Қолдану көрсеткіштері
Кеналог® 40 ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған.
Буын ішіне қолдану: буындардың ауыруын жеңілдету, ревматоидты артритпен және остеоартритпен, қабыну компонентімен байланысты ісіну мен буынның қимыл шектелісін азайту үшін; сонымен бірге бурситте, эпикондилитте, тендовагинитте.
Бұлшықет ішіне қолдану: жүйелі кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу қажет болғанда: аллергиялық жай-күйлер, мысалы, бронх демікпесі, маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит. Маусымдық аллергияда дәстүрлі емге жауап бермейтін пациенттер бұлшықет ішіне бір реттік инъекция алған бүкіл кезең ішінде симптомдар ремиссиясына жете алады; эндокриндік бұзылыстар, мысалы, бастапқы немесе салдарлы адренокортикальді жеткіліксіздік. Коллагеноздар, мысалы, демеуші еммен ЖҚЖ жекелеген жағдайларының немесе жедел ревмокардиттің өршу кезеңінде; дерматологиялық аурулар, мысалы, сулы бөртпе, ауыр дерматит және Стивенс-Джонсон синдромы; ревматизмдік, асқазан-ішектік немесе тыныс алу бұзылыстары − қысқа мерзімді қосымша ем ретінде; гематологиялық бұзылулар, мысалы, жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолиздік анемия; ісік аурулары, мысалы, лейкоз және лимфомаларды паллиативті бақылау; бүйрек аурулары, жедел интерстициальді нефрит, аздаған өзгерістері бар нефроздық синдром немесе жегілік нефрит сияқты.