daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Кавинтон 10 Мг/2 Мл №10 Ампулалар | Гедеон Рихтер ОАО

Талдыкоргане қаласындағы Кавинтон 10 Мг/2 Мл №10 Ампулалар | Гедеон Рихтер ОАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссіз немесе аздаған жасыл түсті, мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Винпоцетин

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

- геморрагиялық церебральды инсульттің жедел фазасы, жүректің ауыр ишемиялық ауруы, жүрек ырғағы бұзылысының ауыр түрлері - жүктілік, баланы емізу кезеңі және контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде қолдану - 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде (тиісті клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты). - тұқымқуалайтын фруктоза жақпаушылығы

Белсенді заттың дозасы:

10 мг/2 мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/2 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір 2 мл ампуланың құрамында:

белсенді зат - винпоцетин, 10 мг,

қосымша заттар: аскорбин қышқылы, натрий метабисульфиті, шарап қышқылы, бензил спирті, сорбит, натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.

Қолдану көрсеткіштері

Неврология: Ми қан айналымының әртүрлі бұзылулары кезінде: транзиторлы ишемиялық шабуыл, ишемиялық инсульт, инсульттан кейінгі жағдай, вертебробазилярлы жетіспеушілік, тамырлы деменция, бас миы тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуына байланысты психикалық немесе неврологиялық бұзылу көрінісін азайту үшін.

Офтальмология: Көздің қантамырлық қабығының және торқабығының созылмалы тамырлы аурулары кезінде (мысалы, орталық артерияның немесе ішкі торқабықтың веналық тромбозы немесе обструкциясы).

Отология: Жедел тамырлы немесе уытты (дәрілік) немесе шығу тегі басқа (шудың әрекет ету салдарынан, идиопатиялық) есту қабілетінің жоғалуы, Меньер ауруы және құлақтың шыңылдауы.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе препараттың 6.1-тармақта көрсетілген кез-келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- геморрагиялық церебральды инсульттің жедел фазасы, жүректің ауыр ишемиялық ауруы, жүрек ырғағы бұзылысының ауыр түрлері

- жүктілік, баланы емізу кезеңі және контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде қолдану

- 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде (тиісті клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты).

- тұқымқуалайтын фруктоза жақпаушылығы

Өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулерде, клопамид, глибенкламид, дигоксин, аценокумарол немесе гидрохлоротиазид сияқты винпоцетин мен бета-блокаторларды (хлоранолол және пиндолол сияқты) бір мезгілде қолданған кезде өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Кавинтон ерітіндісі гепаринмен химиялық тұрғыдан үйлеспейді, сондықтан бұл екі дәрілік затты бір шприцте араластыруға болмайды. Алайда антикоагулянттарды ілеспе қолдануға жол беріледі. Кейбір жағдайларда альфа-метилдопа мен винпоцетинді бір мезгілде қолданған кезде елеусіз қосымша әсері туралы хабарланған, мұндай біріктірілімде артериялық қысымды тұрақты бақылап отыру ұсынылады.

Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын деректердің болмауына қарамастан, винпоцетинді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде, сондай-ақ жүрек ырғағының бұзылуына қарсы және антикоагулянтты әсері бар препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда сақтық таныту ұсынылады.

Арнайы нұсқаулар

Пациентте бассүйекішілік жоғары қысым, жүрек ырғағы немесе QT аралығы ұзарған синдромы болған кезде, сондай-ақ жүрек ырғағының бұзылуына қарсы дәрілерді қолданған кезде дәрілік затпен емдеу курсын оны қолданумен ұштасатын пайдасы мен қаупіне мұқият баға берілгеннен кейін ғана бастауға болады.

QT аралығы ұзару синдромы болған кезде немесе QT аралығының ұзаруына ықпал ететін дәрілік затты бір мезгілде қабылдаған кезде ЭКГ-бақылауын жүргізу ұсынылады.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында әрбір ампулада 160 мг сорбитол бар. Сорбитол фруктозаның қоркөзі болып табылады. Құрамында сорбитол (немесе фруктоза) бар препараттарды тағамдық рационда сорбитол (немесе фруктоза) тұтынумен бірге қабылдағанда аддитивті әсері ескерілуі тиіс.

Фруктозаның тұқымқуалайтын жақпаушылығы бар пациенттерге осы дәрілік затты аса қажеттілігі болмаса енгізуге болмайды. Осы дәрілік затты тағайындамас бұрын әрбір пациенттен фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы симптомдарына қатысты толық сыртартқы алынуы тиіс.

Препараттың құрамында әрбір ампулада 20 мг бензил спирті бар. Бензил спирті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Үлкен көлемді сақтықпен және қажет болған жағдайда ғана, әсіресе бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған пациенттерде жинақталу және уыттылық қаупіне байланысты (метаболикалық ацидоз) қолданған жөн.

Препараттың құрамында әрбір ампулада 2 мг натрий метабисульфиті бар. Натрий метабисульфиті сирек жағдайларда жоғары сезімталдық реакцияларын және бронхтың түйілуін тудыруы мүмкін.

Препараттың құрамында әрбір ампулада 1 ммоль-ден кем натрий (23 г) бар, яғни құрамында натрий жоқ деуге болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және баланы емізу кезінде, сондай-ақ контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде винпоцетинді қолдануға болмайды.

Жүктілік

Винпоцетин плацентарлық тосқауыл арқылы енеді, алайда плацентада және ұрықтың қанында оның концентрациясы жүкті әйелдің қанындағыға қарағанда төмен. Даму ақауларын қоса алғанда, репродуктивті уыттылығы көрінуі мүмкін.

Винпоцетиннің жоғары мөлшерін енгізген кезде плаценталық қан кету немесе түсік тастау туралы хабарланды, ол плаценталық қан ағынының күшеюі нәтижесінде болуы мүмкін.

Бала емізу

Винпоцетин емшек сүтіне енеді. Винпоцетиннің концентрациясы ананың қанына қарағанда ана сүтінде шамамен он есе жоғары болды. 1 сағат ішінде емшек сүтіне қабылданған дозаның 0,25%-ы енеді. Винпоцетин емшек сүтіне өтетіндіктен, және де оның емшек жасындағы балаларға әсері туралы деректер болмағандықтан, баланы емізу кезінде оны қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалының ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы туралы деректер жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тамшылы инфузия кезінде бастапқы тәуліктік доза әдетте 500 мл инфузиялық ерітіндіде 20 мг (2 ампула) құрайды. Пациенттің дәрілік затты көтере алуына байланысты бұл доза 2-3 күн ішінде дене салмағының әр кг шаққанда 1 мг дейін артуы мүмкін.

Емдеудің орташа курсының ұзақтығы 10-14 күнді құрайды, әдеттегі тәуліктік дозасы –50 мг / тәулігіне (500 мл инфузиялық ерітіндіге 5 ампула), 70 кг дене салмағына есептегенде.

Инфузиялық емдеу курсы аяқталғаннан кейін пациентті дәрілік заттың таблеткаланған түрімен емдеуді мынадай сызба бойынша жалғастыру ұсынылады: 1 Кавинтон Форте таблеткасы немесе 2 Кавинтон таблеткасы 5 мг тәулігіне 3 рет (3 рет 10 мг-нан).

Шығарылу түрі

2 мл препараттан сындыруға арналған ақ нүктесі бар, қоңыр түсті шыны ампулаға құйылған.

5 ампуладан пластик тұғырға орналастырылған.

2 тұғырдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКавинтон 10 мг/2 мл №10 ампулалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading
2670

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 159

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Талдыкоргане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2829

2670

159

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube