Қолдану көрсеткіштері
- ауырлық сезімімен, парестезиялармен, аяқтардың ауыруымен білінетін веналық-лимфалық жеткіліксіздікті симптоматикалық емдеу
- геморройдың жедел ұстамасы кезінде симптоматикалық емдеу
- ауырлық сезімімен, парестезиялармен, аяқтардың ауыруымен білінетін веналық-лимфалық жеткіліксіздікті симптоматикалық емдеу
- геморройдың жедел ұстамасы кезінде симптоматикалық емдеу
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта
- гипертиреоз
- МАО тежегіштерін бір мезгілде қолдану
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Құрамында гептаминол бар болғандықтан, айқын артериялық гипертензиямен зардап шегетін пациенттерде емдеудің басында артериялық қан қысымына мониторинг жүргізілуі тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа да түрлері
Құрамында гептаминол гидрохлоридінің болуы салдарынан артериялық гипертензияның қаупіне байланысты Гинкор Фортты® МАО тежегіштерімен бірге қолдану қарсы көрсетілген.
Пайдалану кезінде сақтандыру шаралары сақталуы тиіс заттардың үйлестірілуі
{0>Combinations requiring special precautions for use<}100{><0} при использованииАнтикоагулянттарды (фенпрокумон, варфарин): осы заттардың әсеріне әсер етуі мүмкін.
Антитромбоцитарлық дәрілер (клопидогрел, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да стероид емес қабынуға қарсы дәрілік заттар): осы заттардың әсеріне әсер етуі мүмкін.
Варфаринмен жүргізілген зерттеулерде варфариннің гинкго құрамына кіретін дәрілік затпен қандай да бір өзара іс-қимылы анықталған жоқ, алайда доза немесе дәрілік зат өзгерген жағдайда емдеудің басында және соңында варфаринді гинкго негізіндегі дәрілік заттармен қатар қолданған жағдайда тиісті бақылауды қамтамасыз ету ұсынылды.
Талинолмен өзара әрекеттесуді зерттеу гинкгоның ащы ішекте Р-гликопротеиндерді басу мүмкіндігін көрсетеді, соның салдарынан асқазан-ішек жолында Р-гликопротеиндерге сезімтал дәрілік заттардың, мысалы, дабигатран этексилатының экспозициясы ұлғаюы мүмкін. Гинкгоны дабигатранмен бірге абайлап қабылдау керек.
Өзара әрекеттесуді зерттеу көрсеткендей, нифедипиннің Cmax гинкгоны қолдану аясында бас айналу және ыстық жыпылықтау қарқындылығының жоғарылауы байқалатын кейбір пациенттерде 100% - ға дейін артуы мүмкін.
Гинкго және эфавирензбен дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану CYP3A4 цитохромының индукциясы салдарынан плазмадағы Эфавиренз концентрациясының ықтимал төмендеуіне байланысты ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Антикоагулянттық және антитромбоциттік емнен өтетін қан кетулерге (геморроидальді) бейімділігі бар пациенттерге осы дәрілік затты қабылдау алдында дәрігермен кеңескен жөн.
Құрамында гинкго бар препараттар қан кетуге бейімділікті арттыруы мүмкін. Сақтық шарасы ретінде осы дәрілік затты қабылдауды операциядан 3-4 күн бұрын тоқтату керек.
Эпилепсиямен ауыратын пациенттерде құрамында гинкго бар препараттарды қабылдау қосымша ұстамаларға әкелуі мүмкін.
Құрамында гинкго және эфавиренз бар препараттарды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Геморройдың жедел ұстамасын емдеу кезінде препаратты қолдану басқа препараттармен біріктіріп жүргізілуі тиіс. Емдеу қысқа болуы керек. Егер симптомдар тез жойылмаса, проктологиялық тексеру жүргізу және емдеу курсын қайта қарау қажет.
Веналық-лимфалық жеткіліксіздікте осы дәрілік препарат салауатты өмір салтымен біріктірілімде тиімді болады:
- күн астында және ыстықта жүруді, ұзақ уақыт бойы тұрған қалыпта болуды және артық салмақ қосуды болдырмау;
- ұзақ уақыт жаяу серуендеу мен ұстап тұратын шұлықтарды кию веналық айналымның жақсаруына ықпал етеді.
Жүктілік және лактация кезінде
Гинкор Форт® дәрілік затын жүктілік кезеңінде қолдану туралы деректер жеткіліксіз.
Гептаминол мен гинкго билоба антиагреганттарының вазоактивті қасиеттерін ескере отырып, Гинкор Форт® препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды. {0>Lactation<}100{>ПП
Препараттың емшек сүтіне өтетіні туралы мәлімет жоқ, сондықтан препаратты лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобильді басқару және қауіптілігі зор механизмдерді пайдалану қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Дозалау режимі
Веналық-лимфалық жеткіліксіздікте таңертең 1 капсула және кешке 1 капсуладан тағайындайды. Тәуліктік дозасы – 2 капсула.
Жедел геморройда күніне 3 немесе 4 капсуладан, тамақпен бірге тағайындайды. Емдеу курсы – 7 күн
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке
Емдеу ұзақтығы
Жедел геморройда– 7 күн
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Артық дозаланған жағдайларда (кездейсоқ немесе әдейі) қан қысымы мен жүректің жиырылу жиілігін мамандандырылған жағдайларда мониторингілеу ұсынылады.
Симптомдары: АҚ жоғарылауы, тахикардия.
Емі: симптоматикалық емдеу.
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Құрғақ жерде 30°С-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде 30°С-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден