Қолдану көрсеткіштері
- жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету үшін
- жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету үшін
домперидонға немесе қосымша заттарының кез келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдық;
бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесі.
жүрек өткізгіштігі, атап айтқанда QT аралықтарының ұзаруы диагнозы қойылған, елеулі электролиттер теңгерімінің бұзылулары немесе жүректің іркілісті жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерге.
апоморфинді қоспағанда, QT аралығы ұзаруының қауіп факторы белгілі басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану;
CYP3A4 әсері күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (олардың QT аралығын ұзартуға қабілеттіліктеріне байланыссыз).
гипофиздің пролактин-секрециялайтын ісігі (пролактинома);
асқазан моторикасының стимуляциясы қауіпті болуы мүмкін кез келген жағдайларда, мысалы, асқазан-ішектен қан кету, механикалық обструкциясы немесе перфорациясы болған жағдайда;
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Антацидтік немесе антисекреторлық препараттарды ДОМРИД® препаратымен бір мезгілде қабылдамаған дұрыс, өйткені олар домперидонның пероральді биожетімділігін төмендетеді. Бірге қолданғанда домперидонды ас ішер алдында, антацидтік немесе антисекреторлық препараты – тамақтан кейін қабылдау керек.
Леводопамен бірге қолдану
Леводопаның дозасын түзету қажет деп есептелмесе де, препаратты домперидонмен бір мезгілде қабылдағанда леводопаның плазмадағы концентрациясының артқаны (ең көбі 30–40 %-ға) байқалған.
Антихолинергиялық препараттар домперидонның әсерін бейтараптандыруы мүмкін.
Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің салдарынан QT аралығының ұзару қаупі жоғарылайды.
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:
QT аралығын ұзартатын:
аритмияға қарсы IА класты (дизопирамид, гидрохинидин, хинидин);
аритмияға қарсы III класты (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол);
кейбір нейролептиктермен (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол);
кейбір антидепрессанттармен (мысалы, циталопрам, эсцеталопрам);
кейбір антибиотиктермен (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин);
кейбір зеңге қарсы (мысалы, пентамидин);
кейбір безгекке қарсы (атап айтқанда, галофантрин, люмефантрин);
асқазан-ішекке әсері бар кейбір препараттармен (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд);
кейбір антигистаминдер(мысалы, меквитазин, мизоластин);
обырды емдеу үшін қолданылатын кейбір препараттармен (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин);
кейбір басқа препараттармен (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон);
апоморфин, егер тек, апоморфинді тағайындаудың пайдасы қауіптерінен асып түспесе және тек, барлық сақтық шаралары толық сақталған жағдайда болмаса.
CYP3A4 күшті тежегіштерімен (олардың QT аралығын ұзартуға қабілеттілігіне байланыссыз):
протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавир, саквинавир, телапревир);
зеңге қарсы жүйелі әсері бар азолдық препараттармен (итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол);
кейбір макролидтермен (эритромицин, кларитромицин, телитромицин).
Домперидонды CYP3A4 орташа тежегіштерімен, мысалы, дилтиаземмен, верапамилмен және кейбір макролидтермен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Брадикардия мен гипокалиемияны туғызатын дәрілік заттарды, сондай-ақ, QT аралығын ұзартатын макролидтерді: азитромицин мен рокситромицинді (кларитромицинді қолдануға болмайды, өйткені ол CYP3A4 күшті тежегіші) бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту қажет.
Жоғарыда келтірілген заттардың тізбесі шамамен алынған болып табылады және шектеулі емес.
Домперидонның метаболизмдік өзгерістерінің негізгі жолы Р450 цитохромы жүйесінің CYP3A4 изоферментінің қатысуымен жүреді, сондықтан, домперидон және аталған изоферментті едәуір тежейтін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда, қан плазмасындағы домперидон деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Дені сау субъектілерде пероральді кетоконазолмен немесе пероральді эритромицинмен фармакокинетикалық/фармакодинамикалық өзара әрекеттесуіне in vivo жүргізілген жекелеген зерттеулер, аталған препараттардың алғаш өтуі кезінде CYP3A4 метаболизмінің домперидон түрткі болған елеулі тежелуін растады.

Дозалау режимі
Жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін төмендету үшін, домперидонды ең төменгі тиімді дозасында және жүрек айнуы мен құсуды бақылауға алу үшін қажетті барынша қысқа уақыт ішінде қолдану керек.
Ересектер және 12 жастан асқан, дене салмағы 35 кг және одан көп жасөспірімдер. 10 мг-ден (10 мл суспензия) – күніне 3 реттен асырмай.
Препараттың ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 30 мг (30 мл суспензия).
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.
Балалар
Домперидонды 12 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі анықталмаған («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз).
Домперидонды 12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг-ден аз жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі анықталмаған.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының ауырлығы орташа және ауыр дәрежелі бұзылулары кезінде домперидонды қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл дәрежелі бұзылулары кезінде дозалау режимін түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ұзаратындықтан, қайталап қолданғанда қабылдау жиілігін бұзылулардың ауырлығына байланысты күніне 1-2 ретке дейін азайту қажет, сондай-ақ, дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Құтыда 60 мл немесе 100 мл суспензиядан. Әр құты өлшеуіш қасығымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін препаратты 4 аптадан асырмай сақтау керек.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден