сібір ойық жарасы
- актиномикоз
- препаратқа, оның ішінде басқа да β-лактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдық
- есекжем
- бронх демікпесі
- эпилепсия кезінде эндолюмбалды енгізу.
Қолдану кезіндегі сақтық шаралар
Бензилпенициллин натрийдің ауқымды дозалары гипокалиемия, ал кейде гипернатриемияны да туындатуы мүмкін. Калий жинақтаушы несеп айдайтын дәріні пайдалану пайдалы болуы мүмкін. Препараттың жоғарғы дозаларын 5 күннен артық қабылдаған пациенттерде электролиттік теңгерімді, қан талдауын және бүйрек функциясын бақылау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы аясында пенициллиннің жоғарғы дозаларын қолданғанда нейроуытты әсерлер, құрысу және кома туындауы мүмкін.
Тері сенсибилизациясы жиі антибиотик пайдаланатын адамдарда туындауы мүмкін, сондықтан затпен жанасудан аулақ болу керек.
Анамнезінде аллергияға бейімділігі бар пациенттерде, әсіресе дәрілік препараттарға, пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциясы жиі дамитынын ескеру керек. Пациенттер енгізгеннен кейін 30 минут ішінде бақылануы тиіс, егер аллергиялық реакция туындаса, препарат енгізуді тоқтату және тиісті ем жүргізу керек.
Қант диабеті бар пациенттерде препаратты бұлшықет ішіне енгізгенде оның кешеуілдеген сіңірілуі болуы мүмкін.
Бензилпенициллинді ұзақ уақыт қолдану суперинфекцияның дамуына, оның ішінде зеңдік инфекцияға, микроорганизмдердің резистентті штаммдарының пайда болуына әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет. Пациенттерді қадағалау және бақылау қажет.
Бензилпенициллинді қолданған кезде жалған жарғақшалы колиттің дамуы мүмкін, пациенттерді қадағалау қажет. Бензилпенициллинді қолдану уақытында және одан кейін пациенттерде ауыр және тұрақты диарея дамығанда препаратты қолдану тоқтатылуы және тиісті ем тағайындалуы тиіс.
Бета-лактамды антибиотиктерді (пенициллиндерді қоса) қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром) және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары болуы мүмкін. Егер терінің ауыр жағымсыз реакциясы бензилпенициллинді қолдану кезінде туындаса, препаратпен ем тоқтатылуы және тиісті ем тағайындалуы тиіс.
Бензилпенициллинді пенициллиндерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге анамнезінде аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер бензилпенициллинге де жоғары сезімталдыққа ие болуы мүмкін.
600 мг бензилпенициллин құрамында 38,7 мг (1,68 ммоль) натрий бар. Бұл ересектер үшін натрийдің ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозасының 1,93 %-на баламалы, натрийдің келіп түсуін шектейтін диетада жүрген пациенттер осыны ескеруі қажет.
Жүктілік кезінде, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, жүрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде, сондай-ақ аллергиялық реакцияларға бейім пациенттерге (әсіресе дәрілік аллергияда), цефалоспориндерге жоғары сезімталдықта (айқаспалы аллергия дамуы мүмкіндігінен) сақтықпен қолдану керек. Бронх демікпесінде, пішен қызбасында және басқа аллергиялық ауруларда бензилпенициллин препаратын гистаминге қарсы дәрілермен бір мезгілде тағайындағанда сақтықпен қолдану керек.
Егер қолдануды бастағаннан кейін 3-5 күннен соң әсері байқалмаса, басқа антибиотиктерге немесе біріктірілген ем қолдануға ауысу керек.
Педиатрияда қолдану
Көрсетілімдері болса балаларда жаңа туған кезеңінен бастап қолданылады. Қолданар алдында препараттың жағымдылығына міндетті түрде зерттеу жүргізу қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік к болжамды пайдасы жағымсыз әсерлердің даму қаупінен артық болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Емшек емізу кезеңі
Лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату мәселесін шешіп алу керек.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалану режимі
Бұлшықет ішіне енгізген кезде ересектер үшін бір реттік дозасы 250000 -500000 ӘБ; тәуліктік - 1000000-2000000 ӘБ құрайды; айрықша жағдайларда ең жоғары тәуліктік доза 40000000-60000000 ӘБ-ге дейін құрауы мүмкін.
Балаларға препаратты тәуліктік дозада тағайындайды: 1 жасқа дейін - дене салмағына 50000-100000 ӘБ, 1 жастан асқандарға - 50000 ӘБ/кг. Ауыр инфекциялар кезінде тәуліктік дозаны 200000-300000 ӘБ/кг дейін, өмірлік көрсетілімдерге байланысты - 500000 ӘБ/кг дейін жоғарылатуға болады
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған препарат ерітіндісін тікелей енгізер алдында, құтының ішіндегісіне 1-3 мл инъекцияға арналған су немесе 0,9 % изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 0,5 % прокаин ерітіндісін қосу арқылы дайындайды.
Препаратты инфильтраттарды тесу үшін 0,25-0,5 % прокаин ерітіндісінің 1 мл-не 100000-200000 ӘБ концентрациясында тері астына қолданады.
Құрамында прокаин бар ерітіндіні вена ішіне енгізуге болмайды!
Бензилпенициллинді бұлшықет ішіне енгізер алдында, еріткіш ретінде прокаин пайдаланылған кезде, прокаинді қолдануға болмайтын жағдайларды ескеру керек (прокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ақпаратты қараңыз).
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты бұлшықет ішіне, қуыс ішіне немесе тері астына қолданады.
Қуыс ішіне препаратты тек стационар жағдайында ғана енгізеді!
Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі
Тәуліктік дозаны 4-6 енгізуге бөледі.
1000000 ӘБ белсенді заттан резеңке тығындармен герметикалық жабылған, алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 10 мл дәрілік заттарға арналған 1 гидролитикалық класқа жататын түссіз шыны түтіктен жасалған құтыларға салынған.
Әр құтыға өздігінен желімделетін заттаңбаны жапсырады немесе заттаңба мәтінін тікелей жылдам бекитін бояумен терең басу әдісі арқылы жазады.
50 құтыны тұтынушы ыдысына арналған картон қорапқа салады, препаратты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық құтылардың санымен бірдей етіп қоса салынады (стационарлар үшін).
Қораптарға заттаңба-бандероль желімдейді немесе қорапқа заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбаны желімдейді, немесе офсеттік қағаздан жасалған заттаңба немесе өздігінен желімделетін заттаңба пайдаланылады.
20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 4₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Талдыкоргане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
74₸
70₸
4₸