Қолдану көрсеткіштері
- сыдырылу, сызаттар, аздап кесілген және тырнап қанаған, жарылу, жеңіл күйік сияқты инфекция қаупі бар шағын жараларды өңдеу және емдеуде
- терінің инфекция жұқтырған беткейлік зақымдануларында
- бала емізу кезеңінде емшек ұшының жарылуында
- созылмалы жараларда, мысалы, тізенің трофикалық ойық жараларында, ойылуларда, сондай-ақ операциялық жаралар кезінде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- зақымданған дабыл жарғағына жағуға болмайды
- ауыр, терең және қатты ластанған жара жағдайында (мұндай зақымданулар дәрігердің араласуын қажет етеді).
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Көзге, құлаққа және шырышты қабықтарға тигізіп алмау керек, ішке қабылдауға болмайды (қателесіп көп мөлшерде ішке қабылдап қойған кезде бірден дәрігерге көрінген жөн). Аумағы үлкен, қатты ластанған және терең жаралар, сондай-ақ тістелген және шаншылған жаралар дәрігердің араласуын (сіреспе қаупі) қажет етеді. Егер біршама уақыт бойы жараның өлшемі үлкен болып өзгеріссіз қалса, немесе жара 10-14 күн бойы жазылмаса, онда дәрігерге қаралу керек. Бұл жараның жиектері қалыптан тыс қызарған жағдайда да қажет, жара кенеттен ісіп кетеді және қатты ауыруы немесе зақымдануы қызбамен (сепсис қаупі) қатар жүреді. Кремді инфекция жұқтыруға (мысалы, күнге күю) бейім емес тері тітіркенулерін емдеуге пайдаланбаған жөн. Терінің бір бөлігіне жиі жағу тітіркенудің пайда болуына әкелуі мүмкін. Препарат шағын жараларды өңдеуге және емдеуге арналған, көп мөлшерде жақпаған дұрыс.
Жергілікті тері реакциялары мен жанаспалы дерматиттерінің даму қаупінің жоғарылауын ескеру қажет, өйткені препарат құрамында 25 мг сусыз ланолин, 36 мг цетил спирті, 24 мг стеарил спирті, 0,2 мг бутилденген гидрокситолуол бар. Сонымен қатар, бутилденген гидрокситолуол көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ықтимал өзара әрекеттесудің сақтық шаралары (антагонизм немесе белсенділігін жою) ретінде басқа антисептиктермен бір уақытта қолданбаған жөн. Хлоргексидин сабынмен және басқа аниондық қосылыстармен үйлеспейді.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Кремді жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде пайдалануға болады. Алайда оны терінің үлкен беткейіне қолданбаған дұрыс. Егер препарат лактация кезінде емшек ұшының жарылуын өңдеу үшін пайдаланылса, бала емізер алдында оны жуып тастау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Кремді алдын ала тазартылған жара беткейіне немесе терінің қабынған бөліктеріне күніне бір немесе бірнеше рет жұқалап жағады. Жараны емдеу ашық тәсілмен де, таңғышты пайдаланып та жүргізіледі.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қажет болған жағдайда.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы емнің көрсетілімдеріне және тиімділігіне байланысты.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Тіпті үлкен дозаларында да декспантенолдың жағымдылығы жақсы және уытты емес. Гипервитаминоз жағдайлары белгісіз. Хлоргексидинмен улану кезінде аминотрансфераза деңгейінің арту жағдайлары сипатталған. Кездейсоқ ішке түсіп кеткенде сіңірілмейді деуге болады. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізіледі.